Ең болмағанда осындай бір зеңбірегіміз болса да, оларға көресісін көрсететін едік. Біздің Спижевой командир артиллерист емес пе еді. Міне, дәл анау мой ны ұзын зеңбіректі Костя командирдің қолына берсе, жауды қыратын еді ғой,— деп оны қостап қояды Серік.
Сережа, ананы қара, машина үстіне темір жол рельсін орнатып алыпты. Көпір салуға керек шығар,— деді Борис артиллеристердің тағы бір колоннасы өз тұстарына қатарласа бергенде.
Ол темір жол рельсі емес. Партизан болсаң да осы уақытқа дейін «катюшаны» білмейді екенсің,— деді артқы жақта тұрған бір мұртты солдат. Борис солдатқа жалт қарап, ыңғайсызданып қалды да, қы- зыл ленталы қара кепкасын түзеп киіп Серікті түртіп қалып:
«Катюша» дейді. Міне ғажап! Ңалай атады. рельс сияқты темірлерінен басқа ешнәрсесі жоқ,— деді.
Қалай ататынын Серік қайдан білсін? Ол да «ой ғажап» деп таңырқағаннан басқа ештеңе айта алған жоқ. Сөйтіп тұрғанда оң жақтағы үлкен ақ үйдің қақ пасынан бір кіші лейтенант шыға келді де, Сэрікке қп рай қалды. Серіктің көзі кіші лейтенанттың қарақат тай көзіне түйісіп кеткенде, ол ұялып, қысылып қал ды. Кіші лейтенант Серіктің жанына жақындап келіи:
Сен қазақпысың? — деп сұрады орысшалап Серік сәл кідіріп қалды да, Бориске қарады. Бори «Кім екеніңді айт» дегендей, басын изеп күлді. Сер кіші лейтенантқа қарап:
Иә, қазақпын,— деді орысшалап.
Ңазақ тілін білемісің? Мен де қазақпын,— деп кіші лейтенант Серікке жақындай түсті.
Білемін,— деп, Серік енді қазақша жауап бзрд; Серік басынан кешкен оқиғаларын түгел айтып берд Серіктің өмірі кіші лейтенантты таңқалдырғандай бо ды. Ол бала партизанның әңгімесін тебірене тұрь і тыңдады. Сонсоң кіші лейтенант Серіктің иығына к лын салып тұрып: