Үлы Отан соғысының батыр- лары Талғат Бегелдинов пен Сағадат н үрмағамбетовке, Ба- уыржан Момыиіүлы мен Ра- хымжан Қошқарбаевңа, ңаһар- ман партазандар Әди Шәріпов пен Тоңтағали Жәнгелдинге


беттеді, олардың соңынан отряд командирлері мен комиссарлары да штабқа кірді



бет372/395
Дата26.12.2023
өлшемі0.57 Mb.
#488075
1   ...   368   369   370   371   372   373   374   375   ...   395
Jau tilinda 2

беттеді, олардың соңынан отряд командирлері мен комиссарлары да штабқа кірді.
Партизандар құрамасы басқыншылардан азат етіл- ген Переяслав ауданының Шобитки, Пологи-Вергуны деген екі селосында дем алуға орналасты. Бұл селолар- дан майдан линиясына айналған Днепр өзені жиырма бес шақырымдай. Немістер өзеннің оң жағына, біздің Ңызыл Армия сол жағына барып бекінді. Екі жақ армиясының алдыңғы шебін бөліп тұрған осы Днепр. Жау өзеннің оң жағына бекініп, судың батыс жағасы- ның орман басқан дөңестің стратегиялық артықшылы- ғын пайдаланып, сонда тұрып қалмақ. Бұл қарманған- да қолдарына ілінген ақырғы талы екенін білді жау. Мұнан айырылса, үріккен қойдай дүркірегеннен-дүр- кіреп қашатыны сөзсіз. Ондай халде қайда барыг, тоқ- тары белгісіз. Сондықтан, соңынан тарихта Букрин плацдармы деп аталған бұл жерге жау барлық күшін салып, бар техникасын төгіп бақты. Бірақ бұларды өкшелеп қуып келген Ңызыл Армия майданы да осал күш емес еді. Олар маршал Малиновский басқарған даңқты үшінші Украин майданының жауынгерлері. Кәрі Днепрдің астымен де, үстімен де өтіп шығып, жауды тас-талқанын шығарып, қасиетті Украин жері- нен қумақ. Совет жерін, уақытша жау қолында қалған совет адамдарын азат етпек.
Алдымен Днепрден өту керек еді. Одан Чапаев атындағы партизан құрамасының үшінші отряды ат- танды. Партизандар өздерінің күні бұрын жасырып қойған қайықтарымен бірінші болып Григорьевка село сының сәл төменгі жағынан түнде өтіп шығып, судың арғы жағына бекініп, Қызыл Армияның жаяу әскер бөлімшелерін жасырын өткізе бастады. Көп кешікпей жау сезіп қойып. Днепр үстінде аспалы жарық ракета- ларын тастап, өзен бойын бомбалады. Өзеннен өтіп үл гірген Ңызыл Армия бөлімдері мен партизан отряды Григорьевка, Луковец және Зарубенцы селоларына ба- сып кіріп, одан жау әскерлерін қуып шығып, жаудың көптеген танкалары мен машиналарын қолға түсірді- Сол кезде Ңызыл Армияның танкалары мен ірі құра- малары да өзеннен өтті. Шешуші айқастардың бірі басталып кете барды.
Анна Ивановна Шобитки селосындағы бір шал мен кемпірдің үйіне орналасты да, кішкентайлар тобында-




ғы Борис пен Серікті өз жанына алды. Селода парти- зан отрядынан басңа екінші эшелонға қарасты бір ар- тиллерия полкы тұр еді. Өмірдің қиыншылығын көріп қалған ана «балаларымнан айрылып қалармын» деп, Серік пен Бористі жанынан шығармайтын болды. Ана ойы он, санасы сан бөлек. Не істеу керек? Ңайда бару керек? Өз үй-іші болса анау, комиссар майданға кет- келі хабарсыз, үй дүниелігі болса эшелонда өртеніп кеткен. Өзінің туған үйінің жайы да белгілі. Фашистер әкесін өлтіріп, үйін өртеп жіберген. Ңазіргі үстеріндегі бір қабат тозығы жеткен киімдерінен басқа ешнәрсесі жоқ. Баста пана, үсте киім, оның үстіне ішер ас бол- маган соң, қиын ғой! Соғыс болса мынау, әлі аяқталар емес. Ана осының бәрін ойлайды. Біресе өзінің туған еелосына барып ағайындарына паналағысы келеді, бі- ресе Киев қаласына барып, жұмысқа орналасып, екі баланы оқытпақ болады. Осы екі ойының қайсыеына бел байласа да, туған жер басқыншылардан түгелдей азат етілгегше, осы жерлердің бірінде тұра тұруға, әлі де жаумен күресуге тура келер деп те ойлады. Сондық- тан да Анна Ивановнаның ешқайда асыққысы да кел- меді. Үй иелерінің көңілін тауып тұра берді.
Отряд қатардағы партизандарына документ беріп, армия ңатарына жіберді. Кейбіреулері жау тылына қайта ұшыл кетті. Кейбір бұрынғы партия, совет қыз- меткерлері жаудан босаған жерлерге қызметке жібе- рілді. Отряд жүмысын ңорытып, Украинаның Орталык Партия Комитеті алдында есеп беруге, құрама коммис- сары бастаған он шақты адам ғана қалды.
Бір күні есік алдында жүрген Борис пен Серік жоқ болды да кетті. Анна Ивановна зәресі ұшып, есі кетті. «Қара басып, екеуінен де айырылған екенмін»,— деп оилады ана. Екі өкпесін қолына алып, көшеге жүтіре шықты. Селода әскерлер көп еді. Біреуді біреу біліп болар емес. Селода тұрған әскери бөлімнен басқа село аРҚылы майдан шебіне қарай өтіп жатқан әскерлер Қанша десеңші. Тіпті майдан жақтан жаралы жауын- герлерді тиеп, шығысқа қарай ағылып кетіп жатқан машпналар мен арбалар да көп. Анна Ивановна бала- лаРын іздеп осы көпке араласып кете барды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   368   369   370   371   372   373   374   375   ...   395




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет