Атың кім? — деді.
Аты Сережа,— деді Борис...
Жоқ, атым Серік, партизандар Сережа деп атай- ды,— деді Серік қазақшалап.
Ал Серік, Боря, жүр біздің штабқа барайық. Сендерді штаб бастығымен таныстырайын,— деді кіші лейтенант. Серік пен Борис барарын да, бармасын да білмей тұрып қалды.
Жүріңдер, партизандар осындай бола ма екен? Ұялмаңдар, жүріңдер,— деп, кіші лейтенант екі бала- ны қолынан жегектеп үйге қарай жүрді. Екеуі біріне бірі қарагі жымиып күлді де, үйге қарай кете барды.
Менің атым Мұқан, штабтағылар Миша дейді. Біздің штаб бастығы өте жақсы адам. Балаларды, әсі- ресе партизан балаларды жақсы көреді. Қазір сендер мен әңгімелеседі,— деп, кіші лейтенант екі баланы сөз^ ге айналдырып үйге кіргізді. Алдыңгы бөлмедегі үш столды жағалай отырған офицерлер Серік пен Бористі көргенде: «Мыналар партизандар гой. Бұларды қай дан тауып алдың, Миша!» — деп бәрі дабырлай сұ расты.
Міне, екеуі де партизан. Чапаевшылар,— деді кіші лейтенант.
Жоқ, біз примаковшылармыз,— деді Борис.
Чагіаев атындағы партизан құрамасында бол- дық дегендерің қайда? — деді Мұқан.
Сол құрамада болдық. Бірақ біздің командирі- міз Примак Иван Кузьмич. Бізді примаковшылар деп атайды,— деп жауап қайырды Серік.
Ә, онда жарайды, примаковшылар. Мынау Сережа Мергенбаев менің жерлесім. Ал, мынау оның қанды көйлек жолдасы Боря Савченко. Біздің штаб бастығының жерлесі болу керек, фамилиясына қара- ганда,— деп таныстырды балаларды штабтағы жол- дастарына кіші лейгенант.
Неге шулап кеттіңдер?—деп сол кезде төргі бөл- менің есігін біреу ашып жіберді. Есіктің арғы жағынан бір алпамсадай қара торы, ұзын адам шыға келді.
Достарыңызбен бөлісу: |