Ал, күндіз қайда болуды қолайлы деп санай- сыз? — дедім Иван Кузьмичтің сөзін бөліп.
Бұл селода күндіз қалуға болмайды. Оны өзде- ріңіз де жақсы білесіздер. Егер, біз жаяу болсақ, онда қалуға болар еді, ал мына пар атпен өзіміздің адамдар- дың үйіне паналау өте қиын. Паналап жаманшылыққа кездескен күнде, біз өзіміздің ондағы еңбегі сіңген адамдарымыздан, тіпті басқа аудандағы адамдары- мыздан да айрылуымыз мүмкін. Меніңше бұл жұмыс- ты көңілдегідей орындасақ, Кулешовка хуторына же- тіп, сонда болайық. Осы хутордан басқа қолайлы жер жоқ.
Мен де осы пікірде едім,— деді штаб бастығы
Иван Кузьмичтің сөзін мақұлдап. Штаб бастығы ага лейтенант Федор Нагайцев осы селода тоғыз жерден жараланып, қоршауда қалған-ды. Сондықтан да На- гайцев село жайын жақсы білетін. Ол біраздан соң Иван Кузьмичке:
Ол селоға жасырын кіру қиын,— деді,— хутор- дың біз кіретін жағында жауыз Среданың үйі бар.
Средаң кім?
Ол — кулак. Жер аударылған екен. Барған же- рінен қайтып, қазір елге лаң салып, «күнім туды» —- деп жүр. Ол жауыздың кесірінен біздің бірнеше адам- дарымыз қаза тапты.
Ңұртатын ит екен ғой.
Я, қүртатын. Ол біздің хуторға келгенімізді сез- се, немістерге хабарлауы сөзсіз.
Былтырғы жылы осы хутордан бір комеомолец Исан Гаман деген жас жігітке жолығып едім. Ол анық біздің адам. Сол адамның үйіне бара алмаймыз-ау.
Ол адамды мен жақсы білем, оны түнде үйінен таба алмаймыз. Ол түнде дамыл таппай жұмыс істейді.
Осы кеңеспен түнгі сағат бірде Македон селоеына келіп кірдік. Түнде село тынышын алған немістер се- лоның әр жерінде дүркін-дүркін мылтық атып, иттерді шулатуда. Байқаймыз, біз жүретін жолдан олар қа- шықта.
Селоның арғы шетіне өтіп, келіскен жерге арбаны екі адаммен тастап, Примак, Попов үшеуміз осыдан жыл жарым бұрын жерге көміп тастаған оқ-дәріні іздеуге кірістік.
Достарыңызбен бөлісу: |