Жаудың огы жаңбырша жауды.
Мен жаралымын,— деп пулеметчик Василий Хлопов арбаға құлай кетті. Пулеметті Иван Кузьмич Примак алып, арбаның артына бұрылып, анда-санда оқ жіберіп келеді.
Хутордың ортасына келгенімізде барлығымыз бір- дей арбаның үстінде отыруымызға мүмкіндік болмады. Комиссар Михаил Витряк екеуміз арбадан ңарғып-ңар- ғып түстік те, жүгіре жүріп атыстық.
Хутордан жүз метрдей шыққанымыз мұң екен, оқ екеуміздің артымыздан борап кетті. Жан-жағымыздан
ызылдап ұшқан мылтықтың оғы алды-артымызды орап алды.
Ал, комиссар, аналар тоқтап тұр екен, жүире- йік>_ дедім артыма қарап.
ЯСүгірмейін деп қелем бе, оқ тиіп жүргізбей ке-
леді,— ДеД*-
Жүгіріп келіп, жарадан жүре алмай келе жатқан Витрякті қолтықтап арбаға қарай жүгіріп келем. Ар- тымыздан бораған оқ жаңбырша жауды. Сол кезде Иван Кузьмич пулеметті арбаға төсеп қойып хуторға қарай оқ ата бастады. Енді артымыздан да, алдымыз- дан да зулап ұшқан оқ бет қаратпайды. Терең жыр- тылған жолсыз далада жүре алмай келеміз.
Витрякті жеткізіп Хлопов екеуін арбаға жатқыз- дық та тағы алға қарай жүрмек болдық. Бірақ арба- ның дөңгелегі жыртылған жердің топырағына батып жүре алмады.
Иван Кузьмич жаралыларға абыржи қарап:
Вася, жүгір, жол ізде,— деп Мироновка жаққа қарай қолын сермеді. Ойлануға уақыт жоқ. Мен жүгі- ріп жол іздедім. Соңымнан жаңбырша жауған оқ. Жанталасып Поток селосына қарай жүгіріп келемін. Жол жоқ. Бір кезде артыма қарасам, жолдастарым сол жақтан жол тауып шығысқа қарай шауып барады екен. Тоқтадым да оларға біраз қарап тұрдым. Сол шапқан бойы олар кезең асқанға дейін жау оғы құйын- датып шығарып салды. Арбадағылар кезең асып кет- кеннен кейін жау маған оқ атқанды тоқтатты. Барлы- ғы артымнан шұбырып келеді. Маған енді қашар жер, қашып құтылуға шама да жоқ. Алға қарай қашсам екі километр жерде Поток селосы бар. Онда да жау бар, ал онан ары Мироновка — онда неміс гарнизоны бар, ал артымда келе жатқан жендеттер анау! Жаудың оқ атпауына қарағанда жау мені тірідей қолға тү- сірмек.
Достарыңызбен бөлісу: |