Май айының таң қараңғысы іздегенімізді таптырар емес. Бір сағат іздеп зорға дегенде үш темір жәшік таптық. Македон селосынан шығып Кулешовка хуто- рына жүріп кеттік
Май айының таң қараңғысы іздегенімізді таптырар емес. Бір сағат іздеп зорға дегенде үш темір жәшік таптық. Македон селосынан шығып Кулешовка хуто- рына жүріп кеттік. Среданың үйін алыстан айналып, көздеген сарайға келіп кіргенімізде таң да атты. Штаб бастығы үйдің иесін әйелімен сарайға алып келді. Үйдің иесі өңі қашып, сарайдың қақпасынан кіре беріп:
Неміетер білсе қайтем? — деді бізге қарап.
Білмейді.
Көршілер айтып қоймаса? Партизанды жақтамайтын көршілерің жоқ. Бұл көршілеріңді мен жақсы білем. Қорықпа, жаның тәтті
екен. Майдандағы қан төгіп, Отан үшін ңұрбан болып жатңан жауынгерлерден артыңпысың? Бізбен бірге өлесің. Бәріміз де Отанның ңұрбанымыз. Сен әлдеқа- шан біздің ңатарымызда жүретін адамсың,— деп үй иесіне ала көзімен ңарады да, штаб бастыгы темір жә- шікті бұзып, оқ алып жатқан біздің қасымызға келді. Пулеметті тазалап отырған Иван Кузьмич:
Бері келіңіздер,— деп үй иелерін жанына шаңы- рып отырғызды да, село жаңалықтарын сұрай бастады. Иван Кузьмичтің сұрауына жауап беріп отырғандар әрңайсымызға кезек ңарап, ңысқа жауап берумен отырды. Барлығымыз да мылтық тазалауды қо. га алдық.
Осы, күткән қауіп жақындады-ау деймін. Тың- даңдаршы, бөтен дауыс естіледі.
Барлығымыз да мылтығымызды қолымызға алып, сарайдың бұрышына барып тыңдай қалдық. Сөздері анық өстілмегенмен, күбірлеген дауыстары немістердің сөзіне ұқсайды.
Йемістер, тура осында келеді. Мұнда тоқтау мүмкін болмады. Жегіңдер, атты жегіңдер! — деп бұй- рық берді Примак. Біз арбаға отырған кезде ол үй ие- леріке:
Соғыңдар аналарды! — деп Иван Кузьмичтің даусы саңқ ете түсті. Сол-ақ екен, пулемет даусы мен мылтық даусы хуторды басына көтерді! Сұлыға тойып, шиыршық атқан пар ат арбаның дөңгелегін әр жерге бір-ақ тигізіп дедекгете жөнелді.