Жоқ. Ңазір мектеп жабық қой, боспын,— деп жауап қатты бейтаныс адам Иван екеумізге алма-ке- зек қарап.
Бос болсаң тым жақсы, пистолетті босқа ұстап жүргенше, партизан отрядына неге бармайсың? — де- дім мен сөзге араласып. Бізді полиция деп қалды ма, әлде шынын айтты ма, әйтеуір:
Пистолетті партизан отрядына бару үшін ұстап жүрген жоқпын, әлгінде жолдан тауып алып едім, пар- тизандарға кім барсын, тәйірі,— деп салды әлгі адам шімірікпестен.
Оның бұл сөзіне шыдай алмай, Иван оған жұды- рығын түйш теніп жақындап та қалды. «Тоқта, сабыр ет» дегендей белгі бермегенімде, Иван оны тұмсықтан сүйкеп өтетін бе еді, әлде қайтетін еді?!..
Партизандарға неге бармаймын дейсің? Өз Ота- ныңды қорғағың келмей ме әлде? Мұғалім көрінесің
өзің. Мұғалім түгіл оқушы пионерлер де Отаны үшін қан кешіп жүр емес пе? Партизан отрядын өзің ұйым- дастырып, басқыншыларға қарсы күрестің алдыңғы сагіында жүретін адам емессің бе? — дедім мен дау- сымды көтере сөйлеп.
Семьямды қайтем? — деді әлгі, біраз үндемей тұрып барып.
Партизандар қатарында жүрген адамдардың семьясынан сенің семьяң артық па екен? Семьяңды тастар жерің болмаса, оларды да ертіп ала бар. Бар- лық семьясымен жүрген партизандар аз дейсің бе? — деп Иван тағы да төнді оған.