Енді өзіміздің тұсымызда сапта тұрғандар: «Хайль Гитлер!» деп, мылтықтарын оң қолдарымен жоғары кө-
теріп дауыстай бастаған кезде Юзик, Куштан — үшеуі- міз саптың алдына жетіп бардық. Командирі сапта тұрған «солдаттарына» команда берді де, немістің май- ор шенінде офицер мундирін киіп тұрған Юзиктің алдына келіп сіресіп тұра ңалды. Неміс тілінде оған рапорт бере бастады. Юзик «рапортыңның керегі жоқ» дегендей ңолын сермеді де, не дерін білмей қалшиып тұрған неміс офицерінің белбеуіндегі кабурын ашып, пистолетін суырып алды. Офицерде үн жоқ. Сосын Юзик сапқа бұрылды да, команда берді. «Солдаттар- дың» алдыңғы қатарда тұрғандары алға бір аттап шы- ғып, мылтықтарын жерге қойды да, орындарына шегі- ніп барып қайта тұрды. Екінші қатарда тұрғандар да солай істеді. Офицерлер мен жасөспірімдерді алып ке- ліп сапқа тізді. Оларды үйретіп жүрген үш неміс офи- церін де ала келді. Куштанға қарап, сөйле дегендей басымды изеп қалдым.
Жеңілмейді деп айқайлап жүрген фашист ар- миясьі барлық майдандарда орасан шығынға ұшырап шегініп келеді. Әділеттік үшін күрескен Совет мемле- кеті, оның айбынды Ңызыл Армиясы алдында Гитлер армиясының тізе бүгуі сөзсіз. Ол күн алыс та емес. Ев- ропа халқын азат етуші Қызыл Армия Карпат тауына келіп жетті. Бізді азат етер күн жақын. Қазір үйді- үйлеріңе тараңдар. Енді немістердің қолына түепеңдер! Олар Германияға құлдыққа айдап өкетеді. Мал-мүлік- теріңді тығыңдар. Туған-туысңандарыңа да ескертің- дер. Сақ болыңдар! Осы төңіректегі ормандардың бәрін- де партизан отрядтары бар, соған барыңдар! — деді Куштан Закарпат украиндықтары тілінде. «Партизан» деген сөзді естігенде неміс офицері елең ете түсті де, аппақ қудай болып кетті.
Міне, өз армиясының жеңілетініне көзі жеткен, Гитлер Германиясының басқыншылық ниетпен әділет- сіздік соғыс ашқанын түсінген мына саналы неміс офи- цері өз үкіметіне қарсы шығып, орыс партизандары- мен бірге жүр,— деп, Куштан Юзикті нұсқап сөзін жалғады.— Бұл кешегі неміс офицері, қазір бақытты болашақ үшін күреседі. Сендер де фашистік ңара күш- ке қарсы шығуларың керек. Қазір тез үйді-үйлеріңе, село-селоларыңа тараңдар,— деп аяқтады ол сөзін. Жасөспірімдер өзара дабырласып сөйлесіп, көңілдене түсті. Кейбіреулері саитан шығып үйді-үйлеріне бет ал-
ды. Енді біреулері: «Партизандарды қай жерден табу ға болады? Олар бізді қабылдай ма? Біз орыстың тілін білмейміз ғой, олармен қалай сөйлесеміз?» деген сияқ- ты сұрақтар беріп жатыр Куштанға. Куштан олармен әңгіме өткізіп болғанша офицерлердің пәтерлерін, оқу корпусын тінтіп, көптеген қару-жарақ, ұсақ калибрлі мылтықтың оқтарын қолға түсіріп, таң ата селодан шығып кеттік.
Отрядты Карпат тауының күңгей жақ беткейіне шығарып, лагерь құрдық. Айнала қорғаныс жасап, құ- пия күзет орындарын ұйымдастырдық. Қауырт әрекет жасау үшін Перечень темір жол станциясы, Мукачево мен Ужгород қалалары бағыттарына барлаушылар жібердік. Закарпатье жерінде егінді аз егеді де, жергілікті халқы астыққа тапшы болады екен. Күн көрістері — бірлі-жарьш сиыр, ұсақ малдарының сүті мен картоп, жүгері ұны. Азын-аулақ астықтарын басқыншылар, жергілікті жандармдар тінтіп алып қойса керек. Басқыншылардың әскери бөлімдері мен комендату- раларынан басқа отрядты қамтамасыз етерліктей азык- түлік ала қоятын жер де жоқ. Байырғы халқы өте ке- дей тұрады. Ішінара келімсек неміс, венгер чиновник- тері гана ауқатты, ішіп-жемге мол. Олар жергілікті Карпат украиндықтарынан жинаған алым-салықтар- мен әбден байып алған. Бұлар жандармдармен ауыз жаласып, оның үстіне басқыншылардың әскери бөлім- деріне арқа сүйеп партизандарға қарсы күрес жүр- гізеді. Біз де азық-түлікке тарыға бастадық. Күн көрісіміз ет, шошқа майы, кромпель (Закарпат украиндықтары картопты осылай деп атайды). Шошқаның майы бол- маса ет ұзаққа шыдамайды, күн ысыса бұзылын иіс- теніп кетеді. Отрядтағы аттарды да бір-бірлеи сойып жеп тауыстық. Енді жергілікті астыртын ұйымдар жи- нап берген шошқаның майымен ғана күн көруге тура келді. Бірде Куштан екеуміз жанымызға әр взводтан төрт- бестен адам ертіп бұғы аулауға шықтық. Алақарақтан тұрып, таудың күңгей бетіндегі бұлақтың екі жағына бөлініп жасырынып жата қалдық. Күн көтеріліп, әбден
қызған кезде бір топ бұғы шығые жағымыздағы жар- тас жаңтан жайылып келіп, біз жатңан бұлаққа бас қойды. Бірақ бәрі бірден суға бас қойған жоқ. Тарам- тарам арбиған мүйізді үлкен біреуі басын такаппар- лана көтеріп, жан-жағына қарап тұр.
Бұл бұқасы. Басқалары су ішіп болғанша ол кү- зетте тұрады. Өте сақ аң,— деді Куштан еңбектеп жа- ныма келіп. Шынында басқаларын күзетіп тұрғандай, әлгі бұғы басын жерге салалар емес. Бірақ басқалары да судан басын алмай ішіп жатқан жоқ. Суды құсша жиі-жиі басын көтеріп, тамсанып ішеді екен.