Міне, Данил Артемович екеуміз Василий Ивано- вичті үйінен таптық. Ол әуелі өз көзіне өзі сенбегендей аңырып тұрып қалды. Содан соң шап беріп құшақтай алып, бетімнен сүйе берді... Рас, екеуміз де бір-біріміздің тірі екенімізді білмеу- ші едік. «Ңырық жыл қырғын болса да, ажалды өле- ді»,— деген осы екен! Екеуміз 1941 жылдан бастан Ржищев, Переяслав, Мироновка аудандарындағы астыртын ұйым жұмыс- тарына қатыстық. Одан Чапаев атындағы партизан құрамасын ұйымдастырып, басқыншыларға қарсы бел шешпей күрестік. Сол бір күндерде екеуміз талай-та- лай қауіпті де қатерлі операцияларды тізе қоса жүріп өткізген едік.
Мауқымызды басып, жайланып отырған соң, өткен оқиғаларды еске түсіре бастадық... Иә, біз орманға елден бұрын шығып кеттік те, жер- гілікті адамдардың көбі астыртын жұмыс істеу үшін, уақытша селоларда қалып қойды. Солардың бірі бо- лып ерекше тапсырмамен Бутенко да өзінің туған се- лосы Ромашкада қалған еді. Бір айдан кейін «Бутенко жандармдардың қолына түсті» — деген хабар алдық. Сол күні оны босатып алу үшін қасыма бір топ парти- зан ертіп, Ромашка селосына аттандым. Селоға күн бата келіп, шеткі бір үйден село жайын сұрастырдық. Үй иесі: селода төрт жандарм, екі по- лицай бар екенін, Бутенконы бұрынғы мектепке қа- мап, кешеден бері жауап алып жатқанын және Бутен- кодан басқа да екі-үш адамның қамалғанын айтты. Біз бірден мектепке ұмтылдық. Тұтқиылдан тиісіп, жандармдар мен полицайларды қолға түсірдік. Екі жандарм оққа ұшты. Сөйтіп, тергеуден кейін сотсыз атуға ұйғарылған Василий Ивановичті осылай босатьш алған едік. Ол одан кейін де Отан үшін басын талай қатерге тіккен-ді. Сол қатердің ең қауіптісі жау тылы- на аттанған соңғы сапары болатын.
Ал, Вася, қалай аман қалдың? Жігіттер қалай қаза тапты? — деп сұрадым мен Бутенкодан.
Айтпа, жан түршігерлік жағдайға кездестік,— деп ауыр күрсініп алды Василий Иванович басын шайқап.