Әйтеуір құлайтын болған соң, қолымдағы нәр- селерімді тастай берем де, екі қолымды бір-ақ көтере- мін. Ңұлаған соң адал құлау керек,— деп күледі.
Жұмекеңнің үйіне келдік. Тар, бір бөлмелі ғана үйі бар, Катя жеңгей босанып емханада жатыр екен. ¥л тауыпты. «Менің семьяма тағы бір партизан қосылды» деп Жұмекең осы Марат деген баласының туғанына қатты қуанды. Ертеңінде ертемен «Социалистік Ңазақстан» газе- тіне телефон соғып Асылды үйіне шақырды. Асыл кел- ді. Амандасып болған соң:
Келін, Украинаға кетерде хатыңды ала кетпей, сенің алдыңда айыпты едім. Сол айыбымды ақтайын деп мына Ңасымды украиндықтармен айтысып жүріп алып келдім. Енді бақытты болыңдар,— деп Асыл екеумізді қол ұстаттырды. Осылай мені аман-есен алып келіп туған-туысқандарыма қосты.
Жұмекең өзім дегенге жаны таза, адал дос еді! Со- гыстан кейін Алматыда жүріп екеуміз бір мәселеден өкпелесіп қалдық. Содан екі-үш күндей көріспей кет- тік. Бір күні Фурманов көшесімен келе жатсам, көше- нің екінші жағында Жұмекең келе жатыр екен. Мен тіл қатпай, ілгері қарай жүре бердім. Тұсынан өтіңкі- реп кеткенімде:
Ңасым, әй Қасым! — деп мені тоқтата қойды да,— бері кел! — деп, жанына шақырды. Бардым.
Қасым, сен менен берік екенсің. Мен сені сағы- нып қалдым! Ұрыссақ та бірге жүрейік! — деді Жұме- кең маған елжірей сөйлеп. Содан былай сол ардақты адамнан, сол адал жаннан мен жұбымды жазғам жоқ.
УКРАИНАНЫҢ ХАЛЬЩ БАТЫРЫ 1943 жылы ондаған партизан құрамалары мен от- рядтары жау тылынан шықты. Солардың бірі болып, марқұм Иван Кузьмич Примак басқарған біздің Чапаев атындағы партизандар құрамасы да айбынды Ңызыл Армияға келіп қосылды.
Киев ңаласына орналасқан Украинаның Орталың партизандар ңозғалысы штабы жанындағы ңұрама, отряд командирлеріне арналған демалыс үйінде жат- қанымызға он шаңты күн болған. Көптеген коман- дирлер тынығып, дем алғаннан кейін ңайтадан жау тылына ңарай аттанып жатңан. Ал денсаулығы нашар, жасы егде тартқан командирлер мен комиссарлар пар- тия, совет ңызметіне ңалдырылып, неміс басңыншыла- рынан азат етілген аудандарға жолдама алып жатңан болатын. Солардың ішінде жауға сан дүркін ойран сал- ған, Путивильден сонау Карпат тауына дейін барған, Совет Одағының батыры атағын екі рет алған генерал- майор Сидор Артемович Ковпак та бар еді. Біраң өзі- нің бұрынғы серіктерін жау тылына түгел аттандырып болғанша Сидор Артемович партизандар қозғалысы штабынан шыңңан жоң. Күн сайын жау тылына ұша- тын, немесе жау тылына майдан шебі арңылы өтетін отрядтардың командирлерін ңабылдап, оларға керек деген кеңестерін беріп, сәтті сапар тілеп отырды. Сол күндердің бірінде маған да Үлкен жермен ңоштасар мезгіл жеткен еді. Отрядымды алыс та ңа- терлі сапарларға дайындап болған соң, аяңдап Сидор Артемовичтің жатңан жеріне қарай беттедім. Ковпак демалыс үйінің алдында кителін арңасына желбегей жамылып, өзін айнала ңоршаған командирлерге әлде- бір көңілді әңгіме айтып отыр екен. Бір сәт мені көзі шалып ңалды да:
Немене, «казахский народ» (мені өзі ылғи «ка- захский народ» дейтін еді), саған да кезек кеп қалды ма? — деп орнынан тұрып, жалма-жан кителінің екі жеңін киіп алып, екі иығымнан ңапсыра ұстай алды.