Ол мені қапсыра құшақтап көтеріп алған бойы бір айналдырып жерге түсірді де, бір-екі адым кейін шегі- ніп барып:
лын жайып, күліп тұрып. ✓
Неге танымаймын. Николай, аманбысың! — дедім.
Аманмын, өзің қайдан келдің, көктен түстің бе? — деді ол ентігіп не дерін білмей.
Тағы келіп құшақтап, тағы сүйді.
—_ Жоқ, өзің қайдан келдің? — дедім не дерімді білмей ойламаған жерде кездескен Николайға таң- данып.
__ — Сен қандай қызықсың, Вася! — деп, ол Төлеу- тай мен Аняға алма-кезек қарады.— Бұл Украинаға бара алады да, мен Ңазақстанға келе алмаймын, ол қа- ла^„^ен ^кРаинаға қалай барсаң, мен де Ңазақстанға солай келдім. Болысқалы келдім. Жалғыз өзім ғана келгенім жоқ. Таня да, Боря да келді. (Татьяна әйелі,
Борис жау тылында, партизандар лагерінде туған он ■херт жасар ұлы еді). Жүріңіздер, үйге кіріңіздер, бұл егіс басындағы уақытша тұрағымыз. Совхоз орталы- гынан үш бөлмелі қызыл кірпіштен үй салып жатыр- мын. Таня мен Боря сонда. Кешке үйге барамыз ғой,— деп, Николай сөзбен бастырмалатып бізді вагонға кір- гізді. Вагонға кіріп, стол басына отырған соң Николай өз бригадасының табыстарымен таныстырып тұрып, вагон қабырғасындағы тақтаны нұсқады да:
Күнделік норманы бригада бойынша осылай орындап келеміз. Бұдан былай да арттырмасақ кеміт- пейміз гой, солай емес пе, секретарь жолдас,— деп Аняға қарады.
Әрине,— деді Аня да өз комсомолдарына сене- тіндігін білдіріп. Тақтада 180 процент деген цифр тұрды.
Міне, төртінші бригаданы аралап келе жатырмыз. Машина айдаған жердің шетімен айналып келді де, бірінің соңында бірі жүрген төрт трактордың тұсына келіп тоқтады. Тракторлар да тоқтап, қолдың саласын- дай он шақты жас жігіт бізді күткендей бір жерге топ- танып тұра қалды.
Достарыңызбен бөлісу: |