ПАРТИЗАН БАЙҰЗАҚ ЖАЙЫНДА ЕСІМДЕ ҢАЛҒАНДАР
Байұзақ деген қазақтың партизан отрядына қалай келгені әлі есімде. Оның атын да ұмытпаппын. Өйткені Байұзақ деген аталас ағайым бар еді. Ол жас кезінде сері, халық дастандарын жатқа білетін, өзі әнші бола- тын. Бала кезімде үйге кіре алмай, Бәкең әнін босағада тұрып талай тыңдағаным бар-ды.
«Бейтаныс екі адам әр жерде полицияларды, не- містерді өлтіріп, немістердің жинаған астығын өртеп, астық бастыратын, тазалайтын құрал-саймандарды бүлдіріп кетіп жүр» дегенді еститінбіз. Жұрттың ай- біреу°0**ЫНШа олаР Қ°лға түспейтін, көзге көрінбейтін
Бір күні партизан отряды лагерінің жасырын тос-
10—780
қауылына шақырады деген соң келсем, екі адам ^тұр екен. Бірі денелі қара жігіт те, екіншісі орта бойлы жасы қырықтарды қусырып қалган адам.
Командир жолдас, мына екі адам «Өзіміздің жі- гіттерді іздеп жүрміз» дейді. «Өздерінің жігіттері» кім екенін айтпайды,— деп хабарлады кезекші партизан. Кезекші партизан неміс солдаты формасын киінген еді де, басқа тосқауылда жатқан партизандар бұларға көрінбеген сияқты. Мен де полиция формасын киіп жүретін едім. Енді әлгі неміс формасын киінген тос- қауыл кезекшісінің үстіне мен келген соң, екеуі бір нәрсеге күдіктенгендей біріне-бірі қарап өңдері бұзы- лып кетті.
Ңайдағы жігіттерді іздеп жүрсіңдер? — деп сұ- радым олардан. Екеуі де не дерін білмей қалды.
Ңайдағы, қайдагы жігіттерді іздеп жүрсіңдер,— деп сұрадым тағы екеуіне алма кезек қарап.
Өзіміздің жігіттерді,— деп жасы үлкені маған сынай қарады.
Өздеріңнің жігіттерің кімдер еді?
Өзіміздің жігіттер болады ғой,— деп күмілжіді әлгі үлкені.
Партизандар шығар жігіттерің? Әлде жазалау- шы неміс отрядтарын іздеп жүрсіңдер ме? Власовшы- ларды іздеп жүрсіңдер ме? — деп екеуіне тағы қадал- дым. Екеуі кімдерге тап болғанын білмей тұрғанға ұқ- сайды. Біраздан соң үлкені:
Достарыңызбен бөлісу: |