Міне, соғыстың кесірі осындай болды.
Соғыстың қандай апатқа ұшыратқанын дүние жү- зінің қарапайым халықтары жақсы біледі.
Біз соғысты тілемейміз.
Біз бейбітшілікті сүйеміз. Сол бейбітшілік өмір үшін күресеміз.
ОТАНЫМ МЕНІҢ УКРАИНА
Киев қаласында тұратын ңанды көйлек партизан досым Алексей Крячектен жуырда хат алдым. Ол:
«... Вася, баяғы ¥лы Отан соғысының зардабьінан зақымданған денеме жуырда операция жасады, мен мүгедек болдым... Бірақ мыңдаған совет партизанда- рымен бірге екеуміздің де азды-көпті төккен қанымыз тегін кеткен жоқ. Кешегі басңыншылықңа ұшыраған менің туған Украинам азат етіліп, бүгін, міне, қырьіқ жылдық мерекесін тойлағалы отырмыз...» — деп бас- тап, Украина республикасының мерекесін маңтан ете хат жазыпты. «Менің туған Украинам» деген сөзін оңығанда сәл іркіліп қалдым. Менің жүрегіме Алек- сейге деген туысқандың өкпе ұялай қалды. «Украина сенің ғана Украинаң ба екен! Біздің Украина» деп не- ге ғана жазбадың, Алексей! «Отаным менің Украина!» деп соққан менің тентек жүрегіммен, сен біле тұра не- ге есептеспейсің, әр сөзіңе мән беріп хатты неге байқап жазбайсың?!» —деген өкпелі ой келді. Әрине, Алек- сейдің бұл сөзіне өкпелей қалуым ңаһарлы күндерде қан төккен қасиетті жерді қатты сағынғандықтың әсе- рі болар, бірақ «әрі ңарай не жазды екен?» деп оқы- сам: «... Вася, Украина сенің сүйген Отаның, қырық жылдық мерекеңмен құттықтаймын!...» — деп аяқтап- ты хатын Алексей. Осы соңғы сөйлемін оқығанда ғана манағы өкпелі ойым сейіліп сала берді. Досымның осы хатын оқып отырып екеуміз ңатысқан бір қиян-кескі қанды айқас есіме түсті.
... Үш отряд бірден қатысқан үлкен операциядан кейін көзімізді енді іле бергенімізде фашистердің екі жазалаушы отряды лагерімізге шабуыл жасады. Әр- дайым әзір жататын сақ партизандар жауға қарсы тұ- ра ұмтылды. Көзді ашып-жұмғанша тұтқиылдан тап берген жендеттермен қоян-қолтың ңанды айқас баста- лып кете барды. Айқастың алғашқы бір сағатында екі жақтың да шығыны орасан көп болды. Сұлап жатқан адам денелерінен аяқ алып жүруге болар емес.
Шабуылдың оң ңанатын ойсырата тойтарып таста- ған соң, жүгіріп Проценконың ротасына келсем, екі жақ теңбе-тең түскен жойқын ұрыс болып жатыр екен. Көз жүгіртіп Проценконы, Крячекті іздедім. Көзіме екеуі де шалына қоймаған соң, жан-ұшыра жүгіріп ал-
Достарыңызбен бөлісу: |