Жолдастар, қымбатты жолдастар, ондағыларға сәлем айтыңдар. Жағдай өте ауыр! Мұнда біз Отан үшін барлығымыз құрбан боламыз! — деп теріс қарап бұрылып кетті. Біздің ^.ірғамыз оның сөзіне сөгіліп кеткендей болды. аі тал қанша! Самолет моторы гү([ ете түсті де, екі-үш секіріп ба- рып аспанға көтеріліп кетті. Терезеден жерге үңіліп қараймыз. Әр жерден біздің самолетке жау оқ атып жатыр. «Жау біз тұрған жерге де келсе керек, бірақ ағаш тасасында тұрған біздің самолетке тап болмаған сияқты. ¥шып келе жатқан самолет ішінде жаралы- лардың жарасын таңуға кірістік. Самолетке ең соңы- нан кіргендіктен, самолет есігіне жақын отырмын. Ал- дымда жатңан жаралының жүзіне үңіліп қарасам: Хамзаның взвод командирі лейтенант Михайлов екен. — Жолдас Михайлов, қай жеріңізден жаралы бол- дыңыз? — деп сұрадым. Ол оң қолымен аяқ жағын нұсқады. Екі аяғынан бірдей оқ тиіпті. Етігін шешейін десем лейтенант ауырсынады. Астыңғы ернін қатты тістеп басын шайқайды. «Не істеймін?» дегендей жол- дастарыма қарасам, олар ана екі жаралыны шешінді- ріп жатыр екен. Ол екі жаралыны танымаймын. Олар үлкен командирлер. Біреуі комбриг, енді біреуі төрт шпал таққан — полковник. Мен өзімнің бұрынғы командирімнің жанын алып қалғым келеді. Бірақ қа- лай алып қаламын? Бұрын жаралы адамды кім кез- дестірген? Оң аяғының етігін тағы шешпек болып тар- тып едім, лейтенант ауырсынып қиналып кетті. Сонсоң өткір бәкім бар еді, соны алдым да, ептеп қоншын қы- зыл асығының тұсына дейін тілдім. Етігін әрең деген- де шешіп алдым. Екінші етігін де солай шештім. Шұлғаулары қызыл жоса қан. Сөйтіп жатқанымда жолдастардың біреуі келіп лейтенанттың ауырсынға- нына қараған жоқ, шұлғауларын шешіп, екі аяғының жарасын ақ дәкемен байлап тастады. Етігі жарасын кысып жатқан болуы керек, лейтенант тынышталып қалғандай болды. Енді Хамзаны сұрамақшы болып оның^ ас жағына тізерлеп отырдым да: мірбаев қайда, оны көрдіңіз бе? — деп сұра-
дым. Лейтенант қамыңқандай болып түсін бұзып көзі- не жас алды да: