Барлығы қаза тапты,— деп басын шайқап жы- лап жіберді. Ол тағы бірдемелерді айтты, бірақ само- лет моторының гүрілінен ести алмадым.
Өмірбаев та қаза тапты ма? — деп тағы сұра дым да, оның аузына құлағымды төседім.
Ол екеуміз қатар жатыр едік. Снаряд Өмірбаез тың дәл қасына түсті де, үш-төрт жігітті бірден өлтірді. Мені жаралап кетті,— деді де, қатты тістенді. Мен оты- ра кеттім. Хамзаны өлімге қалай қиярсың? «Өлді» де- генге қалай сенерсің? Сол арада Хамзамен қоштасып, кеудеме қатты басып құшақтамағаныма қатты өкіндім.
Міне сонан бері жиырма бес жыл өтті. Бірақ Хам- заның жарқын бейнесі әлі күні көз алдымда. Оның айтқан армандары әлі есімде. «Елге қайтқан соң, осы бастан кешкен өмірді дастан етіп жазамын» дейтін. Тіпті елге қайтып бара жатқанда жолда Алматыға со- ғып, жазушылар Одағына кіріп, абзал аға жазушылар- ға сәлем беріп, өлеңдер жинағын шығармақшы бола- тын. Соның барлығында мені жанынаы тастамай ертіп жүрмекші еді. Бірақ фашистер оны ол арманына жеткізбеді. Оның жас емірін, үлкен талантын қиып кетті. Жауынгер ақын осылай елінің өскелең өмірін, ту- ған жерінің балауса өңірін жырлай алмай кетті. Арада көп уақыт өтті. Хамзаның анасы қайда екен? Оның апайы қайда? Олардың қолында Хамзаның қаламынан туған не бар екен? Хамзаның туған жері Павлодар облысы, Май ауда- ны сияқты еді. Ондағы Хамзаның жора-жолдастары- ның қолында не сақталды екен? Сол кездегі облыстық «Ңызыл ту» газетінде өлеңдері басылған болатын, оларды архивтен алуға болар. Ал жарық көрмеген ең- бектерін жинастырып жарыққа шығарсақ, жауынгер ақынның жарқын бейнесін есте қалдырар едік. ТАРАС ЖЕРІНДЕ 1943 жылдың жазы болатын. Партизандар сол күн- дердің бірінде Канев көпірі үстінде фашистердің бір отряд байланысшыларын жойып жіберді. Бұл опера-
ция дұшпан үшін әрі күтпеген жағдайда тосыннан, әрі соншалың батылдыңпен жүргізілген еді. Аман қалған немістер әрең дегенде ңашып ңұтылды. Үрейі ұшқан олар Канев ңаласына қашып, күшті қаруланған гарни- зонның қолтығына барып тығылды. Алдарына ңойған тапсырмаларын орындағаннан кейін партизандар да оларды өкшелемей, асығыс өз орындарына оралды. Біз фашистердің кешікпей есін жинап, соңымызға тү- сетінік білдік те, уаңытты бос өткізіп алмауды ой- ладық. — Жігіттер,— деді аяқ астынан Константин Спи- жевой,— жүріңдер, Тарасңа соға кетейік, Кобзарьға тағзым етейік. Канев ңаласынан солтүстікке таман, Днепрдің шұ- ғыл бір шығанағындағы биік төбе басында тұрған Украинаның ұлы жыршысы Тарас Григорьевич Шев- ченкомен мен бұл жерде осылай жүздестім. Бұл кезде- су бас-аяғы бес-алты минуттан асқан жоң. Сөйтсе де ол менің есімде мәңгілік қалып ңойды. Партизан Дмитрий Яковец өзінің әрі ең қысңа, әрі ең маңызды сөзін сол жолы бір сөйлеген еді. Канев үстінде соғыс дабылы ңығылып, әр тұстан атылған оқ даусы естіліп жатқан осы бір сәтте біз бөріктерімізді ңолымызға алып Тарас қабырының басында тұрып, жолдасымыз Дмитрий Яковецтің әлгі сөзін тыңдаған едік.