Не боп қалды? — деп әрі ренжи, әрі дегбірсіз- дене сұрап жатырмын комиссардан.
Тұр! — деді маған Ломако.— Шеткі постыдан белгі беріліп жатыр. Командирлердің бірін шақы- рып тұр.
Арада бір минут өтер-өтпесте-ақ біз сыртқа шығып, орманды аралап постыларға қарай асығыс жүріп кет- тік. Партизан лагері қатты күзетке алынған болатын. Айнала күзет постылары қойылып, бәрінен де жасы- рын белгі беретін сым тартылып тасталған. Командир- дің, немесе комиссардың рұқсатынсыз сырттан парти- зандарға ешкім келмейтін. Постылар сырттан келген бөгде адамдардың бәрін де ұстап, әлгі жасырын тар- тылған сымдар арқылы командованиеге белгі береді. Бұл — қатаң тәртіп. Сондықтан да партизандар арасы на жаудың тіміскілеген тыңшылары өтіп кете алмай- тын. Бұталар арасына жасырын орналастырылған пос- тыларға таянғанда, киімдері алба-жұлба екі адамды ұстап тұрған күзетшімізді көрдік.
Ңайдағы командир? — деп Ломако аңқауси қалды.— Бұл жерде әскер де жоқ, командирлер де жоқ.
Жолдас, тығылыспақ ойнамай-ақ қойсаңшы,— деді жауырынды келген жас жігіт, көзінен от шаша сөйлеп,— біз шынында да ұшқыштармыз, самолетіміз- ді жау атып түсірді, өзіміз немістердің қолына түстік, енді содан қашып шығып, сытылып келе жатқан беті- міз, сіздерге, партизандарға келе жатырмыз...
Мен мұны айтып тұрған жігіттің жыртық комби- незоны астынан «найзағай» курткасын, ал екіншісінің плащынан әскери кителін көріп тұрмын. Әйткенмен, бұлар дәл осы қалпында әскери адамдарға ұқсай да қоймайды. Әлде тұтқынға түскен кезде бұларды фа- шистер жақсылап тонаған болу керек, әлде тұтқында ұзақ уақыт жүріп, киімдерін әбден тоздырған болу ке- рек. Әдетте ұшқыштарга жақсы киім беретінін білуші едім. Олардың формасы басқа әскерлердікінен мүлдем бөлек болатын. Бұларға қалай сенерсің? Жау барынша залым. Ол ұшқыш та болып, басқа біреулер де сияқ- танып келе беруі мүмкін. Бірақ, бұлардың тура, бүк- песіз қарайтын көздерінде әлде-нендей бір жақындық,