ясеріне, халықтың осындай даңқты жыршысын өеірген Украинаға иіліп бас иеміз.
... Соғыстан кейін мен қолыма қалам алып, доста- рымның украиндық партизандардың ерлігі жайында жазбақ болған кездерімде, от басындағы талай шүйір- келескен әңгімелер, мұңды да өжет әндер, Тарастың көп зәбір көрген, жапа шеккен даңқты жері ойыма орала кетеді. Өзім сияқты көп-көп адамдармен бірге мен де Украина жерінде жауға қарсы соғыстым. Ңазір мен өзімнің ұлы Кобзарь ұрпақтарымен бірге жүріп көп ұлтты Отанымызды зұлым жаудан қорғағанымды қисапеыз мақтан етемін.
ҰШҚЫШ ЛАВРИНЕНКОВ
Алдымда бір фотография жатыр. Совет Одағы Ба- тырының қос алтын жұлдызы бірдей жарқыраған кел- бетті генерал маған тура қарағандай қалыппен отыр. Бұл — даңқты ұшқыш, белгілі қол басы. Мен осы су- ретке қарай отырып, өткен бір күндерді еске аламын. Сонда менің көз алдымда айбарлы, ер мұрынды, көзі өткір, қалың қабақты жас жігіт тұра қалады. Менің алдымда енді Володя Лавриненков тұр. Осыдан жиыр- ма жылдай уақыт бұрынғы оқиғалар ойға оралады.
... Днепр бойындағы қалың жыныс, ну орман. Ча- паев атындағы партизан құрамасы осында орналасқан. Айнала жау. Міне, біз онымен ең алғаш осындай жағ- дайда кездееіп едік. Ол ғажап ержүрек жігіт болатын. Отан алдындағы борышын барынша адал, қалтқысыз жүрекпен орындап жүрді. Сол үшін де жолдастары, біздің бәріміз оны мейлінше қатты сүйетінбіз, қадір- лейтінбіз.
Біздің алғашқы танысқан күніміз дәл бүгінгідей әлі есімде. Түнгі операциядан таң біліне оралған мен бірлестік комиссары Емельян Демьянович Ломаконың жертөлесінде демалып жатыр едім. Түнгі жорық сәтті болып, бір адам да шетінемей, отрядіммен түп-түгел тапсырманы орындап оралғанмын. Көңілім жай та- уып, рахаттана қатты ұйқтап кеткен екенмін. Бірақ, бұл жолы да ұйқтауды жазбапты. Әлдекімнің аяғым- ды жұлмалап жатқанын ұйқылы-ояу қалпыммен сез- гендеймін. Партизан дағдысымен пистолетімді ұстай- мұстай қарғып тұрдым.
Достарыңызбен бөлісу: |