Осы сөзді естігенде баланың жүзі солгын тартып мөлдіреген огты көздерінің нұры сөніңкіреп, онан қай- гының ізі сезіле қалды, ол басын төмен салбыратып, ауыр бір күрсінді.
Мен қазір өз жайымды бастан-аяқ баянда- йын,— деді ол жайлап қана.— Менің атым Илько, фамилиям Витряк, жасым он бесте. Әкем коммунист болған. Фашистер біздін Малый Букрин селосына ба- сып кіргенде, сол күні бір опасыздар әкемді немістерге ұстап берді, бұл сұмырайлар менің әкемді, онымен қо- са селоның он бір активін, ең жақсы, адал адамдарын дарға асты, шешем фашистердің қудалануынан құты- лам деп жүріп, минаға жарылып өлді. Менің тарихым осы! Маган сенбейсіңдер ме? Сенсеңдер, мені топтары- ңа қосыңдар!
Сонан соң Илько фашистердің Малый Букринге келгенін, олардың совет адамдарына істеген айуан- дықтарын бастан-аяқ айтты. Ол өз басындағы ауыр қайгыны айта отырып, мөлтілдеп жас толған көздері- мен партизандарға карады, оның басындағы бұл қай- гыға осы отырған бүкіл партизандардың жаны ашып отырғанын ол жақсы сезгендей еді. Осыны сезгеннен кейін ол командирге бауыр тарта жақындай түсті.
Ауыр күрсініп, ол үн-түнсіз отырып қалды.
Басынан кешірген бұл ауыр қасіретті еске түсіру
оның жүрегінің бітпеген жарасын қайта қозғағандай болды. Партизандардың қай-қайсысы болса да жаны жаралы, жүрегі қаяу бұл баланы есіркеп жұбатуға тырысты.
Біраздан соң өксігі басылган ол:
Мен әкем үшін, анам үшін гана емес, басқалар ға істеген зұлымдықтары үшін өш алуга, кек алуға бел байладым. Бірақ мұны қалай істеу керек, ол жерін біле алмай жүрмін. Мен жалғызбын, оның үстіне кіш кентаймын. Әкем мен шешем қайтыс болғаннан кейін он екі күннен соң тосыннан тосын Киевтен зор қиын- шылықпен Малый Букринге менің апам Ганна келген де, менің қуанышым қойныма сыймады. Ол Киевтегі пединститутте оқитын. Сорлы анам Ганнаны көре ал мады, оның келуін соншама күтіп еді. Әкем мен ше шемнің өлімін естігенде, ол қалай егіліп жылады десе ңіздерші. Оның кеудесінде тек шықпаған жаны ғана қалды. Ол көзін бір жерден аудармай, сел қылып жас төкті. Мен оны құшақтап, қолымнан келгенше күні бойы жұбатумен болдым, бірақ ол ләм демеді. Тек қас қарая есін жиды.
•— Көз жасты құр босқа төге бергеннен не шыға- ды, онан түк түспейді,— деді ол әлден уақытта ой лана отырып.— Ңимыл жасау керек, ата мекенімізді аяққа басқаны үшін, біздің туған-туысқандарымыз үшін, әкем мен анам үшін кек алу керек,— деді ол, осы кезде оның әруақытта мейрімді, рақымды көздері тү- неріп, іштегі ызалы ашуды сездіргендей.— Сол кезде Ганна маған бұрынғыдан бір төбе жоғары көтерілген дей көрінді.
Достарыңызбен бөлісу: |