Бес жүз жас өспірім жігіттер мен ңыздар партизан- дарға қосылды. Қалғандары өзді-өздерінің селоларына тарасты. Партизандар паровоздың, темір жолдың кү
лін көкке ұшырды, бар вагонды түгел өртеді. Ңолға тү- сірген барлық олясаларын алып лагерьге ңайта оралды. Қас қарая олар Днепрдің сол жағындағы Хоцкий ор- мандарына өтті. Осы операцияны жүргізу алдындағы барлауда да, сондай-ақ партизандар лагерін көшіру алдындағы бар- лау ісінде де Илько Витряк өзінің досы Михайломен бірге тамаша барлаулар жүргізді.
Темір жолдың 7-разъездегі сәтті операциядан кейін көп ұзамай аң Днепр арқылы үлкен көпір салынып жатқаны және неміс офицерлері үшін Большой Букрин маңында демалыс үйін салып жатқаны туралы парти- зандар жаңа хабар алды. Бұл шараларды іске асыру үшін сол маңға немістердің көптеген жаңа күштері ке- ліп жатыр деген хабарлар бар-ды. Командир Болатовты шаңырып алды да:
Васек, ертеңнен қалдырмай осы хабарды анық- та, айқында, өйткені бұл хабарлардың өзі қым-қиғаш, әркім әртүрлі айтады,— деді Примак.
Сеніңіз, командир жолдас, бұл тапсырмаңыз орындалатын болады,— деп жауап берді Болатов.
Темір жолдың 7-разъездегі операциядан кейін, үш күн өткен соң, таңертеңгі тоғызда Болатов және оның жауынгер жәрдемшісі Илько, штаб бастығы Григорий Алексеенко, Василий Хлопов төртеуі атқа салт мініп, Болыной Букрин селосына бет алды. Илько бүтін бәрінен де қуанышты еді. Ол жауын- герлік еңбегі үшін құрама командирінің көзі мен құла- гы атанған барлаушысы ғана емес, онымен қоса ол күндіз-түні бірдей жол ісөрсетіп, бастап жүріп отыра- тыны — ізшілі еді. Міне, сондықтан да Илько отрядтың барлық бар- лауларына, операцияларына қатысып отырды. Михайло да ер жүрек, елгёзек болды, бірақ ол тап- Қырлығы, ептілігі, жағдайды аңғарғыштығы жағынан өз досынан кем соға беретін-ді. Бслыной Букринге партизандар тез жетті. Болыпой Букриннің қасындағы терең сайға келіп, олар аттары- нан түсті, күзетші жауынгерлер мен аттарын тастап, °лаТ0в> Илько және Григорий Алексеенко селоға кет- к Сағат таңертеңгі он шамасы болса да, селода тірші-
лік жоқ, ңаңырап бос жатыр. Олар бақ іштерімен, елеу- сіз түрде байланысшының үйіне келді. Онан неміс ар- миясының әзір көпір салмайтынын, бірақ бірер күннің ішінде комиссия келіп кеткенін білді, сонымен бірге олар сауығып келе жатқан жаралы офицерлерге болса керек, демалыс үйін салу үшін қолайлы орын қарас- тырып кеткенін біліп алды. Мұның бәрі барынша анық, оны енді тексерудің қажеті жоқ болды, барлаушы- лар ағаш арасымен Трахтомировкаға қарай кейін ңайтты.