Ал енді немістер ңорлап, кеңірдегіңнен асып қоюды күтуге болмайды гой. Қалай болганда да қи- мыл жасау керек, Вася! — деді Попов.
Коля, абыржыма, мен жол таптым, ол былай, тыңдап көріңдер: бізге полицайды құралсыздандыру керек. Ал ол үшін біз полицайды алдап соғуымыз ке- рек. Ол үшін біз ңазір күзетші полицайдан сыртқа шыгуды өтінеміз. Әрине, ол бәрімізді бірден түгелдей сыртқа шыгара қоймайды. Алдымен Илько барсын, ол полицайдың дегенін екі етпей қалтқысыз орындайтын болсын. Сонсоң мен де солай істейін. Полицай мені бөлмеге енгізіп, сені шығара бергенде, екеуміз поли- цайды құралсыздандырайың, ал Илько жәрдемшісін бөгей тұратын болсын.
Табылған ақыл, Вася! — деді Попов Болатовтың қолын қатты қысып.— Бұл нагыз табылған жол.
Илько есікке келді де, ақырын ғана тықылдатты.
Ей, саған не керек, неге тықылдатасың? — де- ген есіктің аржағына полицайдың қырылдаған даусы естілді.
Түзге шығайын деп едім, рұқсат етіңіз,— деп өтінді Илько.
Ңұлыптың шықырлағаны құлаққа шалынды да, артынша есік ашылды. Винтовкасын кезене есіктің алдында кесе көлденең тұрып:
Ңалай, сен үлкен дәретке ме, кіші дәретке ме?— Деп сұрады полицай.
Үлкен дәретке,— деп жауап берді Илько поли- Цайға қарамай.
Біздін бәріміздің түзге шыққымыз кеп тұр,— Деді полицайга Болатов есікке жақын келіп.
389
Бір-бірлеп,— деп жауап берді де, полицай өзінің
қосшы баласына Ильконың етігін әкел деп бұйырды.
Бала етікті әкелгенімен шұлғауын тастап кетіпті. Илько етікті жалаң аяғына киіп, күртешесін иығына іле салды да, коридорға шықты. Сол сәтте-ақ есікті
тарс еткізді.
Полицай винтовкасын кезеп, Ильконың артында екі метрдей жерде жүріп отырды. Сыртқы есікті ашып қалғанда, суық Ильконы бүрістіре бастады. Тастаи қа- раңғыда ағаштардың көлеңкесі қараңдап көрінеді. і\а- шып көту үшін нақ қолаилы көзөң өкөн.
Достарыңызбен бөлісу: |