Лагерьге үш жүз метрдей жер қалғанда Болатов пен Поповты Илько мен Михайло қуана қарсы алды. Лагерьге келісімен партизандар бастан-аяқ комис- сар Ломакоға және командир Примакқа өздерінің бас- тарынан кешірген уақиғаларын баяндады. Сергей Минович Шпитальдің өтінішін орындау үшін қолайлы кезеңді күтті. Бірақ оны нақ дер кезінде орындауға о кезде жағ- дай болмады, тек 1943 жылдың март айында ғана Вю- нищедегі жер астындағы қоймадан құрал-жабдыңтар мен оң-дәрілерді, азың-түліктерді алуға мүмкіншілік болды. Көп кешікпей отрядңа Сергей Минович Шпи- таль да алынды. Осы уақыттардың ішінде Илько, Михайло Луковец старостасынан кек алу керек екенін тынымсыз айтып Болатовтың мазасын ала беретін. Тек бір жылдан ке- йін Болатов бұл операцияға ңұрама командирінен рұқ- сат алды. Партизандар хуторға ымырт жабылған соң кірді. Болатов Илькомен бірге ең шеткі үйге келді. Оларды кемпір-шал қарсы алды. Болатов олардан староста ңайда тұрады, полицай- лар қай үйде деп сұраған кезде, қарттардың зәресі ұшып кетті білем, олар қорыққаннан сұрағанды айту- дан бас тартты. Бірақ олардың тек анадайдан ғана көр сетуді тілеп отырғанын сезген кезде тыныштала қалды, Болатов, Михайло, Илько және екі жауынгер шал ды жанына ертіп алып, старостаның үйіне қарай кет ті, ал басқа жауынгерлерді кемпір полицейдің үйіно бастап әкетті.
Старостаның үйінің есігі ашық, өзі киім ілгішке педжагін ілейін деп жатыр екен. Партизандар үйге айңай-шусыз кіріп келді. Старос- та өзіне кезелген автоматтың аузын көргенде, аңырып сілейді де қалды. Әйелі мен ңызы айқай көтерді, біраң Илько аяғын тебініп:
Егер үндеріңді шығарсаңдар, табан астында ата- мын,— деп ескертті. Болатов старостаға төніп келді де: