Әкем үшін, анам үшін, Отаным үшін! — деп Илько дауыстады, Отанға опасыздық жасаған Роман Гердюкке автоматтан оқ атуға ыңғайлана беріп.
Ңызыл Армияның шабуылы бүкіл майданда күн сайын өрістеді, оның соққысы үсті-үстіне үдей түсті, ол екпіндей алға ұмтылды, жолындағы жау күштерін, техникасын жаныштап, жапырып отырды. Кейін шегінген жау уақытша бекінген әрбір по- зициясына машиналарын, құрал-жабдықтарын тастап кетіп отырды, бұларды олар күні кеше Совет әскерле- рінің шабуылын жан сала бөгеу үшін сонау алыстағы тылдарынан әкелген болатын. 1943 жылдың сентябрінің екінші жартысында Днепр жағалауының селолары жандармериялар мен полицайлардан тазарды. Днепрдің арғы жағынан ішкері, батысқа қарай те- мір жолдармен, үлкен қара жолдармен неміс эшелон- дары, көліктері бірінің соңынан бірі тәртіпсіз, асыға- үсіге лек-легімен агылып жатты. Майданның Днепрге жақын екендігіне енді көз әбден жетті. Барлық партизандар, командирлерден бастап жа- уынгерлерге дейін, даңқты, сүйікті жеңімпаз Ңызыл Армияны тагатсыздана күтті, оның қатарына қосы- лып, жексұрын жауға лап қойып, оны жер бетінен өшіруге асықты. Партизандарға күн баяу жүретін секілді көрінді. Олар анасын күткен баладай шыдамсызданды. Жау тылында жүріп онымен үш жыл күрескеннен кейін қа- зір енді Ңызыл Армия бөлімдері таянғанын сезген кез- де, оныц жауынгерлерінің жарқын жүздерін тезірек көргісі келді. Ңұралдарды, киім-кешектерді тазалап, землянка- ларды тәртіпке келтірді. Жауынгерлер қырынып, таза киініп, үлкен мереке қарсаңындағыдай лагерь алдын- Да ерсілі-қарсылы көңілді жүрді. Ңызыл Армия жа- уынгерлерімен кездесу ең қуанышты, ең көңілді ме- реке болды. Партизандардың көңілін қуаныш кернеді. Осы бір тойдың ішінде жас жауынгер, батыр партизан Илько Да әкесі мен шешесін көретін адамдай қуанышты еді. Бала мүлде өзгеріп кеткен, балалық мінезі кетіп, ер жетіп марқайған секілді. Бұл оның өңінен де, бойы- Нан да аңғарылатын еді.