Бауырлар бір-бірімен құшақтасып көрісті. Жауын- герлер бір-бірінің қолын қатты қысып, қуанысты.
Барлаушылар өздерінің үлкен партизан құрамасы-
нан екенін, бұл құрама осы жерден жиырма-отыз ша- қырымдай жерде екенін әңгімеледі. Танкистер тура партизан лагеріне баруға ұйғарды.
1943 жылдың 17 сентябрь күні таңертең партизан лагері қадірлі, сағынған достарын қарсы алды.
Бас танкіде Илько отыр. Жас партизан өзінің досы Михайлоға және басқа партизандарға мақтана жыми- ды. Михайло оған үнсіз таңырқай қарады.
Жасасын біздің даңқты, жеңімпаз Қызыл Ар- миямыз! — деді Илько танк үстінде тұрып бар дау- сымен.
Жасасын біздің туысқан коммунистік партия! — деп жалғастырып әкетті Михайло.
Мыңдаған салтанатты «Уралар» бүкіл орманды жаңғырықтырды.
Танкистер, команда бергендей, өздерінің қуатты машиналарын тоқтатты да, сапта тұрған партизандар- ға қарай жүрді.
Ңайтадан құдіретті «Уралар» аспанда көпке дейін қалықтады да тұрды.
Ертеңінде-ақ партизандар лагері үлкен жерде қал- ды. Майдан линиясы Днепрге кеп тірелді. Партизан құрамасы Ңызыл Армия бөлімдеріне қосылды да, Днепрден өтуге ілгері ұмтылды.
Кешегі жауынгер партизандар Илько Витряк пен Михайло Яковленко даңқты Қызыл Армияның ұрыс- тарда шыныққан солдаттары болды.
Жас болса да өмірдің талай-талай қиын қыстау кешулерінен өткен Илько Витряк үлкен өмірге осылай- ша араласып, өмірдегі алғашқы қадамын осылайша бастап еді.
ЖАУ ТЫЛЫНДАҒЫ ВАЛА
Кешегі сұрапыл ¥лы Отан соғысы кезінде он жасар Ңазақ баласы Украина жерінде, жау тылында, парти- зандар қатарында болды дегенге, бәлкім, сене де қой- массыздар. Сөйткенмен, осы бір сәбидің басынан кеш- кен қилы-қилы өмір соқпақтарын оқушыларға айтып оеру көптен бергі борышым сияқты болып келген еді. Ңайда барсам да, сол баланың бейнесі көңілімнен бір Щьіқпай, әлде бір балалық мұңын шаққандай, көз ал- дымда мөлтеңдейді де тұрады. Сәби жүзі, бұғанасы
Достарыңызбен бөлісу: |