Әлгінде гана масайрап тұрған кең дүние, аспан ай- налып жерге түскендей, әлем-тапырық болды да кетті. Біреуді біреу көріп болар емес. Жуан кәрі қарағайды қапсыра құшақтап, біраз тұ- рып ңалыппын.
Ңайта оралды, сақтаныңдар!— деген генерал- дың таныс даусы естілді.
Фашист ұшқыштары бұл атырапта зенит зеңбірек- терінің жоқтығын сезген соң, сәлден кейін қайта ора- лып, төмен ұшып, тебемізден шүйіліп, ірі калибрлі пулеметтен оқ жаудыра бастады. Біздің пулеметтер шүйілген самолеттерді атқылап жатыр. Бір мезетте фашист самолеттері келген жақта- рына ңарай қайта ойысып, маңайда тыныштық орнай бастады... Блиндаждан жүгіре шықңан жас жігіт, қарағайдың түбінде жан-жаққа көз жіберіп тұрған генералдың қа- сына жетіп келіп: