Әй, мұның не?— деген әкемнің дауысы естілді. Ңуанып кеттім.
Аға, тәтем мені ұрып жүр,— деп дауыстадым.
Қой енді! Кет былай,— деп әкем шешемнің қо- лындағы айырын жұлып алды да, маған:
Бері шыға қой! Тентегім-ай! — деді. Шешем ме- нің істеген содырлығымды әкеме айтып жатыр. Дәліз- дің астынан шықтым. Әкем құшақтап үйге алып келді де, алдына отырғызып басымнан сипап отыр. Ғазиз әкем маған әрқашан да пана еді. Мені жақсы көретін.
Шешем байғұс та ашу үстінде ұрарын ұрғанымен, со- ңынан: «Тентек қарам-ай, сотқар болмасаңшы!» — деп бауырына басып, маңдайымнан сүйетін-ді. Тағы да мызғып кеткен едім: жаңағы түсім қайтадан жалғаса жөнелді... Рақымбек пен пилот екеуі ақылдасып, мені ала кетуге келіскен екен деймін. Әйтсе де олар маган мынадай шарт қояды: «Ала кетеміз, бірақ самолеттің астыңғы қанаты мен үстіңгі қанатының екі арасына тікеңнен тік тұрасың. Аяғыңды астыңғы қанаттың көл- денең арқалығына тіреп, қос қанатты жалғастырып, айқыш-ұйқыш тартылған шыбық темірден мықтап ұс- тап аласың»,— дейді маған. «Мақұл, ұстап тұрамын. Рақмет сендерге!» — деп, самолетке өрмелеп шығып келемін. Астыңғы қанатқа аяғымды бекем тіреп, қос қанаттың арасына тартылған шыбық темірден екі қо- лымды екі жаққа кере мықтап ұстап аламын. Самолет моторы гүрілдеп тұр. «Япырай, немістер келіп қалмаса игі еді! Аспанға әттең тез көтерілсек-ау!» деп, дегбір- сізденіп тұрмын. Самолет орнынан жай ғана қозғалып, аспанға бір-ақ көтерілді де, бағытын шығысқа қарай дереу түзеп, самғай жөнелді. Ңуанышым қойныма си- яр емес. Шығыстан бетіме күн шұғылалы нұрын төгіп тұр. ¥шып келеміз... Бірақ сол жерде тағы да оянып кеттім. Ояна келсем, самолетпен самғап ұшпақ түгіл, керек десе тіпті күннің көзі көрінер де емес. Манағы қайыңға арқамды сүйеп, бүрісіп әлі отырмын. Көңілім жабырқап қалды. Иен орман іші... Жанымда тірі жан жоқ... Жалғызбын... Сол күні жаңағы қайыңның түбін паналап, түнеп шықтым. Осылай арада тағы да үш күн өтті. Халім мүшкіл бола берді «Әттең, Днепр жағасына жетсем!»— деп ойлаймын. Бірақ аяғымды басып, жү- ре алмаймын. Дегенмен лаж жоқ. Ілгері сүйеніш қы- луға таяқ әзірлеп, Днепрге қарай ілбіп келемін. Содан күн бата Днепр жағасына да жеттім-ау, әйтеуір. Таң- дайым кеуіп, Днепрден су ішкім келеді. Алайда, оның бір жарлау жағасына тап болдым. Төмен түсуін түс- кенмен, қайта шығуым мұң болар деп тағы да қорық- тым. Өзеннің бергі — өзім жатқан жағасының біраз жерін болжауға болатындай, қолайлы бір жуан терек- тің түбін қоршай өскен қалың бүргеннің ішіне кіріп жайғастым. Суға қарап жатырмын. Осы ұлы өзеннің жағасында жатып, жасымда өзім асыр салып ойнаған, Ертісімді есіме аламын...
... Бір күні ауылдан жиырма шақырымдай жер жаяу жүріп, Тульскийге келген едік. Тульский Ертіс өзенінің бойындағы шағын ғана орыс селосы. Рақым- бек және өзімнен бірер жас үлкен Ақымыш деген ауылдас бала үшеуміз әкемнің Василий Пономарев де- ген досының үйіне келдік. Ол үшеуімізге тамақ бере жүріп, келген шаруамыздың жайын сұрады. Үшеуміз де орыс тілін білмейтін едік. Ал, Василий қазақ тіліне судай жорға болатын. Рақымбек әкемнің Василийге айтқан сәлемін жеткізіп отыр. Әкем: «Василийге бар- саңдар, Өскеменге қарай беталған салға мінгізіп жібе- реді»,— деген-ді. Өйткені үшеуміз де Өскеменге оқуға бара жатырмыз. «Оқуға бара жатсаңдар, онда өз қайы- ғымды-ақ берейін. Барыңдар, оқыңдар»,— деді Васи- лий. Үшеумізге үш ат мінгізгендей қуанып кеттік. Василий үшеумізді Ертіс жағасына ертіп келді. Ау- майтындай етіп қайықтың жан-жағына ағаш байлап жөндеп берді де, бізге сәтті сапар айтты. Біз жүріп кет- тік. Рақымбек қайықтың бағытын түзеп отыр да, Ақы- мыш аяғын қайықтың түбіндегі көлденең ағашқа тіреп, құлаштан ескек есіп келеді. Тульский мен Өскемен арасы жетпіс-сексен шақырымдай деп еститінбіз. Мен қайықтың ортасында отырмын. Екі жагымыз — шьің тау. ПІың басына қарасаң, төбеңнен тақияң түскендей. Етегінен ұшар басына дейін сыңсып тұрған ағаш. Ңы- зара құлпырып қарағай да, ағара құбылып қайың да, көгере көз тартып терек те өскен. Ңұс дегеніңде сан жоқ — жыртылып-айрылып, ағаштан ағашқа ұшып- қонып жүр. Жан-жағыма, өзеннің өркеш-өркеш толқы- нына тамашалап қарап келемін... Сол сәтте оқыс жөтелген әлдекімнің даусы ойымды бұзып жіберген еді. Ңарасам: бергі — өзім жатқан жиекті жағалай, жоғары қарай бір қайықшы есіп келе жатыр екен. Өзі түрегеп тұрған бойы қолындағы ұзын сырығымен жағалауды әлсін-әлі тіреп, қайығын жайлап қана жылжытып қояды. Міне өзі менімен тіпті қатарласып та қалды. Сақалы белуарына түскен шал екен! Не де болса осы шалмен тілдесіп қалайын деген ойға бекідім де: — Ата, бері келіңіз,— дедім, жағаға үңіле түсіп, сол жерде ол маған жалт қарады да, сәл кідіріп барып, қайығының тұмсығын жағаға тіреді. Сөйтіп, жағаға қарғып түсіп, қайықтың тұмсығындағы шынжыр ба-