Лифтердің құрылғысын пайдаланудың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары (ЛҚхпт) Требования промышленной безопасности к устройству и эксплуатации лифтов



бет9/27
Дата03.07.2016
өлшемі4.18 Mb.
#174463
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27

5-тарау. Шапшаңдықты шектеуші

1-параграф. Құжаттарға қоятын талаптар
29. Сынақ жүргізу тапсырысында көрсетілуі тиіс:

1) ұстағыштар түрі (түрлері), олар іске шапшаңдықты шектегіш арқылы

қосылады;

2) шапшаңдық шектегішін пайдалану үшін лифтінің нақты жылдамдығы;

3) ол іске қосылғандағы шапшаңдық шектегіші арқанындағы

болжамдалған күш мөлшері.

Егер шапшаңдық шектегіші қосымша талаптарға сай келетін болса,

(су өткізбейтіндігі, шаң өткізбейтіндігі), бұл туралы тапсырыста көрсетілуі тиіс және осы талаптарға тиісті қосымша тексерістер және (немесе) сынақтар өткізілуі керек.

30. Осы тектес сынақ өткізу тапсырмасына тетіктер сызбасы және

шапшаңдықты шектегіштің жинақ сызбасы қоса беріледі, оның көрсететіні:

1) шапшаңдық шектегішінің жұмысын;

2) оның элементтер мөлшерін;

3) пайдаланылатын материалдар.

2-параграф. Сынақ өткізу үшін үлгілерге

қойылатын талаптар
31. Сынақ өткізу үшін ұсыну қажет:

1) бір шапшаңдық шектегіші;

2) осы шапшаңдықты шектегішпен пайдаланылатын шапшаңдық

шектегішінің арқаны (арқанның ұзындығын лаборатория анықтайды);

3) шапшаңдықты шектегіш арқанының бір тарту құрылғысы, осы

шапшаңдықты шектегішпен пайдаланылатын.



3-параграф. Сынаққа қоятын талаптар
32. Сынақ әдістемелері.

Сынақ өткізу кезінде анықталуы керек:

1) шапшаңдық шектегішінің іске қосылу жылдамдығы;

2) ол іске қосылғанда шапшаңдық шектегішінің арқанында пайда

болатын күш мөлшері.

Бұдан басқа жұмыстар тексерілуі қажет:

1) шапшаңдық шектегішінің іске қосылуын бақылайтын қауіпсіз электрлі

құрылғысы;

2) шапшаңдық шектегіш (ол болса) іске қосылғанша лифт жетегін

ажырататын, қауіпсіз электрлі құрылғысын.

33. Сынақ қызметі.

Сынақ өткізу өтінішінде көрсетілгендей, лифтінің нақты жылдамдығына

сәйкес, шапшаңдықты шектегіштің іске қосылғандағы шапшаңдық ауқымында 20 дан кем болмайтын сынақтар өткізілуі тиіс.

34. Сынақ дайындаушының зертханасында орындалуы керек.

35. Сынақтың басым бөлігі ауқымның шеткі мәнінде орындауы тиіс.

36. Шапшаңдықты шектегіш екпінін тездету мүмкіндгінше, төмен болу

керек, екпіннің ықпалын болдырмау үшін.

37. Шапшаңдықты шектегіш тектес сынақ нәтижесі.

38. Сынақ кезінде алынған шапшаңдықты шектешішінің іске қосылу

жылдамдығының мәні осы ережеде айтылған шеңберінде болуы тиіс.

39. 20 сынақ өткізу кезінде шапшаңдықты шектегішке қойылған қауіпсіз

электрлі құрылғы осы Талапта айтылған жағдайларда іске қосылуы тиіс.

40. Іске қосылғандағы шапшаңдықты шектегіш арқанындағы күштеме

300 Н кем болмауы қажет, немесе өтініш беруші айтқан мөлшерден көп болуы мүмкін.

41. Шапшаңдықты шектегіш шкивінің арқанды орау бұрышы 180 тең

болуы тиіс, егер одан басқа жағдай дайындаушының құжатында көрсетілмесе.

42. Егер шапшаңдықты шектегіштің құрылымында арқандарды қысқыш

құрылғы көзделсе, онда осы құрылғы іске қосылғаннан кейін қалдық деформациясы жоқтығы тексерілуі қажет.

43. Шапшаңдықты шектегіш тектес сынақ нәтижесі үш данамен ресімделеді: екі данасы өтініш берушіге және біреуі – сынақ зертханасына.

44. Хаттамада осы тәртіптің 2 тарауында көрсетілген ақпараттар болуы

қажет, сондай-ақ:

1) лифтінің нақты жылдамдығы, ол үшін осы шапшаңдықты шектегіш

пайдаланылуы мүмкін;

2) шапшаңдықты шектегіш арқанының диаметрі;

3) тарту құрылғысы болған жағдайда, шапшаңдықты шектегіш арқанын

тартудың ең төменгі күші;

4) шапшаңдық шектегіш іске қосмылғанда пайда болатын арқандағы күш.

6-тарау. Буферлер

1-параграф. Құжаттарға қойылатын талаптар
45. Сынақ өткізу жөніндегі тапсырыста көрсетілуі қажет:

1) соққының ең жоғарғы шапшаңдығы;

2) буферге есептелінген жүктемені қабылдаудың ең төменгі, ең жоғарғы

салмағы.


46. Буферді сынауды өткізу жөніндегі тапсырысқа келесі құжаттар қоса

берілуі тиіс:

1) құрылғыға және буфердің жұмысына түсініктеме беретін тетіктер мен

тораптардың сызбасы, қолданылған материалдар және мөлшерлері мен рұқсат берулері тиіс;

2) гидравликалық буферлер үшін пайдаланылатын сұйықтың техникалық

сипаттамасы.



2 параграф. Сынақ үшін үлгіге қоятын талаптар
47. Сынақ жүргізу үшін зертханаға ұсынылуы тиіс:

1) бір буфер;

2) гидравликалық буферлер үшін қажетті сұйықтың мөлшері (жеке

беріледі).



3 параграф. Кері жүріс амортизациялық

энергияжинағыш буферлер
48. Сынақ әдістемелері.

Н биіктіктен қарқынмен еркін құлдырап, буферге құлайтын сынақ

салмағы М, жүкпен өткізіледі.

Рұқсат етілген ең ауыр жүктің салмағы формула бойынша анықталады:


(6)

Mmax =

Cr

2,5

Мұнда Cr – серіппені толық қысу үшінгі қажетті салмақ (кг);

Рұқсат етілген ең жеңіл жүктің салмағы формула бойынша анықталады:
(7)


Mmin =

Cr

4

Биіктіктен құлдырайтын жүк формула бойынша анықталады:


(8)

Н = 0,5 х FL= 0,67 V2


Мұнда FL= серіппенің толық жиырылуы (м);

V – лифтінің нақты жылдамдығы (м/с).

Аталған буферлердің түрлерін лифтілердің нақты жылдамдығын мына

формула бойынша пайдалануға болады:


(9)

v≤


FL



1,6 м/с артық емес

0,135

49. Сынақ тәртібі.

Сынақты жүргізген кезде, жүктер қатты бағыттағыштар бойынша

жылжуы керек.

Буфердің орнатылуы және бекітілуі пайдаланылған жағдайдағыдай болуы

тиіс.


Жүктің жылжу шапшаңдығын тіркеу жүктің буфермен жанасу сәтінен

бастап және сынақ біткенше жүргізілуі қажет.

Буфердің кері жүрісі кезіндегі жүк көтеру шапшаңдығы 1 м / с аспайтын

болуы керек.

Буфердің ең жоғарғы салмағымен екі сынақ өткізгеннен кейін, буфердің

қалдық деформациясы мен бұзылуы болмауы керек.

Сынақ жүргізу кезінде қоршаған ортадағы ауаның температурасы + 15 0 С

тан +25 0 С қа дейінгі шамада болу керек.



4-параграф. Энергошашыратқыш буферлер
50. Сынақ әдістемесі.

Сынақ жүргізудің ең төменгі және ең жоғарғы салмағының еркін құлдырау шапшаңдығы кезінде өткізіледі. Буферге жанасу сәтінде жүктің қажетті ең жоғарғы шапшаңдыққа жетуі тиіс.

51. Сынақ тәртібі.

Сынақты жүргізу кезінде жүктер қатты бағыттағыштар бойынша жылжуы

қажет.

Буфер жай пайдалану кезіндегідей, орнатылуы және бекітілуі тиіс.



Гидравликалық буфер дайындаушының талабына сәйкес, сұйықпен толтырылуы қажет.

Сынақты өткізу кезінде қоршаған ортадағы ауаның температурасы +15 0

С +25 0 С қа дейінгі шамада болуы керек.

Жүк қозғалысы шапшаңдығын тіркеу жүктің буфермен жанасу сәтінен

бастап немесе жүктің барлық ауысу кезеңі бойынша жүргізіледі. Жүктің тежеу шапшаңдығының есептелінуі немесе жүктің барлық ауысу уақыты бойынша өлшенуі тиіс.

Екі сынақ өткізілуі қажет:

1) ең аз салмақ жүктің құлдырауы;

2) ең көп салмақ жүктің құлдырауы.

Әр сынақтан кейін буфер 5 минут бойынша толық қысылған жағдайда

ұсталынуы тиіс. Содан соң буфердің бастапқы қалпына келуі үшін жүк алынуы керек. Серіппелі немесе гидравликалық қайту буфері 120 с аспайтын уақытта қалыпты жағдайға келуі қажет.

Екінші сынақ алдында 30 минут үзіліс жариялануы тиіс, онда сұйық зат

резервуарға қайтып келуі және одан ауаның көпіршігі шығады.

Екі сынақ өткізгеннен кейін сұйықтың деңгейі текусерілуі қажет. Екінші

сынақты өткізгеннен кейін, 30 минуттан соң сұйық заттың деңгейі қалыпты жұмыс істеуге қажетті жағдайда болуы тиіс.

Ең жоғарғы салмақтағы буферді сынағаннан кейін, буферде қалдық

деформациясы мен ақаулар болмауы керек.

Жүктің тежеу өлшемі осы Ереженің талаптарына сай келуі керек.

Егер жүктердің ең аз және ең көп салмағын сынағаннан кейін оң

нәтижеге жетпесе, онда сынақ лабораториясы өтініш берушімен келісім бойынша шектеулі салмақтың басқа мәнін белгілеуі мүмкін.
5-параграф. Жолақсыз сипаттағы буферлер
52. Сынақ әдістемесі.

Сынақ тапсырыста көрсетілген салмақтары ең аз және ең көп мағынаға

сай келетін еркін құлдырау жылдамдығымен құлайтын жүктермен өткізіледі. Буфермен жанасқан сәтте, жүк өтінген ең көп 0,8 м/с жылдамдықтан кем болмауы қажет.

53. Сынақ тәртібі.

Жүкті сынау кезінде қатты бағыттағыштар бойынша жылжуы тиіс.

Күнделікті пайдаланғандай, буфердің орнатылуы және бекітілуі қажет.

Сынақ өткізу кезінде қоршаған ортаның ауасы +15 0 С +25 0 С дейінгі

мөлшерде болғаны жөн.

Үш сынақты ең көп жүкпен өткізген кезде, буферге түскен күштің

бастапқы мөлшері оның биіктігінің 50 % тең келетін жүрісі кезінде, бұрын өтінгеннен 5 % аспайтын ерекшелік болмауы керек. Бұл талап ең аз жүкпен өткізген сынақ кезінде де орындалуы тиіс.

Өткен қашықтықтың мөлшері, жүктің құлдырау жылдамдығы және

баяулауы жүкті түсірген сәтінен бастап және жүйенің толық тынышталуына дейін тіркелуі тиіс. Әр жүкпен үш-үштен сынақ өткізіледі. Екі сынақ арасындағы интервал 5 тен кем емес және 30 минуттан артық болмауы керек.


1-сурет: Тежеу кестесі


t0 = буфермен жанасу сәті

t1 --- екінші абсолютті минимум

(10)

gn9,81 м / с 2


Салмақпен еркін құлаған жүктің өлшенуі, нақты жүккөтергішіне тең және

нақты жылдамдықтың 115 %, баяулаудың қарқын алу орта өлшемі «а» 9,81 м / с 2 аспауы тиіс. Уақытша интервал арасындағы екі абсолютті минимумның баяулауы (1 сурет) орта өлшем қарқынына есептелінеді. Баяулау қарқынының іске қосылу уақыты, 2,5 gn м / с 2 асса, ол 0,04 с артпауы керек.

Буферді ең көп жүкпен сынағаннан кейін, буферде қалдық деформациясы

немесе ақау болмауы керек.

Егер ең аз және ең көп жүктермен сынақ өткізілгеннен кейін оң нәтижеге

қол жетпесе, онда сынақ зертханасы Өтініш берушімен келісімге келе отырып, салмақ шегінің басқа маңызын белгілеу мүмкін.

54. Буферді сынау нәтижесі.

55. Буферлер тектестерді сынау нәтижесі үш данамен ресімделінеді: екі

данасы Өтініш берушіге, біреуі – сынақ зертханасында.

56. Хаттамада ақпараттар болуы қажет, осы тәртіптің 2 тарауында

көрсетілген, сондай-ақ:

1) буферге соғылған ең көп жылдамдық;

2) ең көп салмақ;

3) ең аз салмақ;

4) гидравликалық буферлер үшін сұйықтың техникалық сипаты;

5) пайдалану жағдайы (қоршаған ортаның температурасы, ылғалдығы,

ластануы және тағы басқа) жолақсыз сипаттағы буферлер үшін.

6-параграф. Баспа платалары
57. Жалпы жағдайлары.

Өтініш беруші зертханаға мына ақпараттарды береді:

1) платаның мәні;

2) пайдалану жағдайы;

3) пайдаланатын жиынтық тізімдері;

4) баспа платасын ажырату;

5) қауіпсіз электрлі тізбектерде пайдаланылатын дүбара схемаларды және

жалғанған жердің маркировкасын орналастыру;

6) кіру және шығуда төлемнің белгілері қойылған электрлі бөлігі және

құрастыру схемасы туралы (теңбағалы баспа платасы жиынтығын қолданған кездегі) ақпараттар.

58. Сынау үлгілері.

Зертханаға ұсыну керек:

1) бір баспа платасын, онда орнатылған бөліктермен бірге;

2) бір баспа платасын, онда орнатылмаған электрлі бөліктерді (бос).

59. Сынақ.

1) Механикалық сынақ.

Сынақ кезінде сыналатын баспа платасы (схема) қолданыста болуы керек.

Сынақ кезінде, не одан кейін, қауіпсіз электрлі тізбекте ешқандай қауыпты қимыл және жағдай болмауы керек.

2) Тербеліс.

Жеткізетін қауіпсіз тізбек элементтері мынадай талаптарға сай болуы

керек:

иілу кедергісі - әрбір біліктің теңселу шегі бойынша 20 иілу циклы 0,35



мм немесе 5 gn және жиілік диапазоны 10 – 55 Нz;

жүріп-тұрудың үдету және ұзақтығы:

ең көп үдеу 294 м / с 2 немесе 30 gn;

тиісті импульстің ұзақтығы 11мс;

тиісті шапшаңдықтың өзгеруі 2,1 м / с, синусоидтың жартысы.

Егер жеткізу элементтері амортизатолармен жабдықталса, онда бұл амортизаторлар олардың құрамдас бөлігі болып саналады.

Сынақтан кейін, ауа саңлаулары және жолдың ұзындығы рұқсат етілгеннен кем болмауы керек.

3) Бөліктердің қирау мүмкіндігін және қауіпті жағдайды қарастыра

отырып баспа төлемдерінің құлауын имитациялау үшін соққыға сынақ өткізіледі.

Бұл сынақтар келесі талаптарға бөлінуі және қанағаттандыруы қажет:

бірен-саран:

соққының түрі: синусоидтың жартысы;

үдеу амплутидасы – 15 g;

соққының ұзақтығы – 11 мс;

үздіксіз:

үдеу амплутидасы – 10 g;

соққының ұзақтығы – 16 м;

соққы саны – 1000 ± 10;

соққының жиілігі – 2 с.

4) Температура сынағы:

Қоршаған ауа температурасының жұмыс диапазоны 0 0 С тан + 65 0 С

мөлшерінде болады (бұл арада қауіпсіз құрылғы төңірегіндегі ауа температурасын алып отырмыз).

Сынақ шарты:

Баспа платасы өзінің қалыпты жағдайдағы нақты қуатын сіңіруі тиіс:

оның қауіпсіз құрылғысы сынақ кезінде және одан кейін де істеуі керек.

Егер баспа платасында басқа тетіктер болса, қауіпсіз электрлі тізбектерден айырмашылығы бар, олар да сынақ кезінде жұмыс істеуі қажет (олардың бұзылуы есепке алынбайды);

сынақ ең төменгі және ең жоғарғы температуралар (0 0 С + 65 0 С) үшін

өткізіледі. Мұндай сынақтардың ұзақтығы 4 сағаттан кем болмайды;

егер баспа платасы әлдеқайда жоғары температура шегінде жұмыс істеу

үшін көзделсе, ол тиісті мөлшер үшін сынақтан өткізілуі тексерілуі керек.

60. Баспа платаларын сынақтан өткізу нәтижесі үш данамен ресімделеді,

екі данасы Өтініш берушіге, біреуі – сынақ лабораториясына.

Хаттамада осы тәртіптің 2-тарауында көрсетілген ақпараттар болуы

қажет, сондай-ақ:

1) электрлі тізбектердің түрлері мен қолданыстары;

2) электрлі тізбектердің жұмыс қуаты;

3) қауіпсіз электрлі тізбектер мен басқа да баспа платасындағы бақылау

тізбектері арасындағы қашықтық.

_____________________

Лифтінің құрылғысын пайдаланудың өнеркәсіптік

қауіпсіздік Талаптарына

5-қосымша



Болат арқандарды брактау нормасы
1. Болат арқандардың жұмысында болатын брактауды 1 - кестенің

көрсеткіштеріне сәйкес арқанды бір құндақтау ұзындығындағы сымдардың үзілу саны бойынша жүргізіледі.

1 - кесте


D:d Ереже қатынасы белгілеген кездегі бастапқы беріктік запасының коэффициенті

Арқандардың құрылымы

6х19= 114 және органикалық бір өзек

6х37=222 және органикалық бір өзек

Арқан бракталатын жағдайдағы арқанды құндықтаудың бір қадамы ұзындығындағы сымдардың үзілу саны

Крестпен құндақтау

Біржақты

Крестпен құндақтау

Біржақты

9 ға дейін

14

7

23

12

9 дан артық 10 ға дейін

16

8

26

13

10 артық 12 дейін

18

9

29

14

12 артық 14 дейін

20

10

32

16

16 артық

24

12

38

19

2. Арқанды құндақтау қадамы келесі тәсілмен анықталады. Қандай бір

ширатылған жіптің сыртына таңба қояды, содан арқанның орталық білегі бойынша арқандағы қанша ширатылған жіп болса, соншама арқан қимасында болады (мысалы, арқанда алты ширатылған жіп болса, соншама), және санағаннан кейінгі келесі ширатылған жіпке (бұл жағдайда жетінші) екінші таңбаны қояды.

Таңбалар арасындағы қашықтық арқанның бір құндақтауы деп

қабылданады.

3. 6 х 9 = 114 құрылымды бір органикалық өзекті сымдардан әртүрлі

диаметрлі сымдардан дайындалған арқандарды брактау 1 - кестенің бірінші бағанында көрсетілген деректерге сәйкес жүргізіледі, сонымен бірге үзілу саны, брактау нормасы сияқты, шартты түрде қабылданады.

Үзілгендерді санаған кезде жұқа сымның үзілуі 1 қабылданады, ал

жуан сымның үзілуі – 1,7 болады.

Мысалы, егер бастапқы коэффицент кезінде арқанды құндақтаудың ұзындық қадамындағы беріктік запасы 9 ға дейін болса, жұқа сымдардың үзілуі 7және жуан сымдардың үзілуі 5 дейін, онда 7 х 1+5 х 1,7 = 15,5, яғни 14 тен асады, (1 кесте), демек,арқанды брактауға жатқызуға болады.

4. Арқанды брактау белгісі ретінде бір қадам құндақтаудағы сымдардың

саны, оның құрылымы 1 - кестеде көрсетілмеген, арқандар үшін, ширатылған саны мен қимасындағы сандардың саны бойынша осы кестеде жарияланған деректерге сүйене отырып, анықтайды.

Мысалы, арқанның құрылымы 8 х 19 = 152 бір органикалық өзекті

сымдар үшін ең жақыны бір органикалық өзек сымдары 6 х 19 = 114 болып саналады. Брактаудың белгісін анақтау үшін 1 кестенің деректеріне сүйенген жөн, 6 х 9 = 114 арқандары үшін (құндақтаудың бір қадамындағы үзілу сандары) бір органикалық өзекті сымды 96:72, коэффицентіне көбейту керек, онда 96 және 72 – сыртқы қабаты ширатылған сымдар және басқа арқандардың саны.

5. Арқандардың сыртқы тозуы немесе сымдардың тотбасуы болған

жағдайда құндақталудың қадамындағы сымдардың үзілу саны, браковка болғандай, 2 - кестенің мәліметтеріне сәйкес кішірейтілуі керек.


2 - кесте


Сыртқы тозуы немесе диаметр бойынша сымдардың тотбасуы, %

1 - кестеде көрсетілген нормадағы % тегі құндақтау қадамындағы сымдардың үзілу саны

10

850

15

75

20

70

25

60

30 одан да артық

50

Сымның бастапқы диаметрінен аса және 40 % жеткенде, тозғанда немесе

тотбасқан кезде арқан бракталуы тиіс.

Диаметрі бойынша сымның тозуын немесе тотбасуын анықтау

микрометрдің немесе басқа құрал - сайманның көмегімен жүргізіледі; сымның үзілуі немесе тотбасу болмаған жағдайда өлшеу жүргізілмейді.

6. Лифт кабинасы (теңсалмақ) екі жеке арқанға ілінген жағдайда, олардың

әрқайсысы жеке бракталады, мұндайда тозығы жеткен арқанды ауыстыруға рұқсат беріледі.

7. Лифт кабинасы (теңсалмақ) үш немесе одан да артық арқанға ілінген

жағдайда, оларды брактау орташа арифметикалық маңыз бойынша жүргізіледі, ол әр арқанды құндақтаудың бір қадам ұзындығындағы сымдардың ең көп үзілуі бойынша анықталады. Бұл жағдайда арқанның біреуінде сымдардың көп үзілуіне болады, бірақ, 1 - кестеде көрсетілген нормаға қарсы 50 % аспауы керек.

8. Үзілу болған жағдайда, оның саны брактау көрсеткіштеріне жетпейтін

болса, сондай-ақ, сымдардың үстірт тозуы болса, арқанды мынадай жағдайда пайдалануға болады:

1) мерзім сайын байқаған кезде оның күйіне мұқият қарау керек, оның

нәтижесін техникалық қызмет көрсету журналына жазу қажет;

2) осы нормада көрсетілгендей , тозығы жетісімен арқанды ауыстыру.

9. Арқанда үзілген ширатылымды немесе өзекті тапқанда, арқанды одан

әрі пайдалануға рұқсат етілмейді.

______________________

Лифтінің құрылғысын пайдаланудың өнеркәсіптік

қауіпсіздік Талаптарына

6-қосымша



Электрондық компоненттер. Тоқтауды болдырмау
1. Төменде тізімделген ақаулар электрондық компоненттердің тоқтауына

әкелмеуі керек.

1) қуаттың болмауы;

2) рұқсат етілгеннен артқан қуаттың төмендеуі;

3) сымның үзілуі;

4) темір құрылымдағы немесе жердегі оқшаулаудың өз қасиетінен

айырылуы;

5) қысқа мерзімге тұйықталу немесе электр тізбегінің үзілуі; нақты

өлшемнің немесе резистр, конденсатор, транзистор, шам және сол сияқты – электрлі компоненттердің жұмыс сипаттамасының өзгеруі;

6) контактордың немесе реленің жылжымалы бөлігінің толық немесе

ішінара тартуының болмауы;

7) контактор немесе реленің жылжымалы бөлігінің «ілесіп» қалуы;

8) контактылардың ажыратылмауы;

9) фазаның кезекпен өзгеруі.

Ақаулардың болу мүмкіндігін жоққа шығару мәселесін өзінің

сипатындағы нашар жағдайдағы төменгі шекте - нақтылығында, температурасында, ылғалдығында, электр қуатының болмауы және тербеліс жағдайында жұмыс істейтін компоненттер туралы қарау керек.

2. Электронды компоненттерді жобалағанда және дайындағанда осы

қосымшаның 1-кестесінде көрсетілген тоқтау және жағдайларын болдырмау мүмкіндіктері есепке алынуы тиіс.

3. Электрондық компоненттердің ақаулары лифтіні қауіпсіз пайдалануға

әсер етпеуі керек.

1-кесте


Компоненттер

Ескертпе

Жұмысты тоқтатуды болдырмау мүмкіндігі

Жағдайлар

Ескертпе

Тізбекті ажырату

Қысқа мерзімді тұйықтау

Нақтылықты ұлғайту

Нақтылықты кеміту

Қызметінің өзгеруі

Пассивтік компоненттер






















1. Тұрақты резистор

жоқ

(1)




жоқ

(1)

1) лакпен жабылған пленкалы резисторлар үшін немесе герметикалық резистрлі пленка және аксиальді жалғанға, сондай-ақ, бір ораммен жабылған сымды резистор және эмаль немесе герметизациямен қорғалған




2. Ауыспалы резистор

жоқ

жоқ




жоқ

жоқ







3. Жолсыз, теріс температуралы сипаттамадағы резистор, оң температурадағы сипаттамасы бар варистор, индуктивті резистор

жоқ

жоқ




жоқ

жоқ







4. Конденсатор

жоқ

жоқ




ж

оқ


жоқ






5. Индуктивті компоненттер – шарғы - дроссель

жоқ

жоқ




жоқ

жоқ







6. Жартылай өткізгіштер






















7. Диод, «Жарықдиод қызметінің өзгеруі» кері жүріс мөлшерімен байланысты

жоқ

жоқ







жоқ







8. «Нақты стабилитронның келуі» туннельге өту p - n – қуаты мөлшерінің өзгеруімен байланысты, «Қызметтің өзгеруі» кері ток мөлшерінің өзгеруіне байланысты

жоқ

жоқ




жоқ

жоқ







9. «Тиристор қызметінің өзгеруі», тринистор компоненттерінің екі немесе операциялық жағдайын тіркейтін семистормен байланысты

жоқ

жоқ







жоқ







10. Оптрон

жоқ

(а)







жоқ

1) опетрон шешілу жүктемесі қуат мөлшерін өшірген жағдайда, төменгі кестеде көрсетілгендей, кем емес

«Тізбекті ажырату» бір немесе бірнеше негізгі компоненттердегі тізбекті ажырату (жарықдиод және фототранзистор) «қысқа мерзімді тұйықтау» өзара тұйықтауды білдіреді.




жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

Фаза және жер арасындағы кернеу, ол жүйедегі нақты өлшемнен бастап, қуаты орта шаршылық өлшеммен және тұрақты ток мөлшерін қосқанда

Лифтілік жүйе үшін қуатқа (В) шыдайтын сериялы импульстік ұсыныстар























50

100


150

300


600

1000


800

1500


2500

4000


6000

8000





11. Будан схемасы

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ










12. Интегралды схема






















«Қызметінің өзгеруі» импульстердің генерациясының басталғанын аңғартады, «және» «немесе»қорытынды күйінде қалады тағы басқа.

13. Әртүрлілері

























14. Клеммаларды ажырату. Штепсельді вилкалар

жоқ

(а)










1) Деңгейі ЕР4Х кем болмайтын қорғаныс кезінде, өткізгіштердің қысқа мерзімді тұйықталуын болдырмауға болады, егер мұнда ең аз өлшем кестелік маңызы 664 – 1 ге сай келсе, келесі белгі кезінде: а) ластануы – 3 Деңгейде; б) материалдар – 3 топтан в) баспа схемалары көп қабатты емес. Бұл абсолютті қосылған құрылғылар қызмет берушілер ішіндегі ең төмен өлшемдер. Бұл орта және есепке алынбаған маңыздар. Деңгейі IР5Х ток жолының ұзындығын қорғаған кезде, оның рәсуә болуын саңлау өлшеміне дейін, қуаты 250 В орта шаршы үшін.




15. Неон шамдары

жоқ

жоқ
















16. Трансформатор

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ







«қысқа тұйықталуға» алғашқы және екінші оралымдардағы қысқа тұйықталуды жатқызады, сондай-ақ, олардың арасындағы қысқа тұйықталуды. «Номиналдың өзгеруі» трансформация коэффицентінің өзгеруіне жатады, соның салдарынан орамдағы аракідік қысқа тұйықталу есептелінеді.

17. Балқығыш сақтандырғыш















(1) Егер сақтандырғыш қажетті номиналы болса және тиісті стандарттарға сай келсе, онда шығаруға болады.


«қысқа тұйықталу» жанып кеткен сақтағыштағы қысқа тұйықталуды аңғартады



18. Реле

жоқ

жоқ
















3.6 Баспа төлемі

жоқ

жоқ
















19. Баспа өніміндегі электронды компоненттердің жиынтығы

жоқ

(а)










(1) Қысқа тұйықталуды болдырмауға болады, егер компоненттің өзінің қысқа тұйықталуын және компонентті құрастыру әдістемесі, баспа платалары ток ұзындық жолындағы өтіп кетулерін «жоғалтпаса» және саңлаулардың мөлшері нақтылығынан кем болса.





Лифтінің құрылғысын пайдаланудың өнеркәсіптік

қауіпсіздік Талаптарына

7-қосымша



Лифтің толық техникалық куәландыру

актісі
Зауыттық № ___________ мына мекен - жай бойынша орнатылған
____________________________________________________________________

(қала, көше, үй, корпус, кіреберіс)


Мен, эксперт (маман)______________________________________________

(ФАТ)
Лифтіні құрастырған ұйымның өкілінің қатысуымен,_______________________


(лауазымы, ФАТ, ұйымның атауы)
және бас мердігерлік құрылыс ұйымының өкілінің қатысуымен______________
(лауазымы, ФАТ, ұйымның атауы)
Лифтінің құрылғысы және қауіпсіз пайдалану Ережелеріне сәйкес (одан әрі ЛҚҚПЕ) толық техникалық куәландыру өткізілді

Куәландыру кезінде анықталды:
1. Лифтінің сипаттамасы:

түрі, моделі _________________________________________________________

нақты жүк көтергіштігі, кг _____________________________________________

нақты шапшаңдығы м/с _______________________________________________

қабат саны ___________________________________________________________

2. Лифтінің жабдықтары, лифтінің паспортында көрсетілген деректерге

сай келеді.

3. Лифтінің орнатылуы құрастыру сызбасына және ЛҚҚПЕ сай келеді.

4. Пайдалану жөніндегі қоса берілген басшылық сәйкес лифт барлық

режимдерде қызмет жасайды.

5. ЛҚҚПЕ 11-тарауына сәйкес лифт сынаққа төзді.

6. Лифтімен бірге берілген жиынтық техникалық құжаттар ЛҚҚПЕ 5

тармақшасына сай.

7. Жасырын жұмыстар жөніндегі актісі және ЛҚҚПЕ 348-тармағындағы

хаттамасы бар.

Лифтіні куәландыру нәтижесі
1. Лифт паспорт деректеріне және Лифтіні қауіпсіз пайдалану құрылғысы

Ережесіне сай.

2. Лифт оның қауіпсіз жұмысын қаматамасыз ететін ақаусыз жағдайда.
Эксперт (маман)______________________________________________________

(мөрі) (қолы) (ФАТ)


Лифтіні құрастырған ұйымның өкілі _____________________________________

(қолы) (ФАТ)


Бас мердігерлік құрылыс ұйымының өкілі ________________________________

(қолы) (ФАТ)


Осы актіні лифт паспортымен бірге сақтау керек.

_______________________


Лифтінің құрылғысын пайдаланудың өнеркәсіптік

қауіпсіздік Талаптарына

8-қосымша



Лифтіні пайдалануға қабылдау

актісі
Комиссия құрамында:

Комиссия төрағасы (пайдаланатын ұйымның өкілетті өкілі)

__________________________________________________________________

(лауазымы, ФАТ, пайдаланатын ұйымның атауы)


Комиссия мүшелері:

құрастыру ұйымының өкілі __________________________________________

(лауазымы, ФАТ)
(ұйымның атауы)
бас мердігерлік құрылыс ұйымының өкілі _____________________________

(лауазымы, ФАТ)


____________________________________________________________________

(ұйымның атауы)


лифтіге техникалық қызмет көрсету үшін тағайындалған маман______________
____________________________________________________________________

(лауазымы, ФАТ)

____________________________________________________________________

(ұйымның атауы)


заказ берушінің өкілі (ол болса)_____________________________________

(лауазымы, ФАТ)


_________________________________________________________________

(ұйымның атауы)


Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің төтенше жағдайлар және өндірістік қауіпсіздікке мемлекеттік бақылау жөніндегі Комитеттің инспекторы ___________________________________

_________________________________________________________________

(Комитеттің аймақтық органының атауы, ФАТ)
Лифтіні пайдалану жөнінде зауыт N осы актіні жасадық ________________
Мына мекен-жай бойынша орнатылған ______________________________

_________________________________________________________________

(қала, көше, үй, корпус, кіреберіс)
Комиссия ұсынылған құжаттарды тексерді:

1. Лифтіні толық техникалық куаландыру жөніндегі Акті;

2. Қауіпсіз пайдалану жөніндегі және лифтіні байқауды тексеру құжаттары.

Лифтіні қабылдау нәтижесі
1. Лифт оның қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ететін ақаусыз жағдайда.

2. Лифтіні қауіпсіз пайдалануды ұйымдастыру лифтілердің құрылғысы

және қауіпсіз пайдалану Талабына сәйкес.

Лифтіні тапсырды:

Құрастырған ұйымның өкілетті өкілі ____________________________________

____________________________________________________________________

(қолы, ФАТ)

Бас мердігерлік құрылыс ұйымының өкілетті өкілі _________________________

(қолы, ФАТ)
Лифтіні қабылдады:

Пайдаланатын ұйымның өкілетті өкілі ___________________________________


(қолы, ФАТ)
Лифтіге техникалық қызмет көрсету үшін тағайындалған маман _____________
(қолы, ФАТ)

Лифтіні пайдалануға рұқсат беру жөнінде паспортта жазылған


Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің төтенше жағдайлар және өндірістік қауіпсіздікке мемлекеттік бақылау жөніндегі Комитеттің инспекторы ______________________________________

(мөрі) (қолы, ФАТ)


Бұл актіні лифт паспортымен бірге сақтау керек.

_____________________

Лифтінің құрылғысын пайдаланудың өнеркәсіптік

қауіпсіздік Талаптарына

9-қосымша

Лифтіге мерзімді техникалық куәландыру

актісі
Тіркелген № _______________, мына мекен - жайда қойылған ____________
__________________________________________________________________

(қала, көше, үй, корпус, кіреберіс)


Мен, эксперт (маман) _______________________________________________

(ФАТ)
өкілдердің қатысуымен ____________________________________________

(лауазымы, ФАТ, ұйымның атауы )
____________________________________________________________________________________________________________________________________
Лифтінің құрылғысы және қауіпсіз пайдалану Ережесіне (одан әрі ЛҚҚПЕ) сәйкес лифтінің толық техникалық куәландыруы жүргізілді.
Куәландырылу кезінде анықталды:

1. Лифті жабдықтарын орнату жөніндегі мөлшерлер ЛҚҚПЕ регламенті

белгілеген шеңберде.

2. Пайдалану жөніндегі басшылыққа сәйкес, лифт барлық режимде

жұмыс жасайды.

3. ЛҚҚПЕ 11-тарауына сәйкес, лифт сынаққа шыдады.



Лифтіні куәландыру нәтижесі
1. Лифт оның қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ететін ақаусыз жағдайда.

2. Лифтіні пайдалануды ұйымдастыру лифтінің қауіпсіз құрылғысын

пайдалану ережесіне сай келеді.

Ұсынымдар:

Эксперт (маман ) _________________________________________________

(мөрі) (қолы) (ФАТ)


Актімен таныстым
(лауазымы) (қолы) (ФАТ)
Бұл акт лифтінің паспортымен бірге келесі куәландыру мерзіміне дейін сақталады.

______________________


Лифтінің құрылғысын пайдаланудың өнеркәсіптік

қауіпсіздік Талаптарына

10-қосымша



Салынған ғимараттарға лифтілерді орнату кезінде

құрылыс бөліктерінің рұқсат етілген мөлшерлері
1. Машина бөлмесіне өту үшін есік ойығының жарықтағы мөлшері.

1) кеңдігі – 0,6 м кем емес;

2) биіктігі – 1,6 м кем емес;

2. ЛҚҚПЕ 61-тармағының талаптарына жауап беретін люк арқылы машина бөлмесіне кіруге болады. Люктен шыққан кезде мөлшері 0,8 х 0,8 м кем емес бос алаңша болуы тиіс, сондай-ақ, адамдардың құлап қалуының алдын алатын барлық шаралар (қоршаулар, таяныштар және тағы басқалар) қабылдануы керек.

3. Машина бөлмесіндегі жабдықтарға қызмет көрсететін жарықтағы аумақ биіктігі – 1,6 м, жабдықтарға қызмет көрсету аумағына өтетін жарықтағы жер 1,8 м кем болмауы керек.

4. Қызмет көрсету аумағының мөлшері (босалаңша) машина бөлмесінің

алдында орналасқан басқару құрылғылары:

1) шкафтың немесе панельдің сыртқы қабатынан өлшенген тереңдік 0,6 м

кем емес;

2) кеңдігі – 0,45 м кем емес;

5. Механикалық жабдықтарға қызмет көрсету аумағына өтетін кеңдік –

0,4 м кем емес.

6. Машина және блоктау бөлмелеріне өтетін биіктік – 1,8 м кем емес,

мұндайда биіктікті жергілікті 1,5 м кемітуге (баспалдақтар, мәткелер және басқалары) болады.

7. Едендердің деңгей айырмашылығы жағдайында машина (блоктық)

бөлмелерге және машина (блоктық) бөлмелердің едендері 1,0 м аспағанда, есік ашылатын жақтан машина (блоктық) бөлмелер қабырғасында адымы 0,35 м қапсырма шегелермен бекітуге болады. Ондайда қапсырмамен қатар биіктігі

1,0 м кем емес есік баспалдақтары деңгейі үстінен тұтқалар қоюға болады.

8. Арқанмен тартатын шкивті жүкшығыр немесе үйкеліс барабанымен жабдықталған лифт шахтасының биіктігі буфердің толық қысымдағы жағдайында болатын теңсалмақ кезінде мөлшері 0,35 х 0,6 х 0,7 м кем болмайтын өзінің бір қырында жататын «тікбұрышты блокты» орналастыруға жетуі тиіс. Тік аспалы лифтерде , тартқыш элементтері және олардың бекуі осы кеңістікте бола алады, егер тартқыш элементтер 0,15 м аспайтын қашықтықта, тіпті болмаған жағдайда «тікбұрышты блоктың» тік бір элементінің үстінде жатса.

9. Кабина буфердің толық қысымда болған жағдайында, келесі жағдайлар

бір мезгілде орындалуы тиіс:

1) приямкада «тікбұрышты блокты» орналастыру үшін жеткілікті кеңістік

көзделуі тиіс, өзінің бір қырында жатқан, 0,4 х 0,6 х 0,9 м кем болмайтын мөлшерде;

2) приямканың тереңдігі және кабинаның ең төменгі бөлігінің арасындағы саңлау 0,45 м кем болмауы керек. Саңылау 0,2 м көлденең қашықтық бойынша өлшенген мөлшерде 0,05 м деңгейде кішірейтілуі мүмкін:

тік ысырылмалы есіктің фартугі немесе тетіктермен және шахтаға

қосылған қабырғалармен;

кабинаның және бағыттағыштардың ең төменгі бөліктерімен.



____________________

Мазмұны


Бөлім, тарау,

параграф

Мазмұны

Беті

1-тарау

Жалпы тәртібі

3

2-тарау

Құрылыс бөлігіне қойылатын жалпы талап

7

3-тарау

Шахта

8

1-параграф

Шахтаның қоршауы

10

2-параграф

Шахта лифтісінің биіктігі

12

3-параграф

Приямок

13

4-тарау

Жабдықтарды орналастыру

16

1-параграф

Бөлмелерге кіруге болады

16

2-параграф

Машина және жиынтық бөлмелері

17

3-параграф

Өлшемдер

18

4-параграф

Лифт жабдықтарын машина бөлмесінсіз орналастыру

20

5-тарау

Лифтілердің механикалық жабдықтары

21

1-параграф

Шахта есігі

21

2-параграф

Есіктердің механикалық жетегі

22

3-параграф

Бағыттаушы құрылғылар

26

4-параграф

Жүкшығыр

27

5-параграф

Кабина

29

6-параграф

Теңсалмақ және кабинаны теңестіретін құрылғы

33

7-параграф

Ұстағыштар

33

8-параграф

Жылдамдықты шектеу

34

9-параграф

Буферлер

36

10-параграф

Таратқыш элементтер және аспалар

38

6-тарау

Лифтердің электрлі жабдықтары

40

1-параграф

Жалпы талаптар

40

2-параграф

Лифтінің электржетегі

42

3-параграф

Басқарудың түрлері мен жүйелері

44

4-параграф

Электрлі құрылғылар және қауіпсіз тізбектер

50

5-параграф

Электроөткізгіш және электрожабдықтар

56

6-параграф

Жарық және қуат розеткалары

57

7-тарау

Жүккөтеруі. Кабинаның сыйымдылығы

58

8-тарау

Лифтілерді қолдануға рұқсат беру

60

9-тарау

Құрастыру, техникалық қызмет көрсету

61

10-тарау

Тіркеу және лифтіні пайдалануға беру

61

11-тарау

Техникалық диагностика және лифтіні тексеру

63

12-тарау

Лифтілерді пайдалану

67

1-параграф

Қызмет көрсететін персоналды оқыту және аттестациялау

69

13-тарау

Лифтінің жұмысына диспетчерлік бақылау


70

14-тарау

Апатты және бақытсыз жағдайды тексеру тәртібі

71

15-тарау

Соңғы қағида

71

1-қосымша

Лифтінің паспорты

73

2-қосымша

Қоршау мен қозғалмалы бөлшектердің арасындағы қашықтыққа тәуелді механизмдердің қозғалмалы бөлшектер қоршауының тесіктер мөлшеріне қойылатын талаптар

80

3-қосымша

Маятникпен соққандағы шыны панельдеріне

сынақ жүргізу тәртібі



81

4-қосымша

Қауіпсіз тетіктерге сынақ жүргізу тәртібі

86

5-қосымша

Болат арқандарды брактау нормасы

103

6-қосымша

Электрондық компоненттер. Тоқтауды болдырмау

106

7-қосымша

Лифтің толық техникалық куәландыру Актісі

113

8-қосымша

Лифтіні пайдалануға қабылдау Актісі

115

9-қосымша

Лифтіге мерзімді техникалық куәландыру Актісі

118

10-қосымша

Салынған ғимараттарға лифтілерді орнату кезінде құрылыс бөліктерінің рұқсат етілген мөлшерлері

120




Мазмұны

122


Құрметті әріптестер!
«Өнеркәсіп қауіпсіздігі проблемалары жөніндегі ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - «ҰҒЗО» РМК) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 13 шілдедегі № 772 қаулысымен құрылды.

«ҰҒЗО» РМК құрамына келесі еншілес мемлекеттік кәсіпорындар (ЕМК) кіреді:

«Қазақ мемлекеттік тау-кен өнеркәсібіндегі жұмыстардың қауіпсіздігі жөніндегі ғылыми-зерттеу институты» ЕМК, Қарағанды қаласы тел. 8 (7212) 56 00 05;

«Химия, мұнай-химиясы, мұнай-газ өңдеу, микробиология, химиялық-фармацевтикалық және тамақ өнеркәсібі қауіпсіздігінің проблемалары жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу орталығы» ЕМК, Шымкент қаласы, тел. 8 (7252) 53 03 13;

«Түсті металлургия кәсіпорындарының техникалық қауіпсіздігі жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығы» ЕМК, Өскемен қаласы, тел. 8 (7232) 22 51 90;

«Мұнай-газ өнеркәсібіндегі, мұнай және газ саласы бойынша геологиядағы техникалық қауіпсіздік жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығы» ЕМК, Атырау қаласы, тел. 8 (7122) 36 39 98.

«ҰҒЗО» РМК қызметінің мәні мен мақсаты ғылым саласында қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып табылады;

қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздікті ғылыми-әдістемелік, нормативтік және сараптамалық қамтамасыз ету;

техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен өнеркәсіптік қауіпсіздіктің алдын алу мен жою сұрақтары бойынша бірыңғай ғылыми-зерттеу жүйе қалыптастыруға қатынасу;

нормативтік-құқықтық актілер, техникалық регламенттер, әдістемелік ұсыным, талап, норма, нұсқаулық және басқа да нормативтік-техникалық құжаттамалар өңдеуге және басып шығаруға қатынасу;

техникалық құрылғыларды, материалдарды, технологияларды пайдалануға сараптама жұмыстарын жүргізу;

өнеркәсіп қауіпсіздігі проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу және жобалық жұмыстарды орындау;

қауіпсіздік жабдықтары мен авариядан қорғану құралдарын жетілдіру және модернизациялау бойынша ғылыми зерттеу жүргізу, оларды өндіріске енгізу бойынша ұсынымдар дайындау;

өндірістердің технологиялық жабдықтарды пайдалануының, қалдық ресурсты зерттеудің қолданыстағыларын жетілдіру мен жаңа әдістерін әзірлеу;

өнеркәсіп персоналын белгіленген тәртіпте даярлау, қайта даярлау және біліктілігін көтеру оқу бағдарламаларын дайындау;

қауіпті өнеркәсіптік объектілердің қауіпсіздік декларациясын дайындау және оның сараптамасы.

Қызығушылық тудырған барлық сұрақтар бойынша төмендегі мекен-жайға хабарласуға болады:

Қазақстан Республикасы, 010000 Астана қаласы, Жеңіс даңғылы 58, «ҰҒЗО» РМК (е-mail: rgpnnic-mchs@mail.ru) тел./факс: 8 (7172) 39 40 07, 49 32 22, 49 32 23


Сіздерге қауіпсіз еңбек пен табысты нәтиже тілейміз!

Утверждены

приказом Министра

по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан

от «25» июля 2008 года

№ 132





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет