Лифтердің құрылғысын пайдаланудың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары (ЛҚхпт) Требования промышленной безопасности к устройству и эксплуатации лифтов



бет2/27
Дата03.07.2016
өлшемі4.18 Mb.
#174463
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

3-параграф. Приямок
81. Лифт шахтасының төменгі жағында приямок қарастырылады. Приямок жер асты және ағынды сулардың басып қалуынан қорғалады.

82. Қызмет көрсететін персоналдың приямокқа қол жеткізуіне мүмкіндік жасалады. Тереңдігі 2,5 м асатын приямок қол жеткізу үшін осы Талабының 88-тармағына сәйкес есікпен жабдықталады.

83. Есік ойығының босағасынан 0,9 м артық приямок оған кіру үшін есіктің ойығынан қол жеткізуге болатын стационарлық құрылғымен (сатымен, қапсырмамен және тағы басқамен) жабдықталады.

84. Кабинаның буфердің толық қысымда болған жағдайында қамтамасыз етілетіндер:

1) мөлшері 0,5 x 0,6x 1,0 м кем емес өзінің бір қырында жататын, тікбұрышты параллелепипедті орналастыруға жететін приямикте бос кеңістік болады;

2) приямка еденінен кабинаның төменгі бөліктеріне дейінгі саңылау 0,5 м кем болмайды. Бағыттағыштардан 0,2 м мөлшерінде орналасқан приямка едені мен башмактардың, кабина едені астындағы қалқандардың, кабина есіктерінің тік - айқара ашылатын элементтерінің, сондай-ақ, ұстағыштар мен кабина қаңқасының тетіктері арасындағы саңлауды 0,1 м дейін кемітуге болады.

85. Лифт шахтасында осы Талабының 299-тармағына сәйкес қауіпсіз электрлі құрылғы қойылады.

Қауіпсіз электрлі құрылғының орналасуы кіру үшін есіктің ашылуына және приямка еденінен қол жеткізуге мүмкіндік береді. Приямканың тереңдігіне байланысты бір немесе екі құрылғы қойылады:

1) егер приямка еденінен кіру үшін есіктің еденіне дейін 1,55 м аспаса, онда приямок бір ғана қауіпсіз электрлі құрылғымен жабдықталады:

приямка еденінен қауіпсіз электрлі құрылғының басқарғыш элементіне дейінгі қашықтық 2 м аспайды;

приямокқа кіру үшінгі есік босағасының деңгейі қауіпсіз электрлі құрылғының басқарғыш элементіне дейінгі қашықтық 0,45 м аспайды;

есік ойығының аумағындағы босағаның ең шеттегі нүктесінен қауіпсіз электрлі құрылғының басқарғыш элементіне дейінгі көлденеңгі қашықтық 0,75 м аспайды;

2) приямка еденінен кіретін есіктің босағасына дейінгі қашықтық 1,55 м асса, онда приямок екі қауіпсіз электрлі құрылғымен жабдықталады:

приямокқа кіру үшінгі есік босағасының деңгейінен жоғарғы қауіпсіз

электрлі құрылғыны басқарғыш элементке дейінгі қашықтық 1,0 м кем болмайды;

есік ойығының аумағындағы босағаның ең шеткі нүктелерінің жоғарғы

қауіпсіз электрлі құрылғының басқарғыш элементіне дейінгі көлденең қашықтығы 0,75 м аспайды;

приямка еденінен қауіпсіз төменгі электрлі құрылғының басқарғыш элементіне дейінгі қашықтық 1,2 м аспайды.

86. Өрт және қорғау сигналын, диспечерлік бақылау мен жылу беру және щахтаны желдетуге арналған жүйелерден басқа лифтіге қатысы жоқ жабдықтар мен коммуникациялар орнатуға рұқсат етілмейді. Мұндайда қандай да бір басқару қондырғылары мен жылу беруді реттейтін аппараттар лифт шахтасынан тыс жерде орнатылады.

87. Лифт шахтасына жарық берілу осы Талабының 317-тарамағына сәйкес болады. Шахтаға жарық беру шахта ішінен немесе машиналық бөлмеден іске қосылады. Шахтада орнатылған жарық беруді ажыратқыш шахта есігі ашылған жағдайда қол жететін жерде болуы тиіс: есік ойғының аумағындағы босаға нүктелерінің ең шеткі нүктелерінен ажыратқышты басқару элементтеріне дейінгі көлденең қашықтық 0,75 м аспайды.

88. Лифт приямкасында осы Талабының 316 тармағына сәйкес электрлі розетканың болуы қарастырылады.

89. Кабина, теңсалмақ және шахта элементерінің ара қашықтығы 3 суретте көрсетілген кабина элементтері мен шахта арасындағы қашықтық лифтіні пайдалану мерзімі бойынша сақталады.



3

Кабина есігі


Кабина баспалдағы

Шахта есігі

Шахта есігінің баспалдағы


-сурет. Кабина элементтері мен шахта арасының қашықтығы
90. Лифт шахтасының ішкі беті мен кабина табалдырығының, шахта есігі

ойығының жиектелуі және жылжымалы кабина есігінің ең жақын жармасының көлденең қашықтығы 0,15 м аспайды.

Бұл қашықтықты өзгертуге рұқсат етіледі:

1) биіктігі 0,5 м – ден аспайтын 0,2 м шахта шебінде;

2) жылжымалы тік есікпен жабдықталған жүк лифтісінің бүкіл биіктігі

0,2 м бойынша.

Есіктің ашылу аумағында ғана ашылатын механикалық құлыппен жабдықталған есіктері бар кабина үшін қашықтық шектелмейді. Тек осы Талабының 100-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген жағдайдан басқа кезде кабинаның жылжуы кабинаның жабық кезінде ғана жүзеге асырылады.

91. Кабина босағасы мен шахта лифті есіктерінің босағасы арасындағы көлденең қашықтық 0,035 м аспайды.

92. Кабина есігі жармалары мен лифт шахтасы есіктерінің жармалары арасындағы көлденең қашықтық 0,12 м артық болмайды.

93. Шахта есігінің айқара ашылуы мен кабина есігінің жиналмалы түрлерін үйлестіре пайдаланғанда осы есіктердің арасындағы саңылаудан диаметр 0,15 м (4-сурет) шар (цилиндр) өтпейді.




4-сурет
94. Кабина элементтері мен теңсалмақ немесе кабинаны теңестіру құрылғының арасындағы көлденең қашықтық 0,05 м кем болмайды.



4-тарау. Жабдықтарды орналастыру
95. Лифт жабдығы.

Жүкшығыр, онымен байланысты механикалық және электрлі құрылғылар мен блоктар арнайы, сыртқы әсерден қорғалған бөлмелерде орналасады. Бұл бөлмеге бөгде адамдардың кіруіне рұқсат етілмейді.



1-параграф. Бөлмелерге кіруге болады
96. Лифт жабдықтары орналасқан бөлмелердегі өтетін жердің жарығы осы Талабының 319-тармағына сәйкес болады.

97. Лифт жабдықтары орналасқан бөлмелерге кіру көлденең орналасқан алаңшалар бойынша жүзеге асады. Бөлмелердің және оған кіру 0,35 м асатын әртүрлі деңгейде болса, төмендегі талаптарға сай келетін стационарлық баспалдақтар қолданылады:

1) биіктігі 1,5 м асатын баспалдақ көлденеңінен 60 0 аспайтын бұрышта қойылады;

2) жарықтағы сатының ені 0,35 м, баспалдақтың ені – 25 мм кем болмайды. Тік сатының құрылғысы болғанда сатыдан тыс баспалдағы мен қабырға арасы 0,15 м кем болмайды. Баспалдақтар 1500 Н жүктемесіне деп есептеледі;

3) 0,5 м саты биіктігі 0,9 м кем емес таянышпен немесе порученмен жабдықталады;

4) сатының биіктігі 4,0 м аспайды.

Жабдықтарды қоятын бөлменің ойығын жабатын есік пен қозғалмайтын сатының арасында көлденең алаңша болады.Есік ашылуының сызғысы мен алаңшаға жанасқан саты арасындағы қашықтық 500 мм кем болмайды. Алаңшаның мөлшері есіктің айқара толық ашылуына мүмкіндік береді. Деңгей дәрежесі 500 мм асса, алаңша биіктігі 900 мм кем емес таяныштармен жабдықталады.

98. Лифт жабдықтары қойылған бөлмелерде лифтіге қатысы жоқ жабдықтар мен төселетін коммуникацияларды орнатуға болмайды.

Бұл бөлмелерде:

1) лифтіге қызмет көрсететін механизмдер мен тетіктер;

2) желдеткіш, кондиция немесе бумен жылытуды қоспағанда ауаны жылыту жабдықтары;

3) сақтау және өрт сигналдары;

4) өрт сөндіру жабдықтары;

5) жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бөлмелерде жүк көтергіш құралдарын асып қоятын құрылғылар болады. Осы құрылғыда немесе оның жанында қанша салмақ көтеретін немесе қанша жүктеме көтеретіні көрсетіледі.

Жөндеу жұмыстарын қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ететін басқа да жүк көтергіш құралдарын қолдануға болады.

2-параграф. Машина және жиынтық бөлмелері
99. Машина және жиынтық бөлмелерінің барлық жағынан және бүкіл биіктігіне жететін тұтастай қоршауы, жабыны мен едені болады.

100. Машина және жиынтық бөлменің қоршауы осы Талабының 19-тармағына сай болады. Машина және жиынтық бөлменің едені тайғанамайтын және шаң-тозаң қонбайтын жабынмен төселеді.

101. Машина және жиынтық бөлмелеріне кіретін есіктер, құлпымен бірге жабық күйінде мөлшері 5 см2 дөңгелек немесе шаршы алаңшаларға тең бөлінген, есіктің панеліне тік бұрышпен тақау қойылған, қай бір жағынан және қай бір нүктесіне болсын, серпімділік деформациясы 15 мм аспайтын 300 Н салмаққа төзеді. Мұндайда қалдық деформациясы болмайды.

102. Машина бөлмесіне кіретін есік тұтастай болуы және ол ішіне қарай ашылмайды. Жарықтағы есік ойығының мөлшері мынадай болады:

1) ені – 0,8 м кем емес;

2) биіктігі – 1.8 м кем емес.

Машина бөлмесіне люк арқылы кіруге болмайды.

103. Жиынтық бөлмесіне кіретін есік тұтастай болуы және ол ішіне қарай ашылмайды. Жарықтағы есік ойығының мөлшері мынадай болады:

1) ені – 0,6 м кем емес;

2) биіктігі – 1,4 м кем емес.

Машина бөлмесінен жиынтық бөлмесіне люк арқылы кіруге болады.

104. Жиынтық бөлмесіне адамдардың кіруі үшінгі люктің мөлшері жарықта 0,8 х 0,8 м кем болмайды. Люктің қақпағы тұтастай болады. Люкті ашуға жұмсалатын күш 150 Н артық болмайды.

Жабық күйіндегі люк қақпағы 0,2 х 0,4 м мөлшеріндегі алаңдағы люк қақпағының қай бір жеріндегі қалдықсыз деформациясыз 2000 Н күштемеге шыдайды.

Люк қақпағы төмен ашылмауы керек, тек суырылмалы сатыны пайдаланғанда ғана қақпақты төмен ашуға болады.

105. Люктің тұтастай қақпағы машина немесе жиынтық бөлмелеріне материалдар мен жабдықтарды беру үшін төмен ашылмайды. Люк қақпағын ашуға қажетті күш салу 150 Н аспайды.

Люк қақпағының беріктігі 60-тармақ талабына сәйкес болады.

106. Машина және жиынтық бөлмелеріне кіруге болатын есіктері мен люктары сыртынан ашылатын құлыптармен жабдықталады, ал бөлме ішінен кілтсіз ашылады.

Машина бөлмесінен жиынтық бөлмесіне кіруге болатын люк қақпағына құлып орнатпауға болады.

Материалдарды жеткізу үшін пайдаланылатын люк қақпақтарын ішінен жабуға болады.

3-параграф. Өлшемдер
107. Машина бөлмесіндегі жабдықтарға қызмет көрсететін жарықтағы аумақтың биіктігі 2,0 м, жабдықтарға қызмет көрсету үшін өтетін жолдың жарықтағы биіктігі 1,8 м аспайды. Жарықтағы биіктік өтетін жердің еденінен немесе қызмет көрсету аумағынан жабын элементтеріне дейін өлшенеді.

Жүкшығырдың айналмалы бөлшектерінің үстінде 0,3 м кем болмайтын бос кеңістік болады.

Жүкшығырдың машина бөлмесінде болғанында лифт шахтасында, оны тексерістен, сынақтан өткізуге және машина бөлмесінен қызмет көрсетуге мүмкіндік болса, арқанды тартатын шкивты орнатуға болады.

108. Еденнен жабын элементтеріне дейін өлшенетін жиынтық бөлмесінің жарықтағы биіктігі 1,5 м кем болмайды.

Шығырлардың үстінде 0,3 м кем болмайтын бос кеңістік болады.

109. Машина бөлмесіндегі басқару құрылғыларының алдында қызмет көрсететін аумақ ( бос алаңша) көзделеді. Оның шамасы:

1) шкафтар немесе панельдердің үстіңгі жағынан өлшегендегі тереңдік 0,75 м кем емес;

2) ені шкаф немесе панельдің еніне тең, бірақ, 0,5 м кем емес.

110. Машина бөлмесінде орнатылған механикалық жабдықтарға қызмет көрсету және кабинаны қолмен жылжыту үшін мөлшері 0,5 х 0,6 м кем емес, қызмет көрсететін аумақ (бос алаңша) көзделеді.

111. Осы Талаптың 64 және 65-тармақтарына сәйкес қызмет көрсететін аумақтарға өтетін жердің кеңдігі 0,5 м кем болмайды. Жылжымалы бөлшектер жоқ болса, бұл мөлшерді 0,4 м кемітуге болады.

112. Машина бөлмесінде басқару құрылғысын орнатқанда бұл бөлмелер осы Талабының 62, 64 және 66-тармақтарына сәйкес болады.

113. Едендері бірнеше деңгейлі машина немесе жиынтық бөлмелерінде бір деңгейден екіншісіне ауысар кезде стационарлық саты (баспалдақ) деңгейлер айырмашылығы 0,35 м асатын көлденеңінен бұрышы 60 0 немесе көлбеу бұрышы 20 0 аспайтын пандус орнатылады.

Машина немесе жиынтық бөлмелеріндегі едендер деңгейінің айырмашылығы 0,5 м асса, жоғарғы алаңшаға өтетін саты (баспалдақ), пандус биіктігі 0,9 м кем емес баспалдақ таянышымен жабдықталады. Деңгей айырмасы бар аумақтағы жоғарғы алаңша осындай баспалдақ таянышымен жабдықталады.

114. Лифт шахтасының үстіндегі тесіктер бойынша жабын тақтасы немесе еден деңгейінен шығып тұратын 0,05 м биік ернеу орнатылады. Тесіктің шетінен бастап оның үстінен өтетін жылжымалы элементтердің ең аз арақашықтығы 0,01 м кем болмайды.

115. Машина бөлмесіндегі жарық осы Талабының 320-тармағына сәйкес болады. Машина бөлмесінде орнатылатын жарық беруді қосқыш машина бөлмесіне кіре берістен 0,75 м қашықтықта, еден деңгейінен 1,6 м кем болмайтын биіктікте орнатылады.

Машина бөлмесінде электр розетка орнатылады.

116. Жиынтық бөлмесіндегі жарық осы Талаптың 321-тармағына сәйкес болады. Жиынтық бөлмесінде орнатылатын жарық беруді қосқыш машина бөлмесіне кіре берістен 0,75 м қашықтықта, еден деңгейінен 1,6 м кем болмайтын биіктікте орнатылады.

Жиынтық бөлмесінде бір ғана электр розетка орнатылады.

Жиынтық бөлмесінде басқару құрылғалары болған жағдайда осы Талабының 70-тармағының талаптары орындалады.

117. Жиынтық бөлмесіне кіретін (шығатын) жермен қатар осы Талабының 300-тармағы талабына сай келетін қауіпсіз электрлі құрылғы болады.

118. Машина немесе жиынтық бөлмесін солар арқылы төбеге немесе ғимараттың (құрылыстың) басқа бөлмелеріне, лифтіге қатысы болмаса, пайдалануға болмайды.

4-параграф. Лифт жабдықтарын машина бөлмесінсіз орналастыру
119. Жабдықтар орналасатын шахта элементтері лифтіні пайдалану мен сынау кезіндегі күштерге есептелінеді.

120. Шахтадағы жабдықтарға қызмет көрсетудің жарықтағы аумақ биіктігі 2,0 м, жабдықтарға қызмет көрсету аумағына өтетін жарық жолдың биіктігі 1,8 м кем болмайды.

Жарық биіктігі шахтадағы шығып тұрған құрылымдардан бастап, өтетін жердің еденіне немесе қызмет көрсету аумағының еденіне дейін өлшенеді.

Жетектің айналмалы бөлшектерінің үстінде биіктігі 0,3 м кем емес бос кеңістік болады. Бұл талаптың шахта алажабынының астында орналасқан жетекке қатысы жоқ.

121. Шахтада орналасқан басқару құрылымына қызмет жасау үшін оның алдында қызмет жасайтын аумақ көзделеді. Оның мөлшері:

1) шкафтар немесе панельдердің үстіңгі қабатынан тереңдігі 0,75 м кем болмайды;

2) ені шкафтың немесе панельдің толық еніне тең, бірақ, 0,5 м кем емес.

122. Шахтада орналасқан механикалық жабдықтардың жылжымалы бөлшектеріне қызмет көрсету үшін мөлшері 0,5 х 0,6 м кем емес, қызмет көрсету аумағы (бос алаңша) көзделеді.

123. Кабинаның ашылмай қалған кезінде қызмет көрсететін персоналдың өз бетімен шығып кететін мүмкіндіктер қарастырылады.

124. Жолаушыларды эвакуациялауды жүргізу үшінгі басқару құрылымы, сондай-ақ, 126-тармағының талабына сай динамикалық сынақтарды өткізу шахтаның сыртынан жүзеге асады.

125. Шахтада орналасқан жабдықтарға қызмет көрсету мен тексеруді (жүкшығыр, онымен байланысты механикалық және электрлі құрылғы мен шығыршықтар) жылжымай тұрған кабинаның төбесінен жүргізуге болады. Мұндайда мына талаптар орындалады:

1) қызмет көрсету мен тексеру кезінде кабинаның бақылаусыз немесе күтпеген жерден жүріп кетуін болдырмау керек. Бұл мақсат үшін ұстағыштарды пайдаланады;

2) бұғаттау құрылғының іске қосылуын осы Талаптың 344-тармағына сай қауіпсіз электрлі құрылғы бақыланады.

126. Приямкадағы жабдықтарға техникалық қызмет пен тексеру жұмыстарын төмендегі талаптарды орындағанда ғана жүргізуге болады:

1) кабинаны тоқтататын құрылғы көзделеді. Кабина тоқтасымен кабинаның элементтері шығып тұратын құрылғысы мен приямок едені арасындағы қашықтық 2,0 м кем болмайды;

2) бұғаттау құрылғының іске қосылуы осы Талаптың 344-тармағына сай қауіпсіз электрлі құрылғымен бақыланады.

127. Жабдықтарға қызмет көрсету мүмкін болмаған жағдайда лифт шахтасындағы стационарлық алаңша пайдаланылады.

Алаңша қалдықсыз деформацияның көлемі 0,2 х 0,4 м кез келген жеріне түскен 2000 Н жүктемесіне төзеді.

Алаңша 136-тармақ талаптарына сай таянышпен жабдықталады.

Алаңшаның бастапқы жағдайы осы Талаптың 342-тармағына сай қауіпсіз электрлі құрылғымен бақыланады.

Алаңша оны жұмыс қалпына келтіретін құрылғымен жабдықталады. Осы құрылғыны іске қосу шахтаның сыртынан жүзеге асырылады.

128. Жабдықтарды орнатқан аумақтың жарығы осы Талаптың 364-тармағына сәйкес болады.

Шахтаның ішінде қызмет көрсететін аумақта осы Талаптың 358-тармағына сай жарық беруді өшіргіш және розетка орнатылады.

129. Шахта сыртында орналасқан лифт жабдықтары есігі бар шкафта сақталынады. Есік шкафтың ішіне қарай ашылмағаны жөн және кілтпен ашылатын құлып болады. Есік жай жабылады.

Жабдықтарға қызмет көрсету үшін осы Талаптың 121 мен 122-тармақтарына сәйкес қызмет көрсететін аумақ көзделеді.

Шкафқа жарық беру осы Талаптың 365-тармағына сай болады, жарықты өшіргіш шкафтың ішінде орнатылады.

130. Басқару құрылғысы кім көрінгеннен қорғалады және қамтамасыз ететіні:

1) осы Талаптың 303-тармағына сәйкес «Машина бөлмесінен басқару» режимі;

2) кабина қозғалысының бағытын және оның есігі ашылатын аумаққа жетуін немесе жетек жұмысын бақылау мүмкіндігін атқару.

Басқару құрылғысының жарығы осы Талаптың 365 тармағына сай болады.

Басқару құрылғысының алдында мөлшері 0,5 х 0,6 м жарықтағы биіктігі 2,0 м кем емес бос алаңша болады.

Жолаушыларды эвакуациялау жұмысын атқару үшін жолаушылар мен қызмет ететін персонал арасындағы екі жақты байланыс көзделеді.



5-тарау. Лифтілердің механикалық жабдықтары

1-параграф. Шахта есігі
131. Лифт шахтасының қабырғаларындағы ойықтар лифт кабинасына кіру үшін тұтастай есіктермен жабдықталады.

132. Лифт шахтасының есігі сол ғимараттың немесе құрылыстың өрт қауіпсіздігіне жататын талаптарына сай болады.

133. Лифт шахтасының есігі құлпымен бірге жабық күйінде мөлшері 5 см2 дөңгелек немесе шаршы алаңға тең бөлінген және қай бір нүктесіне серіппелі деформация 15 мм аспайтын есік панеліне тік бұрышпен қойылған 300 Н жүктемеге төзеді. Және мұндайда деформация қалдығы мен қызметінің өзгеруіне жол берілмейді.

134. Қабаттағы алаңшада шахта есігінің жарықтағы ойық биігі 2,0 м кем болмайды.

135. Лифт шахтасы есігінің жарықтағы есік ойығының ені кабина есігі ойығының жарықтағы енінен аспайды.

136. Есік ойығы кабинаға жүк тиегендегі күшке есептелген баспалдақпен жабдықталады.

137. Автоматты ысырылмалы есіктің сыртқы тұсында 0,003 м аспайтын шұңқыр мен ойыстар болмауы керек. 0,003 м кем шұңқырлар мен ойыстар жиегі есік ашылар жаққа қарай қисайтылады немесе дөңгеленеді.

138. Осы Талаптың 4-қосымшасына сәйкес, маятникпен соққандағы шыны панельдерін сынақтан өткізу тәртібінің талаптарына сәйкес, есіктерді қоршау үшін көпқабатты шыныны пайдалануға болады.

Бұл талап осы Талаптың 142-тармағына сәйкес жылтыр байқау панельдеріне тарамайды. Әрбір шынының төмендегідей ақпараты көрсетілген маркировкасы болады:

1) шыныны әкелуші фирманың атауы мен сауда маркасы;

2) шынының түрлері;

3) шынының маркировкасы.



2-параграф. Есіктердің механикалық жетегі
139. Механикалық жетектегі автоматты есіктер.

Есіктің жабылып қалуын болдырмаудағы қажетті күш, есіктің алғашқы үштен бір жылжуын санамағанда, 150 Н аспайды. Шахта есігі мен механикалық тетіктермен өте қатаң байланған осы есіктің кинетикалық энергиясы, жабылудың орта шапшаңдығы кезінде 10 Дж аспайды.

Ысырылмалы есіктің жабылудағы орта шапшаңдығы оның бүкіл жылжу жолына есептелінеді. Тек шегерілетіні:

1) есіктердің орталықтан ашылғанында жармалардың шеткі жағдайы 0,025 м;

2) есіктердің бүйірден ашылғанында жармалардың шеткі жағдайы 0,05 м. Жарма есіктің ойығында орналасқан тосқауылға әсер етер алдында немесе кезінде құрылғы жабылатын есіктердің кері қимылдауын автоматты түрде іске қосады.

Кері қимылдау құрылғысы кабинада орнатылады. Бұл құрылғыны шахта

есігіне де орнатуға болады. Есіктің әр жетекші жармасының ең соңғы 0,05 м жылжуы осы құрылғының әсерінсіз өтеді.

Өзара бірге қосылған кабина мен шахта есіктері бір мезгілде іске қосылса, олардың біріккен есік механизмдері үшін осы тараудың талабы күшінде қалады.

Есік ойығында тосқауыл болған жағдайда кері қимылдау (реверс) ағытылып тасталса, шахта есігінің кинетикалық энергиясы есіктің реверсті ажыратқан кездегі қозғалысындағы 4 Дж аспайды.

Ысырылмалы есіктің ашылуын болдырмауға қажетті күш 150 Н аспайды. Осы күшті өлшеуді есіктің ашық күйінде өткізген жөн, мұндайда қатар орналасқан сыртқы панельдердің шеттері немесе панельдің сыртқы шеті мен есік порталының арасындағы қашықтық 0,1 + 0,01 м болады.

140. Ысырмалы - тік есіктер жолаушыларды тасымалдауға болмайтын тек жүк тасымалдау лифтерінде пайдаланылады. Мұндайда:

1) жармалар бір-біріне қатысы жоқ екіден аз болмайтын аспалы

элементтерге ілінеді;

2) аспалы элементтердің төзімділік коэффицентінің запасы 8 ден кем

болмайды;

3) аспалы элементтердің орнына болат арқандарды қолданған кезде

шкивты ораудағы арқанның диаметрі арқанның диаметріне қатысы 25 кем болмайды;

4) қолмен ашылатын (жабылатын) есіктің жармалары теңгеріледі;

5) аспалы элементтер шкив пен жұлдызшалардың жыршықтан шығып кетпеуінен қорғалады.

141. Шахтаның автоматты ысырылмалы есігінің жабылуына жұмсалатын күш 150 Н аспайды.

142. Шахтаның қолмен ашылатын есігінде қабатта кабинаның бар екенін білдіретін ақпар болады:

1) бір мезгілде төменгі талаптарға сай келетін шахта есіктерінде бір немесе бірнеше жылтыр байқау әйнектері:

осы Талаптың 132-тармағына сәйкес келетін механикалық беріктік; жылтыр жағының қалыңдығы 0,006 м кем емес;

лифт шахтасының бір есігі әйнегінің жылтыр алаңшасының қосындысы 0,015 м 2 кем емес;

әйнектің жылтыр жағының ені 0,06 м және 0,15 м аспайды. Ені 0,08 м асатын байқау әйнектің төменгі шеті қабат алаңшасының деңгейіндегі биіктігі 1,0 м кем емес биіктікте болады;

немесе


2) «кабина осы қабатта» деген жарық сигналы.

143. Жармалар, есік ойығын орап байлау мен жармалардың немесе жабық есік кезіндегі жармалар мен босағалар арасындағы саңылау 0,006 м аспайды.

150 Н тең күш түскен жердің қай бір нүктесіне қол тигізгендегі (тетіктерсіз) жетекші есік панелінің (панельдер) бағытындағы көлденеңді-бүктемелі немесе ысырылмалы есіктердің көрсетілген саңылаулары:

1) 0603 м қырынан ашылатын есіктер үшін;

2) 0,045 м ортасынан ашылатын есіктер үшін аспайды.

144. Көлденең – бүктемелі және тік - бүктемелі шахта есіктері жабық күйінде келесі талаптарға сай болады:

1) жармалар есік ойығының жоғарғы жағының орап байлауының 0,015 м, көлденең - бүктемелі есіктің қырын және тік - бүктемелі есіктің барлық жағын жабады; біржақты - ысырылмалы есіктің жарма жағындағы есік ойығының орамын жармамен жабуға болмайды;

2) бір жақты жабылатын жармасы бар көлденең - ысырылмалы есікте бір жарманың екіншісін жабуы 0,015 м, ал жармалар арасындағы саңылау 0,006 м аспайды.

145. Қабат алаңшасындағы шахта есігі қабат алаңшасы деңгейінен кабина 0,2 м қашықтыққа кеткенінше жабылатын автоматты құлыппен жабдықталады.

Автоматты құлып осы Талаптың 147-тармағында көрсетілген талапқа сай есіктің шахтаның сыртынан ашылуына мүмкіндік бермейді:

1) шахта мен кабина есіктері автоматты түрде ашылатын лифт кабинасы қабат алаңшасына жақындай бергенде кабина едені деңгейі мен қабат алаңшасы еденінің арасындағы қашықтық 0,2 м аспағанда ашылады, мұндайда кабина жылжуының шапшаңдығы 0,63 м / с аспайды;

2) шахта мен кабина есіктерінің ашық болған кезінде тиеу - түсіру жұмыстарын жүргізгенде жүк лифтісінің кабинасын қабат алаңшасының деңгейіне жеткізуге болады, мұндайда кабина еденінің деңгейі қабат алаңшасы еденінің деңгейінен шамамен 0,2 м және кабина жылжуының шапшаңдығы 0,3 м / с аспайды;

3) кабинаның жылжуы шахта есігінің автоматты құлпының жабатын элементі құлыптың жауап бөлімшесі көлеміне 0,007 м жылжығаннан кейін ғана мүмкін болады (5 - сурет).


5-сурет. Шахта есігінің автоматты құлпының

жапқыш құрылғысы
Автоматты есіктің құлыптың жабатын құрылғысы осы Талаптың 326-тармағына сәйкес тікелей қауіпсіз қондырғыға әсер етеді.

4) Жабық шахта есігі ашылатын бағытта 300 Н күш салсаңыз, онда есік ашылмайды.

146. Шахта есігінің құлпы осы Талаптың 5-қосымшасының қауіпсіз тетіктерді сынақтан өткізу тәртібіне сәйкес сынақтан өтеді. Құлыпта жасаушы фирма және сәйкестендірілген номер көрсетіледі.

147. Шахта есігі сырттан арнайы кілтпен ашылады.

Ашылғаннан кейін шахтаның автоматты есігі шахта есігінің ашылар аумағында кабина болмағанында автоматты түрде ашылып, жабылады.

148. Қабат алаңшасындағы қолмен жабылатын шахта есігі автоматты құлыптан басқа, есікті жабық күйінде ұстайтын автоматты емес құлып немесе құрылғымен жабдықталады.

149. Қабат алаңшасындағы шахтаның әр есігі, осы Талаптың 323-тармағына сәйкес қауіпсіз электрлі құрылғымен жабдықталады.

Аталған құрылғыны шахтаның автоматты көлденең - ысырылмалы есігіндегі есіктің жабылуын бақылайтын құрылғымен, егер оның іске қосылуы шахта есігінің жабылуына байланысты болса, біріктіруге болады.

Құлыппен жабылмайтын ысырылмалы есік жармасының жабылуы қауіпсіз электрлі құрылғымен бақыланады.

Аталған талап жармалары жабық күйінде ажыратылмайтын кинематикалық байланыстағы есіктерге тарамайды.

Жұмсақ бірнеше кинематикалық байланыстағы жармалардан тұратын көпжармалы ысырылмалы есіктің (мысалы, арқан, белдік немесе шынжыр арқылы) бір ғана жармасын жабуға болады, ондайда оларға тұтқа орнатылмаса, бір рет жабу басқа жармалардың ашылуына мүмкіндік бермейді.

150. Есік, жармалардың бағыттағыштан шығып кетуіне жол бермейтін құрылғымен жабдықталады.

Лифт шахтасының көлденең - ысырылмалы есіктерінің жоғарғы және төменгі бағыттағыштары болады.

Лифт шахтасының тік-ысырылмалы есіктерінің бағыттағыштары екі жақтан болады

151. Жабдықтарға техникалық қызмет көрсету есіктері, аппатты есіктер, шахтаны көру люктері.

1) Жабдықтарға техникалық қызмет көрсету есіктердің жарықтағы мөлшері:

биіктігі 1,8 м кем емес;

ені 0,6 м кем емес.

2) Аппатты есіктердің жарықтағы мөлшері:

биіктігі 1,8 м кем емес;

ені 0,35 м кем емес.

3) Көру люктерінің жарықтағы мөлшері:

биіктігі 1,8 м кем емес;

ені 0,5 м артық емес.

152. Техникалық қызмет көрсететін есік пен апатты есіктер, сондай-ақ, байқайтын люктер ішіне қарай ашылмайды.

153. Техникалық қызмет көрсететін есік пен апатты есіктер, сондай-ақ, байқайтын люктер ашылатын құлпы бар кілтпен жабдықталады. Осы есіктер мен люктерді жабуда кілт қолданылмайды.

Техникалық қызмет көрсететін есік пен апатты есіктер, лифт шахтасының ішінен, егер ол жабық болса да кілтсіз ашылады.

154. Техникалық қызмет көрсететін есік пен апатты есіктер, сондай-ақ,

байқайтын люктер тұтастай болуы керек, механикалық беріктігі, қабаттағы шахта лифтісінің есігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ, осы ғимарат пен құрылысқа қатысты өрт қауіпсіз талаптарына сай болады.

155. Есіктер мен люктердің жабылуы қауіпсіз электрлі құрылғымен бақыланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет