Интермәтінділік тақырыбы – áið ìәғiííiң өçãå ìәғiíãå енгізілói, ìәғiíäåðäiң êiðiãói соңғы кездегі мәдениеттанулық ізденістерде көптеп айтылып жүр. Интермәтінділік құáûëûсы áүêië ìәäåíèåғғi қàìғèäû. Мәтін – қашанда басқа мәтіндер пермутациясы, интермәтінділік. Қандай да болмасын мәғií өçãå ìәғiíäåðäåí өндіріледі әрі өçãå ìәғiíäåðãå қàғûсғû өндіріледі. Áұë ұғûìäû постмодернизмнің орталық ұғымы ретінде әäåáè ìәтіíäi Ì. Áàõғèííiң ûқïàëûìåí полифониялық құðûëûì ðåғiíäå қàðàсғûðғàí Ю. Кристева енгізгендігін алдында айтып өттік.
Ю. Кристева үøií интерìәғií äåãåíiìiç ìәғiíäåð ìåí ғàңáàëàðäûң өçãåðiсêå ғүсêåí íұсқàсû. Èнтермәтінділік мәғií øåêàðàсûí æàңàøà ïàéûìäàóғà æîë àøàды. Интермәтінділіктің íåãiçãi қàсèåғi – iøêi әðғåêғiëiãi, àøûқғûғû, êөïíұсқàëûғû. Ìәғiííiң қàéíàð êөçäåði ғåê ìәғiííåí áұðûí ғана åìåс, îдаí êåéií äå ғiðëiê åғåäi. Áұë ғұðғûäàн êåç êåëãåí ìәғií өçãå ìәғiíäåð êåңiсғiãiíäå æàíäàíûï, қîсûìøà ìàғûíàға ие болады деген сөз. Ал мәтінді интермәтінділік деп түсіну мәтінді белгілі бір қоғам және тарих шеңберінде түсіну деген сөз. Интермәтінділік концепциясының мәні мынада: әрбір жазып отырған адам үнемі бөтен контекстер ықпалында болады (әлеуметтік, ғылыми, тұрмыстық, саяси, әдеби және т.т.), сөйтіп, оның мәтіні автор қаласын-қаламасын көптеген дискурстар қиылысқан тұсқа айналады.
Ю. Кристева интермәтіннің пайда болуын "оқу-хат" деп атайды. Өйткені интермәтін өзге дискурстарды оқу барысында пайда болады. Сондықтан "әрбір сөз (мәтін) оның ар жағында, ең кем дегенде, тағы бір сөз (мәтін) оқылатындай қиылысу нүктесінде орналасады" [142, 289-290 бб.]. Мәтін қашанда, Ж. Деррида айтпақшы, "басқа мәтін үстіне жазылғандай", көне терминді пайдалансақ, палимпсест сынды. Палимпест (грекше "қайта жонып, тазарту") деп ертедегі кездерде, қазіргідей арзан қағаз болмағанда, қымбат пергаментті үнемдеу мақсатымен ондағы жазылған бастапқы мәтінді жуып әлде жонып кетіріп, оның үстіне басқа жаңа мәтін жазылған көне қолжазбаны айтады.
Интермәтінділік бастапқыда таза филологиялық, әдебиеттанулық мәселе сияқты болып көрінгенімен, олай емес. Ол – кең ауқымды семиотикалық мәселе, нағыз мәдениеттанулық мәселе. Мысалы, И. Бродскийдің мына жолдары:
"Я Вас любил. Любовь еще
(возможно, что просто боль)
сверлит мои мозги.
Все разлетелось к черту на куски…
…Я Вас любил так сильно, безнадежно,
как дай вам Бог другими –
но не даст!"
(И. Бродский. Двадцать сонетов к Марии Стюарт.)
Мұнда біз ХІХ ғасыр басындағы ғашықтық лирикасының интимді-патетикалық дискурсының ХХ ғасыр соңындағы постмодернистік ирониялық-"атрагикалық" дискурспен кездесуін көреміз. Үйреншікті, жастайыңнан жаттап алған өлең жолдарының бірінің сол дағдылы күйінде қалып, ал келесісінің мүлдем басқаша түрөзгеріске ұшырауы бастапқыда идентификациялық конфуз тудырғанымен, соңыра жаңа мағыналы мәтін ретінде қабыл алынары сөзсіз.
Келтірілген өлең жолдары нағыз профанациялау поэтикасы – киелі сөзді "періште, ғашықтық" пафосын салтанатты патетикалық тілден қарабайыр күнделікті адам тіліне аудару. Солай жасап отырған И. Бродский кезінде ақынды тіл құралымен салыстырған. Әлгіде сөз болған тілге, мәтінге, интермәтінділікке қатысты айтылған ойлардың постмодернистік философияның шоқтығы биік тұсы деуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |