«лингвомәдениеттану» курсы бойынша дәрістердің ҚЫСҚаша мазмұНЫ



бет18/27
Дата02.01.2022
өлшемі498 Kb.
#452238
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27
«лингвом дениеттану» курсы бойынша д рістерді ЫС аша мазм НЫ

Тіл модельдеуші жүйе дейміз. Осындағы модель дегеніміз белгілі бір интеллектуалдық құрылым немесе шынайы әлемнің қандай да бір бөлігі, фрагментін нақты белгіленіп берілген тар шеңберде, белгілі бір ракурсте суреттеу үшін қажет жалпылама идеалды құрылым. Модель – формализацияланған жүйе, оның құрылымы басқа бір жүйенің құрылымына ұқсас, изоморфты. Мәдениет моделі оның аумақты да күрделі жүйесін түгелдей дерлік көз алдына елестетпейді, қайта мәдениеттің нақты қырын, оның атқаратын қызметін суреттейді. Мысалы, шынайы әлемнің әмбебап модельдеуші жүйесі – табиғи тіл. Сондықтан да оны бірінші модельдеуші жүйе деп те атайды. Онымен қатар, табиғи тілдік деңгейден жоғары жатқан коммуникативтік құрылымдар – екінші тілдер, яғни екінші модельдеуші жүйелер де бар. Екінші модельдеуші жүйелер тілдік үлгіде, тілдік пішінде жасақталады. Екінші модельдеуші жүйелерге ғылым, философия, өнер және тағы сол сияқтыларды жатқызамыз. Олардың барлығының қосындысынан мәдениетті модельдеуші жүйені немесе сол мәдениеттің тілін табамыз.

К. Леви-Стростың пікірінше, мәдениет дегеніміз айрықша коммуникативтік код немесе күрделі құрылымды "мәтін". Мәтін өзінің байланыстарымен, түрөзгерістерімен, “ойынымен” мәдениет моделін жасайды. Ол өз бойына бәрін сіңіретін мәдениеттің айнасы әрі қылжақбасы, пародиясы және беделін түсірушісі, сөйте тұра, ол алдындағы мағыналар құраған қиял-елестерден ажыратушы да. Бір сөзбен айтқанда, Хайдеггердің дефистік хат тәсілінің әлеуеттілігін пайдаланар болсақ, мәдениет дегеніміз Мәтін-иет.

Ақпарат теориясы тұрғысынан алсақ, мәдениет дегеніміз тұқым қуаламайтын ақпараттар жиынтығы және оны сақтау мен ұйымдастыру тәсілі. Бұдан әртүрлі тұжырым жасауға болады. Ең бастысы, ақпараттың адамзаттың өмір сүруінің басты шарты екендігі тұжырымдалады. Өзін-өзі сақтап қалу үшін күрес – мейлі ол биологиялық болсын, мейлі әлеуметтік тұрғыдан болсын – ақпарат үшін күрес. Мәдениет коммуникациясы ақпарат алмасу негізінде жүзеге асады. Ал ақпарат алмасу үшін өзіндік тіл немесе жүйеленген белгілер жиынтығы қажет.

Р. Барт мәтін лингвистикасын, немесе транслингвистиканы негіздей отырып, мәтін ұғымын кең талдаған. Ол мәтін деп кез келген байланысқан сөзден құралған үзіндіні (фрагментті) атаған. Мәтін өндіру басқа өндіріс түрлеріне іштей имманентті түрде кірістірілген. Сонымен, мәтін қоғам, тарих, құндылықтық бағдар және мәдени-әлеуметтік контекстпен байланысқан. Р. Барт мәтіннің “шексіз ашықтығын”, оның “мәңгілік тұңғиығын” көп айтқан. Содан ол шығарманың жалғыз ғана мәнінің болмайтындығы туралы тұжырымдаған. Шығарма мәтіні мәдени-әлеуметтік контекстке тәуелді.

Жоғарыда айтылғандар мәтіннің өзіне іштей қатысты имманентті дүниелер туралы болса, енді мәтіннен тысқары құрылымға көшелік. Мәтін (текст) мен мәтінмаңы, мәтінге қосарлы – қосмәтін (контекст) арақатынасы өте күрделі. Мәтінмаңын (контекстіні) сол мәтінмен жұмыс істеген әрбір адам әлемі құрайды. Ол сол мәтінді оқыған оқырман да болуы мүмкін, ол туралы сұрау салған ізденуші де болуы мүмкін, соны талқылаған талдаушы интерпретатор да болуы мүмкін, оны басқа тілге түсінікті еткен аудармашы да болуы мүмкін. "Мәтін – зат емес, сондықтан да оны қабылдаушы екінші бір сананы жоққа шығару мүмкін емес" [140, 303 б.].



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет