«лингвомәдениеттану» курсы бойынша дәрістердің ҚЫСҚаша мазмұНЫ



бет8/27
Дата02.01.2022
өлшемі498 Kb.
#452238
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27
«лингвом дениеттану» курсы бойынша д рістерді ЫС аша мазм НЫ

Толеранттылық принципі – әрбір көзқарастың келесісінен артық та, кем де емес, өзге, басқа тепе-теңдік екендігін мойындау. Демек, біз, мүмкіндігінше, өзіміз қарастырып отырған тақырып көлемінде бар көзқарастарды толығымен қамтып, көрсетуге тырысамыз.

Симуляция тәсілі тілдік құрылымды танымдық мазмұны жоқ шындық (реальность) деп танытады. Тіл шындықты (реальность) объективтілік ретінде көрсетеді, бірақ шындық шындығында дәп сол тіл айтқандай болып шықпайды. Симуляция логикасына сай, кез келген белгі өзінің материалдық референтін (өзінің нені білдіретіндігін) жоғалтады. Ендеше, мән тасымалдаушысының өзі жоқ болады. Демек, объективті зат феноменге айналады, яғни қиялдағы шындық түріне өтеді. Симуляция – тіл әлемі. Симуляция тәсілі – өмірде кездесетін когнитивті процедуралардың бір де біреуіне берілмейтін даралық, біртуарлық. Ол дегеніміз басқалардан айырықша болуды білдіреді. Симуляция принципін нақтылай түсетіндей мүмкіндік беретін диссертациялық ізденістің симулякрға қатысты айтылар тұсының болатындығын ескере отырып, осылайша қысқаша қайырамыз.

Жоғарыда тоқталып өткен Сепир-Уорфтың лингвистикалық салыстырмалылық гипотезасына сай, аударма теориясында аударыларлық/аударылмастық мәселесі туындайды. Аударыларлық/аударылмастық теориялық альтернативасын П. Рикер өзінің "Аударма парадигмасы" ("Парадигма перевода") деген еңбегінде басқа альтернативамен алмастыру керектігі туралы айтады. Ол альтернатива – аударманың түпнұсқаға дәлдігі/дәл еместігі, сәйкестігі/сәйкессіздігі болып өзгеруі тиіс.

Лингвомәдениеттанулық құбылыс ретінде аударманы жан-жақты қарастыру барысында белгі, таңба, тіл, мәтін, интермәтін, дискурс және т.б. сынды бірін бірі туындата өрбитін ұғымдарға тоқтала кету керектігі анық. Аударма мәселесі тілмен, тілдік көптүрлілікпен тығыз байланысты. Тіл – мәдениеттің мәйегі әрі мәдени аударылуды мүмкін етуші құрал. "Тіл дегеніміз не?" деген сұрақ басқа сұрақтардан гөрі ХХ ғасыр рухани жағдаятын анықтайтын сұрақ болған еді деп сенімді түрде айта аламыз. Бұл сұрақтың маңызы тіл мамандарының таза кәсіби қызығушылығының шегінен шығып тұр. Тілге деген түрлі көзқарастың қалыптасуы оны объективациялауға, яғни оны ізденіс пәні ретінде алуға деген талпыныстан туындаған. Бірақ әйгілі философ Л. Витгенштейннің драматизмге толы тәжірибесі көрсеткендей, тіл туралы сұрақтың тереңін ақыл-ойдың қарауына түгелдей сыйғызып жіберу мүмкін емес екен.

Естеріңізге сала кетейік, "Логикалық-философиялық трактаттарында" [125] Л. Витгенштейн кемел таза тіл іздестіріп, соның мүмкіншілігін негіздеген болатын. Сол шығармасының қатты сындар соққысында қалғанын көрген әрі өзінің де тілге деген көзқарастарын қайта саралауға мәжбүр болған ғалым "айтып жеткізілуі мүмкін емес дүние жайлы үндемеген жөн" деп, біраз уақытқа дейін үн-түнсіз жүрген кездері де болған. Кейінірек ол өзінің тілге деген бастапқы ұстанымын түбегейлі түрде өзгертіп, "таза" тіл іздеу орнына күнделікті пайдаланыстағы "тазартылмаған" тілді қарастыруға кірісті [126]. Нәтижесінде, ол "еш қоспасыз стерильденген" таза тіл болмасына көзі жетіп, тіпті, тілішілік контексті ғана емес, сонымен бірге, тілден тысқары жатқан контекстіні де ескеру керектігін тұжырымдады. Ақыр аяғында, Л. Витгенштейн тілді пайдалану барысындағы мағына концепциясын туындатты.

ХХ ғасырда жаппай тілді философиялық тұрғыдан зерттеу басталды деп жоғарыда айтқан едік. Сол зерттеулерді топтап, төмендегідей үш кезеңге бөліп, рет-ретімен тезистер арқылы былайша беруге болады:

1. Тіл – ойдың негізгі құралы. Сондықтан тілді оның логикалық мәніне сай пайдалану таным туралығын береді. Бұл түсінік – логикалық позитивизм жолындағылардың түсінігі.

2. Тіл – ойдан тысқары, трансценденталды әлем. Сондықтан тілді түсініксіз мағыналардан ажырату таза ойлауға әкелуі тиіс. Бұны феноменологиялық ұстаным дер едік.

3. Тіл ойдан бұрын болған құрылым, ендеше, тіл категориялары ой категорияларын анықтайды. Бұл жол – структурализм жолы.

Тілдік таңба арқасында адамзаттың бүткіл тарихындағы тәжірибесі жоғалып кетпей, қоғамдық игілік түрінде әлеуметтік дамудың үздіксіздігі мен сабақтастығын қамтамасыз етеді. Кез келген табиғи тіл – тарихи тұрғыдан қалыптасқан белгілік-таңбалық жүйе. Тілдей белгілік жүйеге өзінің мәдени мәнділігі жағынан басқа ешбір таңбалар тең келмейді. Тіл өте ыңғайлы әрі үнемді белгілер жүйесі. Сөйлегенде біз аса көп қуат жібермейміз, кейбіреулер, тіпті, одан рахат алады десе де болады. Үйреншікті тіліміз оңай, қарапайым болып көрінгенімен, ол өте көпқұрылымды, тарамдалған, иерархиялы, көпдеңгейлі белгілер жүйесі екендігін естен шығармау керек.

Мәдени жады тұқым қуалау жолымен, яғни генмен берілмейтіндігі белгілі. Демек, ол белгіге айналған, таңбалап салынған түрде ғана өз мұрагеріне жетеді. Белгі, таңба деп, ең кең де қарапайым түсінікте, алдын ала бекітілген әлеуметтік шарттылыққа сүйене отырып, әлдененің орнында тұрған, сол әлдененің орнын басып тұрғанның бәрін айтады. Адамзаттың жинақтаған білімі, шеберлігі, дағдысы, өзін-өзі ұстау формалары, салт-дәстүрлері тек қана нақты мәдениет жүйесінде қалыптасады. Сондықтан да белгі-таңба әрбір жаңа ұрпаққа сол ұрпақ тиесілі мәдениеттің мәдени ақпаратын сақтап, жеткізу үшін қажет деген сөз. Ондай тасымал түрлері өте көп (салт-дәстүр, әдет-ғұрып, өнер және т.б.). Солардың ішіндегі ең бірегейі тіл деуге толық негіз бар.

Адамзат тарихының өн бойында орасан көп белгі-таңбалар жасалынды, оларсыз адам әрекетін көзге елестету де мүмкін емес. Нақты адам үшін сол белгілер, таңбаларды немесе солардың жүйесін игеру, білу оның басқа адамдармен қатынасқа кіресілі, тиесілі екендігін танытады. Өздігінен бір де бір таңба құнды емес, ешбір мәні жоқ, тек қана ол нақты бір белгілер жүйесіне ену арқылы және өзара қатынас құруы арқылы бағалы. Мысалы, сәлемдесуге арналған белгілер жүйесі бар. Біздер қол алысып, кеуде қағысамыз, біреулер – тәжім етіп, иіледі және т.с.с. Осындағы қол алысу, кеуде қағысу, тәж ету өздігінен ешқандай құндылық емес, ал, бірақ адамдар арасындағы қарым-қатынас тұрғысынан алғанда олар үшін аса маңызды рәсім.

Барлық таңбалар жүйесі біріге келіп, белгілі бір социумның белгілі бір кезеңдегі мәдениетін құрастырады. Әрбір таңбаға белгілі бір мағына берілген, яғни әр таңба өзінің функциясы мен мазмұнына ие. Таңба мазмұны күрделі, көпжақты, сығыңқы ақпаратты бойына сыйғызады. Белгіге айналған әлем – аударылған әлем, өйткені ол өзінің түпкі нұсқасынан, түпкі жүйесінен мүлдем бөлек жүйеге, жаңа шындыққа айналдырылған әлем. Кез келген семиотикалық ізденісте белгі ұғымына сын көзбен қарауға тура келеді. Содан барып оның анықтамасын беру, оның тарихи дамуына тоқталу, оның басқа да таңбалаушылық тәжірбиелерге қатынасын және олардың арасындағы рөлін анықтау қажеттілігі туындайды.

Белгі-таңба бүгіндері тек лингвистиканың ғана емес, сонымен қатар, философияның да, оны тәсілдемелік негіз ететін мәдениеттанудың да орталық ұғымы. Белгілік-таңбалық қызмет тек қана адам бойында ғана кездесетін ерекшелік. Жануарлардың өміріндегі сигналдар, мысалы, дыбыстар арқылы, жүріс-тұрысының өзгеруімен берілетін сигналдар эволюция нәтижесінде пайда болған әрі олар тұқым қуалау жолымен ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Тек адам ғана үнемі өзіндік белгілер жасайды, оларға белгі туралы мағлұмат тұқым арқылы жетпейді. Белгілер – адамзат мәдениетінің тіршілік ету формасы, болу түрі. Бірақ та осы бір адам қабілеті басқа мәдениеттерді қабылдау және түсіну барысында үлкен мәселе де туғызатындығы жайлы алдыңғы тараулардағы аударыларлық/аударылмастық дилеммасы, Сепир-Уорфтың лингвистикалық салыстырмалылық теориясы туралы жазған тарау-бөлімшелерде айтқан едік.

Тілдің белгілік-таңбалық табиғатына тоқталмастан бұрын, осы арада белгі-таңба туралы тереңірек мағлұмат бере кеткен жөн. Осы ізденісте белгі-таңба деп қатар беріп отырғанымыз қазақ ауызекі тіліне тән сөздерді қосарландыру тәсілінің әсері емес. Ол тілге қатысты контексте белгі мен таңбаның ара жігін ажырата қараудың қиындығында болып тұр. Ол бір біздің басымыздағы жайт емес, тіпті, филолог ғалымдардың өздері де анық-қанығын ажыратпаған мәселе. Өйткені тіл біліміне қатысты зерттеулерде тілдің таңбалық сипаты туралы айтылғанмен, аракідік таңба мен белгіні теңдес ұғым ретінде баламалай қолдануға да кезігеміз. Ж. Дерриданың "Грамматология жайында" деген үлкен шығармасын аударушы Ә. Қодар "таңба" сөзін қолданады. Бірақ көптеген философиялық, мәдениеттанулық оқулықтар, анықтама-сөздіктер мен мақалалардан біз ғалым-зерттеушілердің тілді белгілер жүйесі деп алатындығын да білеміз. Осындай жағдайды есте ұстай отырып, бұл диссертациялық жұмыста тілге қатысты белгі-таңба қосарлы тобының арасын ашпай алып отырмыз. Дегенмен, сол екі сөздің де мән-мағынасына тереңдеген жөн.

Картезиандық адам типінің тоқырауы мен мәдениет дегуманизациясы нигилизм философиясының мұрасы ретінде. Құдай және адам «өлімі» философиясының эсхалогиялық дискурсі. С. Кьеркегор, А. Шопенгауэр, Ф. Ницше философиялары классикалық мәдениеттің тарихилығы, рационалдылығы, антропологизміне және батыстық өркениет моделіне сын ретінде. ХХ ғасыр басындағы әлеуметтік-мәдени орта. Ғасыр басының мәдени авангарды. Осы кезең мәждениетіндегі философиялық-теориялық және көркемдік-эстетикалық қозғалыстаро. ХХ ғасыр басындағы мәдениет қайраткерлерінің көркем-эстетикалық манифестері.

Модерн және реализм: эпистемалар мен эстетикалық құндылықтардың ауысуы. Позитивизм және модернизм. Декаданс және гуманистік оптимизм. Соцреализмнің көркемдік әдісі. Тоталитарлық қоғамдардың мәдениеті. Әлеуметтік ортаның модернизациясы және модерн мәдениеті. Модернизмнің теориялық және философиялық негіздері. А. Бергсонның интуитивизмі. Э. Кассирердің рәміздік формалар философиясы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет