«лингвомәдениеттану» курсы бойынша дәрістердің ҚЫСҚаша мазмұНЫ


Этнолингвистиканың лингвомәдениеттанудың қалыптасуындағы орны



бет9/27
Дата02.01.2022
өлшемі498 Kb.
#452238
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27
«лингвом дениеттану» курсы бойынша д рістерді ЫС аша мазм НЫ

Этнолингвистиканың лингвомәдениеттанудың қалыптасуындағы орны.


Этнолингвистиканың негізін қалаушылар қатарына В.Гумбольдт пен Э.Сепирды жатқызуға болады. Олардың этнолингвистикалық концепциялары мәдениет пен тілдің ішкі ажырамас бірлігін танытады. Тіл арқылы мәдениеттің бойындағы ғасырлар бұрын орын алған өзгерістерді танып білуге болады.

Белгіге қарабайыр түсінік беретін болсақ, ол – өзінен бөлек басқа бір нәрсені, затты, құбылысты білдіретін және басқаларға жеткізетін құрылым. Барлық белгілер үшін ортақ функция – оның бізге өзінен өзгеше басқа нәрсені білдіретіндігі деп анықтайды Ә. Тұрғынбаев пен Л. Нұсқабаева [62, 216 б.]. Белгі өзінің басқа зат пен сол затты қабылдаушы (рецептор) арасындағы атқаратын қызметіне қарай анықталатындығын көрсетіп тұр. Демек, белгі интенционалды, яғни үнемі бірдеңеге бағытталған. Ал, жалпы, интенционалдық деп сананың затты көздейтіндігін білдіретін және өзінің әлемде барлығын танытатын сананың қасиетін айтады.

Белгілер: табиғи, иконалық, конвенционалды, вербалды және т.б. болып бөлінеді. Белгілер жіктемесін ғалымдар түрліше беруі мүмкін, бірақ олардың барлығын осында келтіріп жату мүмкін де емес әрі біздің ондай алға қойған міндетіміз де жоқ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет