«лингвомәдениеттану» курсы бойынша дәрістердің ҚЫСҚаша мазмұНЫ


ЛИНГВОМӘДЕНИЕТТАНУДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ-МӘДЕНИЕТТАНУЛЫҚ ПӘНДЕР АРАСЫНДАҒЫ ОРНЫ



бет7/27
Дата02.01.2022
өлшемі498 Kb.
#452238
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27
«лингвом дениеттану» курсы бойынша д рістерді ЫС аша мазм НЫ

ЛИНГВОМӘДЕНИЕТТАНУДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ-МӘДЕНИЕТТАНУЛЫҚ ПӘНДЕР АРАСЫНДАҒЫ ОРНЫ
Қарым-қатынас, коммуникация сферасында тіл қоян-қолтық араласудың қажетті құралы ретінде, ақпарат тасымалдаудың белгілік-таңбалық формасы ретінде анықталады. Тілден мәдениеттің байлығын, оның рухани-материалдық құндылықтарын ғана емес, сонымен бірге, сол мәдениеттің өзінің қалыптасу жолын да, тарихын да, басқа мәдениет түрлерімен байланыса ықпалдасу ерекшеліктерін де лингвомәдениеттанулық призмамен көруге болады.

Лингвомәдениеттанулық ізденістер плюрализм, толеранттылық принциптерін, симуляция тәсілін ұстанады. Оларға қысқаша тоқталып кетер болсақ, былай: плюрализм принципі бойынша болмыстағы кез келген феноменге (мәдени, саяси және т.б.) толығымен үйлесімділік танытатын объективті заңдылық жоқ екендігі мойындалады. Болмыстың өзіне әуел бастан алуандылық, көптүрлілік тән. Мәдениеттің өзі әу бастан плюралды әлем. Ол – көпвекторлы (көпбағытты), көпполярлы (көпдіңгекті). Осы айтылғандарды мәдениеттің мәйегі – тілге де қатысты тұжырымдай аламыз. Сондықтан лингвомәдениеттанулық феномендерді плюрализм принципі негізінде қарастырған жөн.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет