Ауылдық округтер саны
|
28
|
Қалалық әкімдіктер саны
|
3
|
Ауыл саны
|
72
|
Халық саны
|
221 395 адам
|
Халқының құрамы
|
қазақтар (76,16%), орыстар (14,29%), украиндар (2,96%), немістер (1,25%), татарлар (1,21%), беларустар (0,59%), корейлер (0,48%), басқа ұлт өкілдері (3,06%)
|
Автомобиль коды
|
20
|
Әкімдіктің мекенжайы
|
Жезқазған қаласы, Алаш алаңы, №1
|
|
|
|
|
|
|
Әкімшілік-аумақтық құрылысы
№
|
Әкімшілік бірлік
|
Аумағы
км²
(1-11-2019)
|
Халқы
адам
(1-01-2022)
|
Халық
тығыздығы
ад./км²
|
1
|
Жаңаарқа ауданы
|
62 347,81
|
34 758
|
0,56
|
2
|
Ұлытау ауданы
|
122 931,05
|
12 351
|
0,10
|
3
|
Жезқазғанқаласы
|
1 760,97
|
91 619
|
52,03
|
4
|
Қаражалқаласы
|
792,43
|
18 699
|
23,60
|
5
|
Сәтбаевқаласы
|
1 104,35
|
69 571
|
63,00
|
Барлығы
|
188 936,61
|
226 998
|
1,20
|
|
Жаңаарқа ауданы
Жаңаарқа ауданы — Ұлытау облысының шығыс бөлігінде орналасқан әкімшілік бөлік. Аудан 1928 жылы құрылды. Аудан аумағы 50,9 мың шаршы километрге тең. Орталығы Жаңаарқа кенті. Аудан батысында Ұлытау ауданымен, солтүстігі мен шығысында Қарағанды облысының Нұра, Абай, Шет, оңтүстігінде Түркістан облысының Созақ және Жамбыл облысының Сарысу аудандарымен шектеседі.
Ауданның құрылу тарихы
Тарихы
1928 жылы Ақмола округі құрамында Асанқайғы ауданы құрылды.
1929 жылы Сәкен Сейфуллиннің ұсынысымен Асанқайғы ауданы Жаңаарқа ауданы болып өзгертілді.
1930 жылы Ақмола округі таратылып, аудан тікелей республиканың қарамағына өтті.
1932 жылы Қарағанды облысының, 1934 жылы қайта құрылған Қарқаралы округінің құрамына енді.
1936 жылы Қарқаралы округі таратылып, аудан Қарағанды облысының құрамына қайтарылды.
1938 жылы Ескене ауылдық кеңесі Талдыбұлақ ауылдық кеңесі болып өзгертілді.
1941 жылы Ақадыр, Атасу, 1950 жылы Қаражал, Жамбыл елді мекендеріне жұмысшы кенті мәртебесі берілді.
1954 жылы Қызылтау, Көктіңкөлі, Ортау ауылдық кеңестері құрылды.
1955 жылы Айнабұлақ ауылдық кеңесі құрылды.
1956 жылы Дария темір жол станциясы маңындағы елді мекенге жұмысшы кенті мәртебесі берілді.
1957 жылы Топар, Красная Поляна ауылдық кеңестері құрылып, кейін екеуі де Тельман ауданына берілді.
1958 жылы Бұрма ауылдық кеңесі құрылды.
1959 жылы Сталин ауылдық кеңесі Көктіңкөлі ауылдық кеңесіне қосылды.
1961 жылы Атасу, Қараағаш, Қызылшоқы, Талдыбұлақ ауылдық кеңестері біріктіріліп, Дружба ауылдық кеңесі құрылды. Кейін Бидайық ауылдық кеңесі құрылды.
1962 жылы Рассвет, Просторный ауылдық кеңестері құрылды. Бірлік, Қарауылтөбе ауылдық кеңестері Сәкен Сейфуллин; Жарық, Түгіскен ауылдық кеңестері Түгіскен ауылдық кеңесі болып бірікті.
1963 жылы Тельман ауданының Красная Поляна ауылдық кеңесі ауданға берілді. Ақадыр, Жамбыл, Успен кенттері Ақшатау өнеркәсіптік ауданының құрамына еніп, Қаражал кенті облыстық маңызы бар қалаға айналды. Дария кенті Абай қаласының қарамағына берілді.
1964 жылы Ақшатау өнеркәсіптік ауданы таратылып, Жамбыл, Успен кенттері Жаңаарқа ауданының құрамына қайтарылды.
1965 жылы Абай және Қаражал қалалық кеңестерінің қарамағында болған Дария, Жарық кенттері Жаңаарқа ауданының құрамына қайтарылды. Жамбыл кенті Қаражал қаласының қарамағына өтті.
1966 жылы Успен жұмысшы кенті ауылдық кеңес болып қайта құрылды.
1967 жылы Ақтау, Ералиев, Целинный ауылдық кеңестері құрылды.
1971 жылы Жарық кенті Шет ауданына берілді.
1973 жылы 20 наурызда аудан жаңадан құрылған Жезқазған облысының құрамына енді. Жаңаарқа ауданының Ақтау, Қызылтау, Ортау ауылдық кеңестері Ақадыр ауданына, Дария кенті мен Бұрма, Көктіңкөлі, Красная Поляна, Просторный, Успен ауылдық кеңестері Шет ауданына берілді.
1974 жылы Ақадыр ауданынан Ақшатау ауылдық кеңесі қосылды. Қызылжар ауылына жұмысшы кенті мәртебесі берілді.
1978 жылы Ақтүбек, 1979 жылы Аппаз, 1986 жылы Ақтасты ауылдық кеңестері құрылды.
1997 жылы 3 мамырда Жезқазған облысы таратылып, аудан Қарағанды облысының құрамына енді.
2004 жылы Дружба ауылдық округі Байдалы би, Рассвет ауылдық округі Қараағаш болып өзгертілді. Аппаз ауылы мен ауылдық округіне Мұқажан Жұмажановтың есімі берілді.
2017 жылы Ақтасты ауылдық округі таратылып, Талдыбұлақ ауылдық округі құрылды.
2020 жылы аудан орталығы Атасу кенті Жаңаарқа кенті болып қайта аталды. Целинный ауылдық округінің атауы Орынбай болып өзгертілді.
2022 жылы Ұлытау облысы құрылып, Жаңаарқа ауданы облыс құрамына енді.
Халқы
Тұрғындары 34 462 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (92,93%), орыстар (4,93%), украиндар (0,48%), татарлар (0,46%), немістер (0,26%), беларустар (0,19%), басқа ұлт өкілдері (0,95%).
Достарыңызбен бөлісу: |