Ұлытау облысы



бет3/4
Дата28.09.2024
өлшемі379.1 Kb.
#504087
1   2   3   4
Документ (7)

Әкімшілік бөлінісі
34 елді мекен 2 кенттік әкімдік пен 12 ауылдық округке біріктірілген:



Әкімшілік бірлік




Орталығы

Елді мекендері

Халқы (2021)

Айнабұлақ ауылдық округі




Айнабұлақауылы

1

▼217

Ақтау ауылдық округі




Ақтау ауылы

3

▼519

Ақтүбек ауылдық округі




Ақтүбекауылы

4

▼1512

Байдалы би ауылдық округі




Атасу ауылы

2

▼868

Бидайық ауылдық округі




Бидайықауылы

4

▼1429

Ералиев ауылдық округі




Ералиевауылы

5

▼1784

Жаңаарқа кенттік әкімдігі




Жаңаарқакенті

1

▲17420

Жұмажанов ауылдық округі




Мұқажан Жұмажановауылы

2

▼811

Қараағаш ауылдық округі




Ынталыауылы

2

▼916

Қызылжар кенттік әкімдігі




Қызылжаркенті

1

▼1439

Орынбай ауылдық округі




Орынбайауылы

2

▼480

Сейфуллин ауылдық округі




Ынтымақауылы

2

▼620

Талдыбұлақ_ауылдық_округі'>Талдыбұлақ ауылдық округі




Талдыбұлақауылы

3

▼764

Түгіскен ауылдық округі




Түгіскенауылы

2




Ірі елді мекендері



Атауы

Халқы 
(2021)

Жаңаарқа

▲17420

Түгіскен

▼1758

Қызылжар

▼1439

Ералиев

▼1315

Бидайық

▼912

Атасу

▼846

Ақтүбек

▲840

Ынталы

▼808

М. Жұмажанов

▼726

Талдыбұлақ

▼640

Ынтымақ

▼589

Кенжебайсамай

▲511



Шаруашылығы
2006 жылы ауыл шаруашылығы өнімнің айтарлықтай бөлігін мал шаруашылығы құрады. Аймақта ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге 540,1 мың гектар ауыл шаруашылық жерлер пайдаланылады, оның ішінде 40,5 мың га егістік алқаптар. 2006 жылғы астыққа 34,1 мың га ауыл шаруашылық дақылдары егілетін егістік жерлер пайдаланылды, оның ішінде 23,0 мың га дәнді дақылдар, картоп – 0,2 мың га, көкөніс – 0,1 мың га.

  • 2006 жылы: 14,4 мың тонна дәндер; 3,9 мың тонна картоп; 2,9 мың тонна көкөніс дақылдары; 9,7 мың тонна ет (тірі салмақта); 28,3 мың тонна сүт; 1923,0 мың дана жұмыртқа өндірілді.

  • 2007 жылғы 1 қаңтарда: ірі қара мал саны 37,5 мың бас; қой мен ешкі – 106,0 мың бас; шошқа – 0,6 мың бас; жылқы – 24,0 мың бас; құс – 30,8 мың басты құрады.

  • Өндірілетін өнеркәсіптік өнімнің негізгі түрлері: нан мен нан өнімдерін, ұн, өсімдік майы, металл кендерін шығару, электр энергияны тарату, локомотивтерді жөндеу.

2006 жылғы өндірістік өнім көлемі (үй шаруашылық есебінсіз) 1344,5 млн. теңгені құрады.


Ұлытау ауданы


Ұлытау ауданы — Ұлытау облысыныңбатысында орналасқан әкімшілік бөлік. Аудан 1939 жылы құрылған. Аудан аумағы 122,9 мың шаршы километрге тең. Орталығы – Ұлытауауылы. Аудан батысында Ақтөбе облысының Ырғыз ауданымен, солтүстік-батысында Қостанай облысының Жангелдин, Амангелді аудандарымен және Арқалық қаласымен, шығысында Жаңаарқа және Қарағанды облысының Нұра ауданымен, оңтүстігінде Түркістан облысының Созақ, Қызылорда облысының Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандарымен шектеседі.


Ауданның пайда болу тарихы
Ұлытау ауданы 1939 жылы 16 қазанда Қарсақпай ауданының шағындалуы есебінен құрылды. Аудан құрамына Қарсақпай ауданының Ұлытау ауылдық кеңесі мен 1-ден 8-ге дейінгі ауылдық кеңестері енді.
1941 жылғы мәліметтер бойынша аудан құрамында Айыртау, Алғабас, Кеңгір, Қызылшың, Кішітау, Первомай, Социалды, Терісаққан және Ұлытау ауылдық кеңестері болды.
1944 жылы 27 маусымда Жезді марганец кеніші маңындағы елді мекенге жұмысшы кенті мәртебесі беріліп, Жезқазған ауданынан Ұлытау ауданына ауыстырылды.
1954 жылы 14 сәуірде Қостанай облысыАмангелді ауданының Қорғасын ауылдық кеңесі аудан құрамына берілді. 1954 жылы 2 маусымда Жезді марганец кеніші маңындағы жұмысшы кенті Жезқазған ауданына беріліп, атауы Марганец жұмысшы кенті болып өзгертілді.
1956 жылы 27 сәуірде Қорғасын кенішінің елді мекеніне жұмысшы кенті мәртебесі берілді.
1957 жылы 17 желтоқсанда Айыртау және Социалды ауылдық кеңестері Айыртау ауылдық кеңесіне (орталығы Айыртау а.), Алғабас және Кеңгір ауылдық кеңестері Кеңгір ауылдық кеңесіне, Қызылшың және Первомай ауылдық кеңестері Первомай ауылдық кеңесіне (орталығы Бозтұмсық а.) біріктірілді.
1959 жылғы мәліметтер бойынша аудан құрамында Айыртау, Кеңгір, Кішітау, Первомай, Терісаққан, Ұлытау ауылдық кеңестері мен Қорғасын кенті болды. 1959 жылы 16 желтоқсанда Қорғасын кенті ауылдық елді мекенге жатқызылды. Қорғасын кенттік кеңесінің құрамында болған елді мекендер Терісаққан ауылдық кеңесіне беріліп, Терісаққан ауылдық кеңесінің орталығы Шеңбер елді мекенінен Қорғасын елді мекеніне көшірілді.
1962 жылы 22 тамызда орталығы Бетбұлақ ауылында Алғабас ауылдық кеңесі құрылып, қарамағына Алғабас кеңшары берілді. Осы шешіммен Айыртау және Ұлытау ауылдық кеңестері Ұлытау ауылдық кеңесіне біріктірілді.
1963 жылы 2 қаңтарда Ұлытау ауданы таратылып, ірілендірілген Жезді ауданынақосылды. Таратылған уақытта аудан құрамында Алғабас, Кеңгір, Кішітау, Первомай, Терісаққан, Ұлытау ауылдық кеңестері болды.
1972 жылы 10 наурызда орталығы Никольский кентінде Жезқазған ауданы құрылып, құрамына Жезді ауданының Алғабас, Жетіқоңыр, Кеңгір, Сарысу ауылдық кеңестері енді. 1972 жылы 22 наурызда аудан орталығы Никольский кентінен Ұлытау ауылына көшірілді. Осы жарлықпен Жетіқоңыр, Сарысу ауылдық кеңестері Жезді ауданынақайтарылып, Первомай, Терісаққан және Ұлытау ауылдық кеңестері Жезді ауданынан Жезқазған ауданына берілді.
1973 жылы 20 наурызда аудан жаңадан құрылған Жезқазған облысының құрамына берілді.
1974 жылы 10 қарашада Жезқазған ауданы Ұлытау ауданы болып өзгертілді.
1978 жылы 31 мамырда орталығы Егінді ауылында Егінді ауылдық кеңесі құрылды.
1982 жылы 22 қазанда орталығы Терісаққан ауылында Терісаққан ауылдық кеңесі құрылды. Ал орталығы Қорғасын ауылындағы аттас ауылдық кеңес Қорғасын ауылдық кеңесі болып өзгертілді.
1989 жылы аудан құрамында Алғабас, Егінді, Кеңгір, Кішітау, Қорғасын, Первомай, Терісаққан, Ұлытау ауылдық кеңестері болды. 1989 жылы 28 маусымда Кеңгір ауылдық кеңесі (орталығы Малшыбай а.) Жезқазған қалалық кеңесінің қарамағына берілді.
1997 жылы 3 мамырда Жезқазған облысы таратылып, аудан Қарағанды облысына өтті. 1997 жылы 23 мамырда Жезді ауданытаратылып, Ұлытау ауданына қосылды.[3]
2022 жылы Ұлытау облысы құрылып, Ұлытау ауданы облыс құрамына енді.
Халқы
Тұрғындары 12 822 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (93,37%), орыстар (5,07%), татарлар (0,39%), украиндар (0,30%), немістер (0,54%), басқа ұлт өкілдері (0,64%).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет