Тәуіп ауылдық округі әкімі К. Тілеужановтың «Тәуіп ауылдық округінің 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы» есепті баяндамасы



жүктеу 48.32 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі48.32 Kb.
Тәуіп ауылдық округі әкімі К.Тілеужановтың

«Тәуіп ауылдық округінің 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы» есепті баяндамасы
Тәуіп ауылдық округі Ақтөбе облысы,Ырғыз ауданының оңтүстік шығыс бөлігінде орналасқан.Тәуіп селолық кеңесі болып 1960 жылы ашылды,1991 жылдан Тәуіп ауылдық округі болып құрылды. Ауылдық округтің орталығы-Құйлыс ауылы, аудан орталығынан 90 ,облыс орталығынан 540 км.қашықтықта жатыр.

Бұдан басқа ауылдық округке 7 км жерде орналасқан Қаракөл елді мекені қарайды.Округ аумағында «Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» орналасқан.Ауылдық округтің жалпы жер көлемі- 349000 гектар.

Тәуіп ауылдық округі бойынша Құйлыс,Қаракөл елді мекендерінде 135 аулада 900 адам тұрады.Олардың 62–і зейнеткер,округ бойынша еңбекке жарамды 459 адам бар,одан жұмыс жасайтындары 169 адам, 275 адам өзін өзі еңбекпен қамтығандар санатында.

Ауылдық округ әкімінің жұмыс жоспары мемлекет басшысының Жолдауларынан туындайтын тапсырмаларды орындауға,халықтың әл-ауқатын жақсарту бағытындағы мемлекеттік және өңірлік бағдарламалардың орындалуына жұмыс жасауға бағытталған.

Мемлекет Басшысының Жолдауына және тапсырмаларын іске асыру барысында алынған мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларға сәйкес Тәуіп ауылдық округінде бірқатар жұмыстар атқарылып келеді.

Ауыл шаруашылығын дамыту ауылды көтерудің,ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының бірден бір басты шарты болып табылады.

Ауылдық округтің негізгі өндірісі-мал шаруашылығы.Меншіктің барлық түрлері бойынша 2015 жылдың 1қаңтарына 2358 бас мүйізді ірі қара,9430 бас қой-ешкі, 401 бас жылқы, 196 бас түйе бар. Ауылдық округ бойынша мал азығын дайындау науқанында 13265 тн табиғи шөп дайындалып, қазіргі уақытта барлығы тасылып, шөппен толық қамтамасыз етілді.

Тәуіп ауылдық округінде жалпы 11 шаруашылық құрылымы, 9 шаруа қожалығы 2 ЖШС бар. Облыс әкімі А.Б.Мұхамбетовтың 2014 жылғы Ырғыз ауданына жұмыс сапары барысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру барысында «Сыбаға», «Құлан» , «Алтын асық» бағдарламаларын жүзеге асыру жұмыстарын жандандыру мақсатында шаруашылық құрылымдарына бағдарламалар жөнінде түсінік жұмыстары жүргізілді. 2014 жылы «Әбен» шаруа қожалығы «Құлан» бағдарламасы бойынша 2 млн 150000 теңге несие алып жылқы малын сатып алды. «Ырғыз» кредиттік серіктестігі арқылы «Аманбек» шаруа қожалығы 4 млн. несие алып қой шаруашылығын дамытуда. Алдағы уақытта да осы бағдарламаларға қатысып мал басын ұлғайту үшін «Қожакөл» шаруа қожалығы «Сыбаға» бағдарламасына, «Сер-Мақ» шаруа қожалығы «Құлан» бағдарламасына, «Мадияр» шаруа қожалығы «Алтын асық» бағдарламасына құжаттарын дайындауда.

Биылғы жылы егіс алаңы 11,9 гектар құрады.Шаруашылық құрылымдарының ішінен «Қожакөл» шаруа қожалығы 2,1 тонна картоп, 7,5 тонна бақша өнімдерін, 1,5 тонна көкөніс өнімдерін өндіріп халыққа ұсынды.



Шағын кәсіпкерлік саласы бойынша 12 жеке кәсіпкер тіркеліп жұмыс жасап тұр.Олар халыққа жолаушы тасымалы қызметі, сауда қызметін жасап тұрғындарға қажетті азық түлік, киім ,тұрмыстық, шаруашылық заттармен қамтамасыз етуде. Жергілікті атқарушы биліктің жұмысындағы маңызды мәселе тамақ өнімдерінің негізгі түрлеріне бағалардың өсуіне жол бермеу болып табылады,осы мақсатта бағаларға мониторинг жүргізіліп сауда нүктелеріндегі азық түлік бағасы тұрақты түрде ұсталынып келеді.

Жұмыспен қамту.Тәуіп ауылдық округі бойынша 2014-2018 жылдарға арналған жұмыспен қамту картасы жасалды.«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы негізінде округ бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына қаржыландырумен 1 адам әлеуметтік жұмысқа орналастырылды.Бағдарламаның 3-ші бағыты бойынша Ақтөбе техникалық колледжінде 1 бала тегін білім алуда. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының 2 бағыты бойынша «Мадияр» шаруа қожалығы күн сәулесінен қуат алатын генератор алды. Отбасыларды кедейлік жағдайдан шығаруға бағытталған жұмыстар нәтижесінде ауылдық округ бойынша кедей отбасылар санаты жоқ.Табысы азық-түлік себетінің бағасынан аспайтын 18 жасқа дейінгі балалары бар 9 отбасыға жәрдемақы тағайындалып төленіп келеді.

Коммуналдық қызмет.Округ бойынша барлық әлеуметтік нысандар қысқы от жағу маусымына қатты және сұйық отынмен толықтай қамтамасыз етіліп, қазіргі таңда тоқтамай жұмыс жасау үстінде.Жеке тұрғындарға қажетті қатты отынмен қамтамасыз ету кәсіпкерлермен келісілгендей қолжетімді бағамен сатылды.

Әлеуметтік сала.Округ бойынша әлеуметтік нысандардан 1 орта мектеп, 1 балабақша,1 дәрігерлік амбулатория,1 фельдшерлік пункт,клуб,кітапхана жұмыс жасайды.Пошта,байланыс жұмысы халыққа қалыпты қызмет көрсетуде.Мерзімді баспасөзге жазылу жұмыстары қарқынды жүргізіліп,баспасөз уақытында жеткізіліп тұрады.Тұрғындардың барлығына жуығы телефон байланысымен қамтылған.Ауылдағы барлық отбасы сандық «Отау» телетартқышын пайдаланып отыр. Аптаның барлық күндері аудан орталығына жүйелі түрде көлік қатынап жолаушы тасымалын қамтамасыз етіп тұр. 2 елді мекенде де ауыз су құдықтары пайдаланылады.Құдықтарға көктем және күз айларында залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.Ауыз су автокөлікпен тасымалданып халыққа тасылып беріледі.

Абаттандыру мен көгалдандыру.Санитарлық-экологиялық жағдайды жақсарту аясында ауылдық округ аумағын санитарлық тазалауға айрықша көңіл бөлінуде.Ауылдық округ аумағында көгалдандыру,санитарлық тазарту және абаттандыру бойынша 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында екі айлық ұйымдастырылып өткізілді.2014 жылғы тұрғындармен есепті кездесуде тұрғындардың Құйлыс ауылының көшелерін жарықтандыру туралы ұсыныстары бойынша жыл ішінде жұмыс жасалып нәтижесінде Қ.Р.Тәуелсіздігіне 20 жыл көшесі «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы арқылы 753.0 теңгеге жарықтандырылды.

Қоғамдық тәртіп.Азаматтардың қауіпсіздігін,қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуде 1 учаскелік полиция инспекторы жұмыс жасайды.Мал ұрлығы жоқ. Округ бойынша қоғамдық саяси ахуал тұрақты.Желтоқсан айында учаскелік полиция инспекторы жаңа қызмет автокөлігімен қамтылды.

Ырғыз ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Тәуіп ауылдық округі әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу,болдырмау жөніндегі жұмыстар атқарылуда.Сыбайлас жемқорлыққа қатысты жағдайлар орын алған жоқ және сыбайластық көріністерге жол бермеу жіті бақылауға алынған.



Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын тұрғындарға насихаттау және түсіндіру тұрақты жүргізіліп келеді.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет