ҚЎлпыбаев с



бет100/315
Дата24.11.2023
өлшемі3 Mb.
#484375
түріОқулық
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   315
каржы-кулпыбаев-2007

Жасалу сфераларына қарай мемлекеттің кірістері:
1) материалдық өндіріс сферасында қалыптасатын кірістер;
2) өндірістік емес сферада жасалатын кірістер болып жіктеледі.
Қаржылық мазмұны бойынша мемлекеттің кірістері:
1) салықтық;
2) салықтық емес (мемлекет иелігінен алудан және жекешелендіруден түсе­тін табыстар және т.б.) болып бөлінеді Салықтық кірістерді жұмылдыру жағда­йында меншік нысандарының ауысымы болуы мүмкін.
Жұмылдыру әдістері бойынша кірістер орталықтандырылған және орталықтандырылмаған болып жіктіледі.
Салықтық емес кірістердің тізбегі сан алуан: бұған, мысалы, олардың мынадай түрлері кіріктіріледі:
1.Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер (мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысы бөлігінің түсімдері; Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің таза табыс бөлігінің түсімдері; мемлекеттік және республикалық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер; мемлекеттік меншіктегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер; бюджеттік қаражаттарды бөлек шоттарында орналастырғаны үшін сыйақылар, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі Үкіметтің депозиттері бойынша сыйақылар, мемлекеттік бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар; мемлекеттік меншіктен түсетін басқадай кірістер).
2.Мемлекттік бюджеттен (республикалық және жергілікті бюджеттерден) қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларын (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін түсімдер.
3.Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлкеттік сатып алуларды өткізуден түсетін ақшалай түсімдер.
4.Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің бюджетінен ұсталынатын және қаржыландырылатын (шығыстар сметасы) мемлкеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санциялар, жаза қолданулар.
5.Гранттар (қаржылық көмек, орталық мемлекеттік органдар тартатын гранттар).
6.Басқадай салықтық емес түсімдер (мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің дебиторлық, депозиттік берешектерінің түсімдері, бұрын мемлекттік бюджеттен алынған пайдаланылмаған қаражаттарды қайтару, мұнайлық сектор ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджетке түсетін басқа салықтық емес түсімдер).
Мемлекеттің кірістеріне сондай-ақ негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер жатады, бұған мыналар кіреді:
мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сату;
мемлкеттік материалдық резервтен тауарларды сату;
жерді және материалдық активтерді сату.
Трансферттер мемлекет кірістерінің түсімдері болып саналады.
Мемлекеттік кірістерінің келесі тобы – бюджеттік кредиттерді өтеу, соның ішінде мемлекеттік бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу, заңи тұлғалардың төленген мемлекеттік кепілдер бойынша талаптарды қайтару; мемлекеттік кепілдер бойынша міндеттемелерді атқаруға бағытталған қаражатарды қайтару және басқалары.
Мемлекеттік кірістерінің жекелеген тобын мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер құрайды, соның ішінде: мемлекеттің қаржылық активтерін елдің ішінде сатудан түсетін түсімдері республикалық және коммуналдық меншіктегі заңи тұлғалардың қатысу үлесін, бағалы қағаздарын сатудан түсетін түсімдері мүлктік комплекс, жедел басқару немесе республикалық және коммуналдық кәсіпорындардың шаруашылықтық басқаруындағы мемлекеттік меншік түріндегі республикалық және коммуналдық мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындарды сатудан түсетін түсімдер.
Қоғамның таза табысы ақшалай нысанда қосымша өнімнің құнын білдіреді, яғни өткізу кезінде қосымша өнім таза табыстың нысанын алады.
Қосымша өнімнің және тиісінше таза табыстың аса маңызды бөлігі шаруа­шылық жүргізуші субъектілердің таза табысы болып табылады.Онда кәсіпорын­ның шаруашылық қызметінің барлық жақтары неғұрлым толық бейнеленеді.Сондықтан таза табыс өндіріс тиімділігінің маңызды құндық көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Таза табыс өсуінің басты факторлары мыналар болып табылады:
еңбек өнімділігін арттыру (өнімді өндірудің көлемін арттыруды қамтамасыз ететін және өнім өлшеміне жұмсалатын еңбек шығындарын, яғни өзіндік құнды төмендететін);
өнім өндіруге жұмсалатын материалдық және ақшалай ресурстарды үнемдеу;
өнім сапасын жақсарту;
негізгі және айналым өндірістік капиталдарын пайдаланудың тиімділігін арттыру;
өндірістің табиғи жағдайлары.
Практикада жекелеген шаруашылық жүргізуші субъектілер табысты бағаны жөнсіз көтеру есебінен көбейтуге тырысады, бұл кәсіпорын-тұтынушылардың табыстылығын азайтуға ұрындырады, қоғам мүдделеріне қайшы келеді, өйткені жеке шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүдделеріне ұлттық табысты үйлесімді бөлуді өзгертеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   315




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет