ҚЎлпыбаев с


сызба. Қаржылық ресурстар, мемлекеттің кірістері мен шығыстары



бет99/315
Дата24.11.2023
өлшемі3 Mb.
#484375
түріОқулық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   315
каржы-кулпыбаев-2007

11.1 сызба. Қаржылық ресурстар, мемлекеттің кірістері мен шығыстары
Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыс құнының жекелеген құрамды бөліктері үкіметтің де, сондай-ақ мемлекетке қарасты шаруашылық құрылымдардың да мемлекет кірістері мен қаржылық ресурстарының жүйеісін қалыптастырады. Олардың арасында негізгі орында шаруашылық жүргізуші субъектілердің қосылған құн салығы, акциздер, сыртқы экономикалық қызметтен түсетін табыстар, әлеуметтік қажеттерге (зейнетақы қорларына) аударылатын аударымдар түріндегі қоғамның таза табысы алады. Бұған сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімінің бағасындағы айырмашылқтарды реттеу жөніндегі шаруашылық ұйымдарының өзара қарым-қатынастарың сальдосы да жатады. Табыстардың бұл түрлері бөлгіштік үдерістерге түрліше қатыса отырып, меншіктің түрлі нысандарының кәсіпорындарында жасалады.Егер қосылған құн салығынан, кедендік баждардан түсетін түсімдер түгелдей мемлекет қарамағына берілсе, таза табыс,әлеуметтік мұқтаждарға аударылатын аударымдар тек жарым-жартылай беріледі.
Мемлекет кірістерінің көзі ұлттық табыс болып табылады, ал қаржылық ресурстар жалпы қоғамдық өнімнің барлық сомасын бөлу және қайта бөлу кезінде жұмылдырылады. Мемлекеттің шығыстарын жабу бүкіл қаржылық ресурстардың жиынтығымен қамтама­сыз етіледі.
«Мемлекеттің кірістері» және «мемлекеттік бюджеттің кірістері» ұғымдары да бір-біріне тең әрі ұқсас ұғымдар емес. Бірінші жағдайда қатынастардың неғұрлым кең топтары туралы әңгіме болып отыр, өйткені мемлекеттің кірістері құрамына, жоғарыда атап өтілгендей, мемлекеттік бюджеттің кірістерінен басқа мемлекеттік кәсіпорындардың, ұйымдардың, бірлестіктердің таза табыстары, мемлекеттік мүліктен алынған табыс, мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар, салықтық түсімдер және т.б., ал мемлекеттік бюджеттің кірістеріне олардың жұмылдырылған бөлігі ғана кіреді.
Мемлекет кірістерінің сипаты айтарлықтай дәрежеде мемлекеттің өзіне қажет ақшаны жұмылдыратын әдістеріне байланысты болып келеді. Рыноктық экономика жағдайында мемлекеттің кірістерін жұмылдырудың негізгі әдістері салықтар (оның түрлі нысандары), қарыздар және эмиссия болып табылады. Түрлі тарихи кезеңдегі бұл әдістердің ара салмағы әр түрлі болады және қаржылық саясаттың мазмұнымен, шаруашылық жағдаятымен, нақты экономикалық және әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісу дәрежесімен және тағы басқа көптеген факторлармен айқындалады.
Мемлекет кірістерінің жүйесінде орталық орынды салықтар алады. Олар рыноктық тұрпаттағы дамыған экономикалық жүйеде әрекет ететін қаржының негізгі қасиеттерін білдіретін әмбебаптық және сонымен қатар басты категория болып табылады. Рыноктық экономика жағдайында салықтық нысан қаржылық өзара байланыстардың бүкіл жүйесінде басымырақ болады.
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан мемлекет кірістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық тетігі, мемлекет кірістерін, тиісінше, бюджеттік ресурстарды да қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.
Фискалдық маңызы бойынша екінші әдіс мемлекеттік қарыздар болып табылады. Олар тек бюджет тапшылығын жабуға емес, сонымен бірге әр түрлі күрделі шығындарды, әсіресе экономиканың мемлекеттік секторындағы қаражаттарды инвестициялауды қамтамасыз етуге пайдаланылады. Қаржы жүйесінің әр түрлі буындарының шиеленісуі күшейе түсіп отырған экономикалық дағдарыс кезінде қарыздардың маңызы айтарлықтай артады. Қарыздар мемлекет қаржыларының түрлі буындарында, республикалық және жергілікті бюджеттерде, мемлекеттің тартылған қаражаттары құрамында қолданыс тауып отыр. Олар түрлі деңгейдегі бюджет тапшылығын жабуда кеңінен қолданылуда. Сонымен қатар қаржы рыногының жұмыс істеуі қарыздарды мемлекеттік кәсіпорындардың шығындарын жабу үшін де пайдалануға мүмкіндік береді. Кәсіпорындарды жаңғыртуға, олардың материалдық-техникалық базасын жаңартып, ұлғайтуға бағытталған күрделі жұмсалымдарды қаржыландыру енді қарыздардың облигацияларын өткізу арқылы қосымша қаржылық ресурстарды тарту есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.
Мемлекет кірістерін жұмылдырудың үшінші әдісі эмиссия, оның үстіне тек қағаз-ақшалай эмиссия ғана емес, сонымен қатар кредиттік эмиссия болып табылады. Эмиссияға мемлекет салықтық және қарыздық түсімдер мемлекеттің өсіп отырған шығындарын жабуды қамтамасыз ете алмағанда, оның үстіне қаржы рыногында жаңа қарыздарды шығаруға қолайсыз жағдайда ғана иек артады.
Қағаз-ақшалай эмиссия да, кредиттік эмиссия да егер олар шаруашылық айналымның қажеттілігіне байланысты болмай бюджет тапшылығын жабу қажеттілігімен байланысты болса, экономикада инфляциялық үдерістердің күшеюіне әкеп соқтырады. Сондықтан дамыған рыноктық шаруашылық елдері әдетте кредиттік эмиссияға жүгірмей, оны қарызбен алмастырады.
Мемлекеттің кірістерін жұмылдырудың жоғарыда аталған әдістері мемлекеттік басқарудың әр түрлі деңгейіндегі бюджеттік қорларды қалыптастыруға мүмкіндік жасайды. Бұл жерде эмиссия қолданылмайды. Орталықтандырыл­маған ақшалай қорларды жасау барысында аударымдар, түрлі жарналар, ерікті түсімдер және т.б. әдістер кеңінен пайдаланылады. Бұл әдістер өте-мөте мемлекеттік кәсіпорындарда қолданылады.
11.2.Мемлекет кірістерінің сыныптамасы

Мемлекеттің кірістерін сыныптау олардың экономикалық мағынасын, құра­мы мен мақсатты бағыттылығын, қалыптасу қағидаттарын, яғни мемлекет кірістерінің бүкіл жүйесін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.


Меншік нысандарын ұйымдық-құқықтық ресімдеуге қарай мемлекеттің кірістері мыналардан тұрады:
1) мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың табыстарынан;
2) жеке кәсіпкерлік сектордың салық түсімдерінен;
3) қоғамдық, кооперативтік және ұжымдық кәсіпорындардың салықтық түсімдерінен;
4) халықтың салықтық төлемдерінен;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   315




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет