ҚЎлпыбаев с



бет98/315
Дата24.11.2023
өлшемі3 Mb.
#484375
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   315
каржы-кулпыбаев-2007

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. Мемлекеттің қоғамдағы экономикалық қызметі оның қандай функцияларында көрінеді?
2. Экономикалық ресурстарды қайта бөлудің қажеттігі неден туады?
3. «Жанама нәтижелердің» іс-әрекеті неде және оларды реттеу үшін қандай шаралар қабылданады?
4. «Қоғамдық тауар» ұғымы дегеніміз не?
5. Қоғамдық тауарларды өндіруде және олармен қамтамасыз етуде қаржының рөлі қандай?
6. Мемлекет қаржысының экономикалық мәні неде?
7. Мемлекет қаржысының негізгі буындарын атап шығыңдар және оларға қысқаша сипаттама беріңдер.


11-тарау. Мемлекеттің кірістері


11.1. Мемлекет кірістерінің мәні

Мемлекет қаржысының әрекеті кезінде өзара тығыз байланысты екі үдеріс пайда болады: мемлекеттік құрылымдардың қарамағына қаржылық ресурс­тарды жұмылдыру және қаражаттарды мемлекеттің әр түрлі қызметтеріне пай­далану. Бұл үдерістердің алғашқысы өзінің көрінісін мемлекеттің кірістері ұғымында, екіншісі мемлекеттің шығыстарында табады.


Мемлекеттің кірістері деп экономикалық қатынастардың жүйесін айтады, бұл қатынастардың үдерісінде мемлекеттің жұмыс істеуінің материалдық
база­сын жасау үшін мемлекеттің меншігіне түсетін қаражаттардың жиынтығы құры­лады.
Табыстар (кірістер) – қаржылармен тығыз өзара іс-әрекет ететін күрделі экономикалық категория; қаражаттар шығындарымен (оларды жүзеге асыру уақтысымен тәуелсіз түрде) байланысты белгілі бір қызметтің нәтижесі. Табыстар өндірістің, коммерциялық, делдалдық, өзге нысаналы қызметтің нәтижесі болып табылады және қайта жасалған өнім мен қызметтерді бөлу стадиясында пайда болады. Табыстардың аралық сипаты болуы мүмкін, яғни өзінің қалыптасуынан кейін бөліністің жаңа кезеңіне көшеді немесе ұдайы өндіріс­тің жаңа стадиясына – айырбасқа көше отырып, (түпкілікті табыстар ретінде түпкі­лікті табыстар деп қорланымға және тұтынуға тікелей пайдаланылатын табыстар­ды айтады) қызмет атқаруға мүмкін. Табыстардың аралық сипаты бір шаруашылық жүргізуші субъектінің табыстары басқа субъектінің шығыстары есебінен қалыптасатындығында, мысалы, табыс салығын төлегенде кәсіпкерлік сектордың шығыстары мемлекеттің табыстары (кірістері) болып табылатындығында немесе әлеуметтік мақсаттарға жұмсалған мемлекеттің шығыстары халықтың жекелеген топтарының табыстары болып табылатындығында көрініп білінеді.
Жиынтық қоғамдық өнімді бөлудің нәтижесінде мемлекеттің, жеке кәсіпорындардың, шаруашылық ұйымдардың және халықтың бастапқы табыстары жасалынады. Бастапқы табыстар бөлу мен қайта бөлудің үдерістеріне ұшырайды, мұнда маңызды рөлді қаржы орындайды. Бұл үдерістердің нәтижесінде ақшалай қаражаттар, ең алдымен бюджеттік ресурстар жасалынады.
Жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қаржы арқылы халықтың табысының бір бөлігі алынады, кәсіпорындардың жалпы табысы (пайдасы) бөлініске ұшырайды – оның бір бөлігі бюджетке түседі, басқа бөлігі кәсіпорындарда қалады және ішкі шаруашылықтық мұқтаждарға пайдаланылады.
Сонымен бірге қызметтің өндірістік емес сферасының мекемелері көрсететін қызметтерді төлеу арқылы халықтың бастапқы табыстары да қайта бөлінеді. Бұл түсімдер қызметтер көрсету сферасы кәсіпорындарының (мысалы, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және т.б.) табыстарын құрайды. Сөйтіп, табыстар қоғамдық өнімнің құнын шаруашылық жүргізуші субъектілер бойынша бөлуге байланысты адамдардың қарым-қатынастарын білдіретін дербес экономикалық категория ретінде болады.
Мемлекеттің кірістері мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағына қаржылық ресурстарды қалыптастырумен байланысты болатын қаржылық қатынастардың бөлігі ретінде көрінеді. Сонымен бірге жұмылдырылатын мемлекеттің қаржы­лық ресурстары орталықтандырылған кірістер қатарына, мемлекеттік кәсіпорындар­дың қарамағында қалғандары орталықтандырылмаған кірістерге жатады.
Орталықтандырылған қаржылық кірістер негізінен салықтық түсімдер, сырт­қы экономикалық қызметтен алынатын кірістер, халық төлемдері есебінен қалыптасады. Орталықтандырылмаған кірістер кәсіпорындардың өздерінің ақшалай табыстары мен қорланымдарынан құрылады.
Мемлекеттің орталықтандырылған кірістерінің құрамында басты орынды бюджеттің кірістері алады, оның есебінен қоғамды дамытудың экономикалық және әлеуметтік міндеттерін шешу қамтамасыз етіледі.
Мемлекет кірістерінің басым бөлігін түрлі деңгейдегі бюджеттерге орталықтандыру біртұтас қаржылық саясатты жүргізуге, қаражаттарды ұлттық шаруашылықтың басым салаларының пайдасына қайта бөлуді қамтамасыз етуге, өндірістік емес сфера қажеттіліктерін қанағаттандырып отыруға мүмкіндік береді. Бюджеттік қаражаттардан басқа мемлекеттің орталықтандырылған кі­рістеріне бірқатар мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар жатады.
Кірістер ұғымының материалдық-заттай жағы мемлекетте, шаруашылық жүргізуші субъектілерде, халықта жинақталатын «ақшалай қаражаттардың» анықтамасы болып табылады.
Мемлекет кірістерінің экономикалық табиғаты және оларды ұйымдастыру шаруашылық жүргізудің жүйесіне, мемлекеттің саяси және экономикалық рөліне байланысты болып келеді.
Әрбір қоғамдық экономикалық формация үшін тауар-ақшалай қатынастардың даму дәрежесімен, өндіріс әдісімен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен байланысты болатын оған тән мемлекет табыстарының жүйесі сипатты болады.
Мемлекет табыстарының қалыптасуы мемлекеттің тікелей белсенді қаты­суымен жүзеге асырылады: ол бюджетке орталықтандырылатын және шаруа­шылық жүргізуші субъектілерге қалдырылатын қоғамның таза табысының үле­сін белгілейді, сондай-ақ халықтың жеке табыстарының бір бөлігін және қоғамның басқа қаражаттарын шоғырландырады.
Мемлекет өндіріс құралдырының және тиісінше, қосымша өнімнің иесі болып отырған жағдайда мемлекет меншігінен алынатын табыстар мемлекет кірістерінің айтарлықтай көзі болып табылады. Мемлекет кірістерінің бір бөлігі жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекеттің салық жүйесі жұмылдыратын кәсіпкерлік сектордың және халықтың табысының бір бөлігі есебінен құралады. Табыстардың белгілі бір бөлігін мемлекет өзіне қарасты қаржылық активтерді (акцияларды және т.с.с.), жылжымайтын мүлікті сатудан алуы мүмкін.
Мемлекеттік меншіктен алынатын табыстарға мыналар жатады:
1) жалпы табыс (пайда), қосылған құн салығы, акциздер, кедендік табыстар түріндегі мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың табысы;
2) мемлекеттік мүліктен алынатын табыс (мемлекеттік тұрғын үй қорынан, жерден, ормандардан, жер-судан, басқа табиғат ресурстарынан, мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіруден түсетін қаражаттар);
3) мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар көрсететін ақылы қызметтерден алынатын табыстар (тіркеу алымдары, өлшемдер мен өлшеуіш приборларды тексеру, таңбалау және сараптау, қымбат металдан жасалынған бұйымдарды талдау және таңбалау үшін төлем) мен шаруашылық емес қызметтер үшін төлем (мемлекеттік баж, жол полициясының алымы, тауар белгілері үшін өтінімдік алым);
4) үй-жай үшін жалгерлік төлемді, қосалқы шаруашылық табыстарын және басқаларды кіріктіретін мемлекеттік мекемелердің арнаулы қаражаттары.
«Мемлекеттің кірістері» мен «Мемлекеттің қаржылық ресурстары» ұғымдарын ажырата білген жөн. Қоғамның қаржылық ресурстары – уақыттың бір мезетіндегі мемлекеттің, кәсіпорындар немесе шаруашылық ұйымдарының меншігіндегі ақшалай қорларының жиынтығы.
«Қаржылық ресурстар» ұғымы мазмұны жағынан «мемлекеттің кірістері» ұғымынан кең. Мемлекеттің кірістерінен басқа қаржылық ресурстардың құрамына кірістерге жатпайтын, бірақ қоғамдық қажеттіліктерге пайдаланылуы мүмкін қаражаттар кіреді. Мысалы, негізгі құрал-жабдықтарды (капиталдарды) қалпына келтірудің амортизациялық аударымдары, айналымдағы қаражаттардың артығы, қуыным мерзімі өткен кредиттік және депоненттік берешектің сомалары, істен шыққан, иесіз мүлікті (өлген адамнан қалған мүлікті), тәркіленген, мұрагерлік құқық бойын­ша мемлекетке өткен, талап етілмеген (көліктегі талап етілмеген жүк, талап етілмеген депозит сома­лары, таратылмаған пошталық жөнелтім) мүлікті өткізуден түскен түсімдер. Бұл ақшалай қаражаттар (сондай-ақ мүлікті өткізуден түскен түсімдер де) тура мағынада табыс, яғни қаражаттарды жұмсаумен байланысты белгілі бір қызметтің нәтижесі болып табылмайды. Осындай себептерге байланысты әр түрлі айыппұлдар, бересілер, өсімпұлдар кіріс болып есептелмейді. Мемлекеттік қарыздардан түсетін түсімдер де мемлекеттің қаржылық ресурстары (қарыздарды өтегенге дейін) болғанымен мемлекеттің кірістері болып саналынбайды, өйткені бұлар – қарыздық қаражаттар. Қаржылық ресурстарға сондай-ақ мемлекеттік сақтық органдарының қарамағындағы қаражаттардың барлық сомалары жатады. Мемлекеттік кәсіпорындардың тұрақты пассивтері өсімінің сомалары ретіндегі ішкішаруашылықтық ресурстар да мемлекеттің кірістері болып саналмайды. Сөйтіп, мемлекеттің қаржылық ресурстары негізінен мемлекеттің кірістері мен басқа көздер есебінен құралады (11.1 сызбаны қараңыз).
Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыс құнының жекелеген құрамды бөліктері үкіметтің де, сондай-ақ мемлекетке қарасты шаруашылық құрылымдардың да мемлекет кірістері мен қаржылық ресурстарының жүйесін қалыптастырады. Олардың арасында негізгі орынды шаруашылық жүргізуші субъектілердің қосылған құн салығы, акциздер, сыртқы экономикалық қызметтен түсетін табыстар, әлеуметтік қажеттерге (зейнетақы қорларына) аударылатын аударымдар түріндегі қоғамның таза табысы алады. Бұған сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімінің бағасындағы айырмашылықтарды реттеу жөніндегі шаруашылық ұйымдарының өзара қарым-қатынастарының сальдосы да жатады. Табыстардың бұл түрлері бөлгіштік үдерістерге түрліше қатыса отырып, меншіктің түрлі нысандарының кәсіпорындарында жасалады. Егер қосылған құн салығынан, кедендік баждардан түсетін түсімдер түгелдей мемлекет қарамағына берілсе, таза табыс, әлеуметтік мұқтаждарға аударылатын аударымдар тек жарым-жартылай беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   315




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет