ҚЎлпыбаев с


Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы



бет177/315
Дата24.11.2023
өлшемі3 Mb.
#484375
түріОқулық
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   315
каржы-кулпыбаев-2007

Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры – Қазақстан Республикасы заңнамасы белгілеген тәртіппен салымшылардың зейнетақы жарналарын тарту жөніндегі қызметті және алушыларға зейнетақы төлемдерін жүзеге асыратын, зейнетақы активтерін қалыптастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және оларды мемлекеттік бағалы қағаздарға, банктердің депозиттеріне, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына инвестициялайтын заңи тұлға.
Қазақстанда Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорларынан басқа мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары жұмыс істейді.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары ашық және корпоративтік болуы мүмкін.
Ашық жинақтаушы зейнетақы қорлары алушының жұмыс істейтін және тұратын жеріне қарамастан салымшылардан зейнетақы жарналарын қабылдауды жүзеге асырады. Корпоративтік жинақтаушы зейнетақы қорлары осы жинақ-таушы зейнетақы қорының құрылтайшылары мен акционерлері болып табылатын бір немесе бірнеше заңи тұлғалардың алушы-жұмыскерлері үшін құрылады.
Жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшылардың арасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімшарт жасасылады.
Зейнетақымен қамсыздандыру заңнамасына сәйкес зейнетақымен қамтамасыз ету Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан, жинақтаушы зейнетақы қорларынан және сақтық ұйымдарынан жүзеге асырылады.
Зейнетақы төлеу жөніндегі орталық (Орталық) – мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылған, Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның талаптарындағы міндеттерді жүзеге асыруға Үкімет уәкілдік берген заңи тұлға (уәкілетті ұйым).
Орталықтан зейнетақы төлемдері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жай-күйі бойынша кемінде алты ай еңбек өтілі бар жеке тұлғаларға заңда белгіленген тәртіппен еңбек өтіліне бара-бар түрде жүзеге асырылып келеді.
Орталықтан зейнетақы төлемдері өмір бойына тағайындалып, айма-ай төленіп отырады.
2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін зейнетақы төлемдерін барлық алушыларына, оның ішінде еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушы әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының арнайы атақтар берілген және ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіп қолданылатын қызметкерлеріне 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған зейнетақы төлемдерін алатын зейнетақы төлемдерінің мөлшері отыз пайызға арттырылды.
Орталық:
Зейнетақымен қамсыздандыру заңына сәйкес зейнетақымен қамсыздандыруға құқығы бар азаматтарға бюджеттік қаражаттар есебінен зейнетақы төлемдерін төлеуді;
азаматтарға әлеуметтік дара сәйкестендіру нөмірлерін беруді;
Үкімет белгілеген тәртіппен міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың деректер базасын және міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімшарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастыруды;
міндетті зейнетақы жарналарын дербес тұрғыдан есепке алуды;
міндетті зейнетақы жарналарын агенттерден жинақтаушы зейнетақы қорларына аударуды;
міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімшарт жасаспаған және (немесе) дара сәйкестіру нөмірін беру туралы куәлігі жоқ (немесе) деректемелерінде қателер жіберілген тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналарын агенттке қайтаруды;
салымшылардың жинақталған зейнетақы қорланымдарын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан басқасына аударуды және Қазақстан Республикасы заңнамалық актілеріне сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.
Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы – міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімшарт жасасқан және жинақтаушы зейнетақы қорында дара зейнетақылық шоты бар жеке тұлға.
Міндетті зейнетақы қорларына төленетін міндетті зейнетақы жарналарын міндетті зейнетақы жарналарының салымшылары Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңмен айқындалған мөлшерлемелер бойынша төлейді. Жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар босатылды.
Жинақтаушы зейнетақы қорларына төленуге тиісті міндетті зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпке сәйкес айқындалатын тәртіппен зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын, жұмыскерлердің ай сайынғы табысының, адвокаттар, дара нотариустер, сондай-ақ дара кәсіпкерлер үшін өз пайдасына төлеуге жататын, салық кезенінің әрбір айы үшін табыстың 10 пайызы мөлшерінде, арнаулы салық режімін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары үшін шаруа немес фермер қожалығы мүшесінің (қатысушысының) және басшысының пайдасына ай сайынғы табысының 10 пайызы мөлшерінде белгіленеді. Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табыс айлық есептік көрсеткіштің 39 еселенген мөлшерінің 75 %-нан аспауға тиіс. Бірқатар категориялар үшін (күш және құқық қорғау құрылымдары) есеп-қисап АЕК-нің 104 еселенген мөлшерінен жүргізіледі.
Салымшы жеке тұлғалар жинақтаушы зейнетақы қорларына ерікті зейнетақы жарналарын олармен ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімшарт жасасқан жағдайда өз пайдасына өз табысы есебінен төлейді. Алушының пайдасына ерікті зейнетақы жарналарының салымшылары жеке және заңи тұлғалар болуы мүмкін. Ерікті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі, оларды төлеу тәртібі, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін төлеу тәртібі ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімшарт тараптарының келісімі бойынша белгіленеді.
Ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан қорланымдардан зейнетақы төлемдерін төлеуді жүзеге асырудың тәртібі мен алушы табыс ететін құжаттардың тізбесі ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімшарттың талаптарымен анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   315




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет