Реттеу нысандары аталған түрлерде ағатын қаржылық қосалқы категорияның тиісті түрі үшін сипатты, сондай-ақ барлығы үшін ортақ үдерістерді білдіреді: мысалы, бюджеттік түрде – қаржыландыру (субвенциялар, субсидиялар, трансферттер), салықта – тура және жанама салық салу, валюта-қаржыда – сыртқы инвестициялау, сыртқы қарыздар, сыртқы борыш. Бұлар – қаржылық реттеудің негізгі нысандары. Мемлекеттік-кредиттік түріндегі нысандар сан алуан.
Ортақ нысан жоспарлау (болжау) болып табылады.
Реттеудің айрықша нысаны мемлекеттік сатып алу болып табылады.
Мемлекеттік сатып алу – мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелердің, сонымен бірге мемлекеттік кәсіпорындардың, заңи тұлғалардың және олармен аффиландырылған заңи тұлғалардың олардың қарамағындағы ақшалардың есебінен тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуы.
Мемлекеттік сатып алудың үдерісі мыналарды кіріктіреді:
сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің номеклатурасы мен көлемдерін қалыптастыру;
жеткізушіні таңдау, онымен мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт жасасу;
мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарттың атқарылуы.
Мемлекеттік сатып алу үдерісін реттеу мына қағидаттарға негізделеді:сатып алуға пайдаланатын ақшаны оңтайлы әрі тиімді жұмсау; барлық әлуетті жеткізушілерге мемлекеттік сатып алу үдерісіне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру; әлуетті жеткізушілер арасында әділетті бәсеке; мемлекеттік сатып алу үдерісінің жариялылығы
Сыныптаудың ең көп элементтері реттеу әдістері болып табылады, олар сондай-ақ жекелеген нысандар үшін (мысалы,салықтардағы мөлшерлемелер әдісі, қарыздардағы жаңғырту) айрықшалықты сияқты болуы, немесе бірнеше нысандарда (мысалы, бюджеттерде және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы жоспарларында теңестіру, бұл нысандарда резервтер жасау әдісі, әр түрлі нысандар мен түрлер үшін индекстеу әдісі және т.б.) қолданылуы мүмкін. Әдістер дербес амалдарға, тәсілдерге ажыратылады және реттеу жүйесінің неғұрлым жылжымалы, өзгермелі элементтері болып табылады. Мысалы, салық салуда – салықтардың мөлшерлемелері, салық салу жөніндегі жеңілдіктер мен санкциялар, табыстарды, мүлікті, активтерді мағлұмдамалау, аванстық төлем және басқалары; бюджеттен қаржыландыру кезінде – шығыстарды нормалау,қаражаттардың пайыздық аударымдары, бюджет тапшылығын қаржыландырудың әдістері,бюджет артығын пайдалану және т.б.
Мемлекеттік кредиттердің әдістері оқулықтың 17-тарауында баяндалған.
Мемлекеттік қаржылық реттеу проблемасының екінші жағы бюджеттен қаржыландыруды пайдалану тиімділігінің дәрежесі болып табылады.
Валюталық қаржылық реттеудегі негізгі әдістер мыналар болып табылады: валюта бағамы, ақшалай капиталға пайыздық мөлшерлемелер, халықаралық төлем қаражаттары мен бағалы қағаздардың бағамдары, валюталық тәуекелдерді сақтандырудың сан алуан әдістері.
Реттеудің ішкішаруашылықтық түрінде коммерциялық немесе шаруашылық есеп, қаражаттарды нормалау әдістері, қаржылық қорларға аударылатын аударымдардың нормативтері және оларды пайдалану қолданылады.Сонымен бірге экономика мемлекеттік қаржылық ықпал жасаудың бәрін тегіс қамти алмайды. Ол, әдетте, өлшеулі және экономиканы реттеудің қосымша нысандары мен әдістерін қажет етеді.
Мемлекеттік сатып алуда мыналар әдістер болып табылады: ашық конкурс,жабық конкурс,бағалы ұсыныстардың, бір дереккөзден, ашық тауар биржалары арқылы сұрау салуын пайдалана отырып жеткізушіні таңдау.
Қаржылық реттеу жүйесінің элементтері – түрлері, нысандары, әдістері қабылданған бағытта экономиканың үйлестірілген тұрақты дамуын қамтамасыз етуге жәрдемдесуі тиіс. Рынок жағдайларында реттеудің жанама әдістеріне көп көңіл бөлінеді.
Мемлекет шаруашылық үдерістердің барлық қатысушылары үшін қызметтің ортақ шарттары мен ережелерін, қызметтің басым сфералары үшін олардың преференциалдықтарын (жеңілдіктерін) белгілейді; бұл салықтар, олардың мөлшерлемелері, қаражаттар аударымдарының мөлшерлемелері, субвенциялар, жеңілдіктер, тарифтер, тіркелген бағалар, ақша-кредиттік, валюталық, кедендік және әлеуметтік реттеудің нормативтері. Ықпал жасаудың осы негізгі индикаторларының негізінде сұраным мен ұсыным сәйкестігінің сипатымен ұсынылатын реттеудің қайталама, рыноктық-бағдарланған элементтері қалыптасады: еркін бағалар, кредиттер үшін пайыздық мөлшерлемелер, валюта бағамы, түрлі қорларды қалыптастырудың және шаруашылық жүргізуші субъектілерде оларды пайдаланудың нормативтері.
Алайда реттеудің жанама элементтерінің іс-әрекеті әсіресе дамудың белгіленген курстан едәуір ұнамсыз ауытқулары кезінде мемлекет тарапынан тура, директивалық әдістермен толықтырылуы мүмкін.
Қолданылатын элементтер – реттеуіштер бірыңғай экономикалық механизмде күрделі өзара байланыста іс-әрекет етеді (3.3 параграфты қараңыз); сондықтан мемлекет қаржылық, ақшалай-кредиттік саясатты белгілей отырып, қоғамның экономикалық жағдайы мен әлеуметтік жай-күйін мұқият ескеруі және экономикалық-әлеуметтік мүдделерге ықпал етудің белгілі бір түрлерін, нысандарын және әдістерін таңдау кезінде қоғамдық дамудың стратегиялық және оперативтік мақсаттарын дұрыс анықтауы тиіс.
Көптеген елдердің экономикалық тәжірибесі мен жекеше кәсіпкерлік бастаманың рыноктық механизмдердің нысаналық қолданумен біріктірілген экономиканы мемелекеттік реттеу іс-шараларының артықшылығын қуаттайды. Осыған байланысты біріктірілген негізде және экономиканы ынталандыру негізінде мемлекеттік жоспарлаудың рөлі артады. Бұл уақытта бәсеке, жекеше меншіктің дербес құқықтығы және іскерлік бастаманы көтермелеу сияқты еркін рыноктың базалық қағидаттары мығзымайды, ал жекеше сектордың тиімді қызметі ынталандырылуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |