ҚЎлпыбаев с


сызба. «ұлттық өнім – жиынтық шығыстар» жүйесіндегі макроэкономикалық теп-теңдіктің өзгеруі



бет231/315
Дата24.11.2023
өлшемі3 Mb.
#484375
түріОқулық
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   315
каржы-кулпыбаев-2007

20.1 сызба. «ұлттық өнім – жиынтық шығыстар»
жүйесіндегі макроэкономикалық теп-теңдіктің өзгеруі




Жиынтық шығыстардың басым бөлігі С элементі болып саналады, ал деңгейлес білікке оның ылди бұрышы тұтыну деңгейін айқындайды: бұрыш 45°-қа жақынырақ болса, үй шаруашылықтарының тұтыну деңгейі көбірек болады. Биссектриса мен тұтыну сызығы арасындағы сатылас бойынша айырым жинақақшалардың (олардан инвестициялар үшін қаражаттар қалыптасады) шамасын көрсетеді.
Биссектрисаның C, Ig, Xn шығыстарының сызықтарымен қиылысуы «ТҰӨ шығыстары» жүйесінің тепе-теңдік жай-күйін сипаттайды. Оның үстіне, шығыстардың әрбір элементінің дәйекті қосылымы тепе-теңдік нүктесін оңға жылжытады, мұның өзі ТҰӨ-мен өлшенетін ұлттық өндірістің үстелуіне сәйкес келеді.
Шығыстарда бір шамаға, мысалы, аb-ға өсуі ұлттық өнімнің үлкен шамаға – QQ1-ға өсуін тудыратын жағдай моделдің келтірілген сызбасындағы есте қаларлық болып табылады. Бұл әсерді өндіріс көлеміне жұмсалатын қарастырылған шығыстардың мультипликаторлық (көбейтушілік) әрекеті, ал құбылыстың өзін мультипликатор тудырады. Құбылыстың мәні мынада: экономика үшін кірістер мен шығыстардың қайталанып отыратын, үздіксіз ағыны, ондағы бір экономикалық агенттің шығындаған ақшалай қаражаттарын басқа табыс түрінде алатын және әрбір келесі циклда өшшеде, бірақ ТҰӨ-нің көп дүркіндік өзгеріміне жеткізетін тізбекті реакция туады. Табыстың бір бөлігін экономикалық агент тұтынбауы, керісінше, жинақтауы үдерістің басылуын тудырады. Табыстағы түсім-ақшалардың үлесі аз болса, әрбір циклдегі кезекті жұмсалым көп болады және тиісінше мультипликатор жоғары болады. Мультипликатордың сандық мәні шығыстардағы өзгерім өсімі ТҰӨ-ні қанша рет өсіретінін және керісінше – шығыстардың қысқаруы мультипликаторға ұлттық өнімнің дүркіндік азаюын тудыратынын білдіреді.
Мультипликатор іс-әрекетінің негіздемесі «үнемдеуге шекті бейімділік» – МРS және «тұтынуға шекті бейімділік» – МРС ұғымдарымен анықталады. Бірінші жағдайда бұл үнемдеулердегі өзгерістің табыстағы өзгерісіне қатынасы, екіншісінде – тұтынуға өзгерістің табыстағы өзгерісіне қатынасы. Осыны негіздей отырып, мультипликатордың сандық мәнін мына ара қатынаспен білдіруге болады:

Мультипликатордың құбылысы ұлттық өндірістің нақтылы көлемі мен жұмыстылықты өзгерту, инфляцияның үстінен бақылау және экономикалық өсуді тездету мақсатымен мемлекеттің шығыстарымен және салықтармен саналы айла-шарғы жасау болып табылатын дискредициялық фискалдық саясатты жүргізген кезде пайдаланылады.
Салықтар тұтыну мен үнемдеудің көлемін төмендетуге және тепе-теңді ТҰӨ-нің мөлшерін азайтуға жеткізетін табыстардың қысқаруын тудырады. Өнім­нің көлеміне (салықпен бірге) үнемдеу мен импорт осыған ұқсас әрекет етеді. Бұлардың барлығы табыстар-шығыстар жүйесінен кему болып табылады, яғни ішкі тұтынысты шалмайды. Инвестициялармен, экспортпен және мемлекеттік сатып алумен толтырылуы мүмкін шығыстардағы үзілімді жасай отырып, тұтыныс азаяды.
Салықтардың төмендеуі жиынтық шығыстар графигінің ауысуын және ТҰӨ-нің еселенген артуын тудырады. Шығыстар мультипликаторының іс-әреке­тіне қарама-қарсы салық мультипликаторының іс-әрекеті осылайша көрінеді.
Салық мультипликаторының маңызды сипаттамасы оның табыстардың тұтыну компонентіне тәуелділігі болып табылады, яғни ол мынаған тең:
mt = Т х МРС,
мұндағы: Т – салықтық төлемдердің мөлшері.
Сөйтіп, сан жағынан салық мультипликаторы мемлекет шығыстарының мультипликаторынан аз болады (МРС пен МРS-тің осы мөлшерлері кезінде). Демек, мемлекет шығыстарындағы өзгерістер осындай мөлшердегі салықтардың өзгерістеріне қарағанда жиынтық шығыстарға күштірек ықпал жасайды. Табыстар мен шығыстар мультипликаторларының бұл қасиеттері мемлекеттің шығыстары мен салық салудың тең артуы сол мөлшерге тепе-теңді ТҰӨ-нің өсуіне жеткізетін баланстандырылған бюджет мультипликаторының феноменін тудырады. Мысалы, егер Т мен G әр қайсысы 10 миллиард теңгеге көбейтетін болса, онда ТҰӨ-нің 10 миллиард теңгеге көбейетінін күтуге болады. Сонымен, баланстандырылған бюджеттің мультипликаторы мынадай өлшемге тең болады:
mв = me + mt = 1
мұндағы:
mв – баланстандырылған бюджеттің мультипликаторы;
meшығыстардың мультипликаторы;
mt – салықтардың мультипликаторы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   315




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет