ҚЎлпыбаев с


Сыртқы экономикалық қызметті



бет259/315
Дата24.11.2023
өлшемі3 Mb.
#484375
түріОқулық
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   315
каржы-кулпыбаев-2007

22.2. Сыртқы экономикалық қызметті
реттеудің нысандары мен әдістері

Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу әр түрлі нысандар мен әдістерді кіріктіреді. Реттеудің негізгі нысандары мыналар болып табылады:


1) сыртқы экономикалық қызметті қаржыландыру;
2) салық салу;
3) инвестициялау;
4) сыртқы қарыз алу;
5) сыртқы берешек;
6) экспортты қаражаттандыру.
Реттеу әдістері көрсетілген нысандарға сай келеді және тура, сондай-ақ жанама әдістерді кіріктіреді.
Тура әдістерге реттеудің әкімшілік нысандары: лицензиялар мен квоталар жатады. Экспорт пен импортты лицензиялау мен квоталау*28 шикізаттық ресурстар мен тауар қорларының шектеулігі жағдайында ішкі рынокты толтырып, тұрақтандыру мақсатымен уақытша шаралар ретінде пайдаланылады. Сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке (сыртқы саудаға, валюталық операцияларға және басқаларға) мемлекеттік монополия**29 қойылуы мүмкін.
Реттеменің жанама немесе экономикалық әдістері неғұрлым пәрменді және дамыған сыртқы экономикалық қатынастарға сай болып табылады. Бұларға салықтар, соның ішінде кедендік баждар, валюта бағамы, әлемдік баға, сыртқы кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелер, облигациялардың, басқа бағалы қағаздар мен төлемдік қаражаттардың бағамы жатады.
Сыртқы экономикалық байланыстарды басқару органдарының аса маңызды функциясы валюталық қатынастарды реттеу болып табылады. Валюталық реттеу – нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу мен бекіту, ақпарат жинау, валюта заңнамасының сақталуын бақылау және заңдарда көзделген санкцияларды қолдану.
Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық банкі, Қаржы министрлігі заңдарға сәйкес валюталық реттеу функцияларын жүзеге асыратын негізгі валюталық реттеу органдары болып табылады. Үкімет және өзге мемлекеттік органдар заңдарға сәйкес өз құзырының шегінде валюталық реттеуді жүзеге асырады. Бұл органдар сонымен бірге валюталық бақылауды да жүзеге асырады. Мұндай функцияны сондай-ақ валюталық бақылаудың агенттері – уәкілетті банк­тер мен уәкілетті банктік емес қаржы мекемелері де орындайды, оларға алынған лицензияларға сәйкес операциялар жүргізген кезде валюта заңнамасының сақталуына бақылау жасау міндеті жүктелінген.
Экономикалық саясаттың мақсаттарын ескере отырып, «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» заңда валюталық реттеудің мақсаты тұрақты экономикалық өсімге және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жету жөнінде мемлекеттік саясатқа жәрдемдесу болып табылады.
Валюталық реттеудің міндеттері: Қазақстан Республикасында валюталық құндылықтар айналысының тәртібін белгілеу; Қазақстанның әлемдік экономикаға одан ары интеграциялануына жағдайлар жасау; валюталық операциялар және капитал ағындары бойынша ақпараттық базаны қамтамасыз ету.
Заңнамада мыналар айқын және жүйелі тұжырымдалған: валюталық реттеу органдарының құзырлары; валюталық реттеу режімдері; валюталық операцияларды жүзеге асырудың негізгі қағидаттары; капиталдар қозғалысының операцияларын реттеу және шоттар ашу рәсімдері; валюталық бақылаудың мақсаттары, міндеттері және негізгі қағидаттары. Валюталық режімдері, валюталық реттеу және валюталық реттеудің (лицензиялау және тіркеу) қолданыстағы бақылау бойынша заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің барлық негізгі қолданыстағы нормалары жүйеленген; капитал ағындары мен валюталық құндылықтармен операциялар туралы ақпараттың дерек көзі бола отырып, оларды жүргізуді шектемейтін, валюталық операциялар туралы хабардар ету режімінің негізгі рәсімдері бейнелеп көрсетілген.
Шетелге тура инвестицияларды; бейрезиденттерге қаржылық қарыздарды; жылжымайтын мүлікке меншік құқығын сатып алуды төлеудегі бейрезиденттердің пайдасына аударымдарды лицензиялаудың күші жойылған. Бұл операциялар тіркелім режімінде жүзеге асырылатын болады.
Шетелдік банктерде есепшоттарды ашуды реттеу рәсімдері жетілдіруде.
Валюталық операцияларды лицензиялау 2007 жылдан күшін жойған, сонымен бірге сыртқы сауда контракттарында белгіленген мезгілдерге қарай қайтару қағидаттарына көшу жүзеге асырылатын болады. Кепілдендірілмеген сыртқы борыш мониторингі мақсаттарында жекелеген валюталық операцияларға қатысты тіркеу және хабардар ету, төлем балансының статистикасы мен валюталық операциялар бойынша ақпараттық базаны толықтыру режімі сақталынған.
Валюта бағамы немесе басқа елдің валютасының ақшалай бірлігінде тұлғаланатын ұлттық ақшалай бірлігінің бағасы барлық ішкі бағаларды басқа елдің бағаларымен байланыстырады. Валюта бағамының ауытқуы отандық тұтынушылар үшін басқа елдің тауарларының бағасын өзгертеді және, керісінше, отандық тауарлардың бағасы басқа елдің тұтынушылары үшін өзгереді. Сөйтіп, бұл өзгерістер экспорт пен импорттың тартымдылығына әсер етеді; ұлттық валюта бағамының басқа елдің салыстырмалы валютасынан азаюы жағдайында экспорт дами бастайды, кері жағдайда импорт дамиды, өйткені бірінші жағдайда отандық тауарлар шетелдіктер үшін арзандайды және бұл тауарларға олардың тарапынан сұраным ұлғая түседі; екінші жағдайда импорттық тауарлар арзандайды және өздерінің елінде бұл тауарларға сұраным ұлғая түседі; екінші жағдайда импорттық тауарлар арзандайды және өздерінің елінде бұл тауарларға сұраным артады.
Мемлекеттің валюта бағамдарының жүйесі икемді (құбылмалы) немесе тіркелген валюта бағамдары түрінде ұйымдастырылуы мүмкін.
Икемді бағамдар жүйесі кезінде айырбас валюталардың сұранымы мен ұсынымы негізінде жүзеге асырылады, тіркелген бағамдар жүйесі кезінде ұлттық валютаның алтынға немесе бақа тұрлаулы валютаға белгілі бір қатынасы белгілінеді; екінші жағдайда мемлекет бұл арақатынасты реттеп отырады, сөйтіп елдің төлем балансының теңгерімділігіне жету мақсатында валюта рыногының қызметіне араласады. Бұл ретте шетелдік валюта бағамының кемуі экспорт кезінде құнның импорт кезінде өтелінетін шығасын тудырады және керісінше, бұл бағамның көтерілуі кезінде ысыраптар импорт кезінде пайда болады, бұл қосымша экспортпен жабылуы тиіс (22.1 кестені, А бөлімін қараңыз).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   315




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет