-
ҰБТӨП базасын қалыптастыру кезеңінде:
-
техникалық жабдықтардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
-
ҰБТӨП базасын қалыптастыру жұмыстары үшін бағдарламаны орнату;
-
ақпараттарды «ҰБТӨП базасы» АЖО-сына енгізу;
-
ҰБТӨП базасына өзгерістер енгізу;
-
«ҰБТӨП базасы» деректерін ҰТО-ға телекоммуникациялық желі арқылы жіберу.
-
«Бітіруші» ДБ қалыптастыру кезеңінде:
-
«Бітіруші» ДБ қалыптастыруға арналған бағдарламаны орнату;
-
ҰТО-дан телекоммуникациялық желі арқылы нормативтік құқықтық актілерді, ақпараттық анықтамалықтарды, жадынамаларды алу және техникалық хатшылар үшін дайындау;
-
тіркеу журналын басып шығару және тарату;
-
өтініш бланкілерін сканерден өткізу;
-
техникалық хатшыға осы нұсқаулықтың 1,13,14,15 қосымшаларына сәйкес қажетті нысандарды басып шығару және тарату;
-
«Бітіруші» ДБ жабу;
-
аудиториялар бойынша бітірушілерді бөлу;
-
рұқсаттамаларды басып шығару;
-
өтініштерді қабылдау туралы статистикалық мәліметтерді күн сайын ҰТО-ға телекоммуникациялық желі арқылы жіберу;
-
«Бітіруші» ДБ сақталуын қамтамасыз ету және Министрлік программисіне тапсыру.
-
Тестілеуді өткізуге дайындық кезеңі ҰТО сұратқан мәліметтерді телекоммуникациялық желі арқылы жіберуді қарастырады.
-
Сертификаттарды басып шығару және беру кезеңі сертификаттар мен сертификаттарды тарату тізілімін басып шығаруды ұйымдастыруды қарастырады.
-
Тестілеуді өткізу туралы есеп беру кезеңі ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу барысында атқарылған жұмыстары бойынша ҰТО-ға есеп беруді қарастырады.
7. Техникалық хатшының функциялары
-
«Бітіруші» ДБ қалыптастыру кезеңінде:
-
ҰБТӨП-тен нормативтік құқықтық актілерді, өтініш бланкілерін және өтініштерді тіркеу журналын, жадынамаларды алу;
-
ҰБТӨП-те өтініштерді қабылдау, өтініштер бланкісін толтыру және өтініштерді тіркеу журналын жүргізу бойынша дайындықтан өту;
-
өтініштерді тіркеу журналы мен техникалық хатшының журналында көрсетілген оқу орны туралы мәліметтің дұрыстығын бақылау;
-
бітірушілерге өтініш бланкісін, жауап парағын толтыру, ҰБТ-ны өткізу барысы бойынша және Ереженің 33,36-тармақтарымен бекітілген аудиторияда тәртіп сақтау ережесімен, апелляцияға өтініштер беру және апелляцияның өту барысы бойынша сабақтар жүргізу;
-
бітірушілердің өтініш бланкісін дұрыс толтыруын қамтамасыз ету;
-
бітірушілерді өтініштерді тіркеу журналында тіркеу;
-
өтініш бланкілерін сканерден өткізу үшін ҰБТӨП-ке жеткізу;
-
осы нұсқаулықтың 1,13,14,15 қосымшаларына сәйкес басылып шығарылған нысандарды алу;
-
бітірушілерге тіркеу туралы анықтамаларды тарату;
-
ДБ-ға өзгерістер енгізуді ұйымдастыру;
-
ДБ жағдайын бақылау;
-
өтініштерді тіркеу журналын жабу;
-
рұқсаттамаларды ресімдеу және оларды бітірушілерге беру;
-
ресімделген рұқсаттаманың түбіртектерін ҰБТӨП жетекшісіне беру.
-
Тестілеуді өткізу кезеңінде:
-
бітірушілердің тестілеуге қатысуын қамтамасыз ету;
-
бітірушілерді көлікпен тасымалдау кезінде техникалық қауіпсіздік ережесінің сақталуын және олардың ҰБТӨП-те орналасқан уақытында тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету;
-
ҰБТӨП-ке бітірушілерді кіргізуді осы нұсқаулықтың 16 қосымшасына сәйкес нысан бойынша кіргізу аяқталған уақытты белгілей отырып іске асыру.
-
Сертификаттарды басып шығару және беру кезеңінде:
-
сертификаттар, сертификаттарды тарату тізілімі мен емтихан ведомосын ҰБТӨП жетекшісінен осы нұсқаулықтың 12 қосымшасына сәйкес акт бойынша қабылдау;
-
бітірушілерге сертификаттарды беру тізіліміне сәйкес сертификаттарды беруді ұйымдастыру;
-
бітірушілердің қолдары қойылған сертификаттарды тарату тізілімін ҰБТӨП жетекшісіне беру.
8. Министрлік өкілдері тобы жетекшісінің функциялары
-
Тестілеуді өткізуге дайындық кезеңінде:
-
ҰТО-да тестілеу технологиясы бойынша оқытудан өту және нормативтік құқықтық актілерді алу;
-
ҰТО-дан осы нұсқаулықтың 17 қосымшасына сәйкес акт бойынша сертификаттарды және мемлекеттік комиссия төрағасының конвертке салынып, бекітілген паролін алу және ҰБТӨП-ке жеткізу;
-
Министрлік өкілі мен программисінің жұмыс орындарының дайындығын;
осы нұсқаулықтың 18 қосымшасына сәйкес әрбір лек бойынша ҰБТӨП-тің өтініш журналын;
аудиториялардың емтиханға дайындығын;
техникалық құрал-жабдықтардың дайындығын;
апелляциялық комиссия мүшелерінің бекітілген тізімін;
медициналық қызметкерлердің тізімін және олардың құжаттарын;
ҰБТӨП орналасқан жоғары оқу орнының (бұдан әрі – ЖОО) немесе аудандық (қалалық) білім бөлімінің мөрімен расталған осы Ереженің 2 қосымшасына сәйкес акт жасай отырып, тестілеу өткізуге дейінгі аудиторияларды;
-
Ереженің 1 қосымшасына сәйкес, құқық қорғау органы өкілдерімен бірге мемлекеттік комиссия жүзеге асыратын тестілеу басталғанға дейін ғимаратты тексеру актісін;
-
тестілеу технологиясын қорғау мақсатында техникалық құралдардың (ұялы байланыс телефондарының сигналдарын сөндіру құралдары және бейне бақылау камераларының, металіздегіштердің) дайындығын тексереді;
ғимараттың емтихан өткізуге дайындығын осы нұсқаулықтың 8,9 қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша тексеру;
рұқсаттамалардың түбіртектерімен бірге аудиториялық тізімді;
-
емтихан материалдарының жеткендігін және қоймада бар екендігін анықтау үшін ҰҚКД-мен байланысу;
-
Министрлік программисінің сканерді тексеріп, осы нұсқаулықтың қосымшасына сәйкес есебін жасауын қадағалайды. Есеп ҰБТӨП орналасқан ЖОО-ның немесе аудандық (қалалық) білім бөлімінің мөрімен расталады;
-
тестілеуді өткізуге қажетті бағдарламаларды орнатуды бақылау;
6-1) Министрлік программисімен осы нұсқаулықтың 10 қосымшасына сәйкес мектеп бітірушінің мәліметтерін өзгерту журналы бойынша өзгерістерді енгізуін қадағалау;
-
емтихан қарсаңында әрбір аудитория үшін осы нұсқаулықтың қосымшасына сәйкес отырғызу парағын шығарып, сейфке сақтап қою;
-
Тестілеуді өткізу кезеңінде:
-
тестілеу процесін бақылау және басқару;
-
ҰҚКД өкілінен ҰТО-да арнайы пломбыланған әрбір аудиторияларға арналып, қораптарда емтихан материалдары салынған қаптарды осы нұсқаулықтың 21 қосымшасына сәйкес акт бойынша алу;
-
Министрлік өкілдерін осы нұсқаулықтың 22 қосымшасына сәйкес аудиторияларға бөлу;
-
аудиториядан тыс тестілеу технологиясының сақталуын бақылауды іске асыру үшін Министрлік өкілдерін осы нұсқаулықтың 22 қосымшасына сәйкес бөлу (дәліз бойынша медициналық қызметкерлердің бөлмесіне дейін, әжетханаға дейін алып жүру, техникалық жабдықтардың жұмысқа жарамдылығы бойынша тексерістер);
-
тестілеу кезінде бақылаушы ретінде қатысатын ата-аналар құрамын анықтау және аудиторияларда жақын туысқандары отырмауын ескере отырып, оларды аудиториялар бойынша бөлу;
-
мемлекеттік комиссия мүшелері және Министрлік өкілдерінің қатысуымен емтихан материалдары салынған қаптарды ашу. Қаптарды ашу кезінде оған сырттай тексеру жүргізіліп, қапты аударып, ішкі тігістері және ҰТО-ның логотипі бар мөрдің баспа-таңбасы қойылған бирка тексеріледі. Қаптарды ашар алдында Министрлік өкілдері тобының жетекшісі пломбының бүтіндігін және қаптардағы нөмірленген пломбыны ҰТО берген тізіммен салыстырады. Егер пломбы бүтін болмаса немесе пломбының нөмірі сәйкес келмеген жағдайда, ол туралы ҰҚКД өкіліне айтып ескертеді және ҰТО-ға хабарлайды;
-
Министрлік өкілдеріне:
рұқсаттама түбіртектері, аудитория тізімі салынған аудитория папкасын беру;
отырғызу парағын беру;
мөрленіп жабылған қораптағы емтихан материалдарын осы нұсқаулықтың 23 қосымшасына сәйкес акт бойынша беру. Әрбір мөр басылған қорапта жауап парақтары салынған конверт, сұрақ-кітапшалары, жауап парақтарының көшірмелері және осы нұсқаулықтың 24, 25 қосымшаларына сәйкес емтихан материалдарын ашу туралы акт болады;
-
мемлекеттік комиссияның шешімі бойынша мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар, даму мүмкіндіктері шектеулі, көру қабілеті нашар (көрмейтін, нашар көретін), есту қабілеті нашар (естімейтін, нашар еститін) және өздігінен жүріп-тұра алмайтын мүгедектер (мүгедектер арбасын пайдаланатын) және қант диабетімен ауыратын бітірушілер үшін жеке аудитория бөлу және Министрлік өкілін тағайындау;
-
мемлекеттік комиссия төрағасымен бірлесе отырып, бітірушілерді қосымша отырғызу туралы шешім қабылдау;
-
аудиториялардағы емтихан материалдары салынған қораптарды ашуды бақылау;
-
емтиханның басталу уақытын бақылау. Емтиханның басталуы - жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 9.00;
-
бітірушілердің дұрыс отырғызылуын және бітірушілерге сұрақ-кітапшаларының дұрыс таратылуын бақылау;
-
Министрлік өкілдерінің емтихан материалдарымен жұмыс істеуін дұрыс түсіндіруін бақылау;
-
бітірушілердің жауап парағындағы қызметтік секторларды дұрыс толтыруын бақылау;
-
емтихан басталған соң 20-25 минуттан кейін емтихан тапсыру тілі бойынша аудиториялардағы бітірушілердің нақты саны туралы мәліметтер жинауды ұйымдастыру. Артық сұрақ-кітапшасы жинап алынады және сейфке салынады. Жауап парақтары емтихан аяқталғанға дейін аудиториядан шығарылмайды. Емтихан басталғандығы туралы хабарланғаннан кейін кешігіп келген бітірушілер емтиханға жіберілмейді;
-
аудиториялар мен дәліздерде тестілеу өткізу ережесі мен тәртіптің сақталуын бақылау;
-
бітірушіден тыйым салынған заттар табылған және аудиторияда тәртіп бұзған жағдайда, Ереженің 10 қосымшасына сәйкес акт жасай отырып, бітірушіні аудиториядан шығару туралы шешім қабылдау;
-
мемлекеттік комиссия төрағасымен бірлесе отырып, штаттан тыс жағдайлар (бітірушіде емтиханға кіру рұқсаттамасының немесе жеке куәлігінің болмауы, тестілеуге өтініш беру кезінде тестілеу тілінің дұрыс көрсетілмеуі, белгілі бір себептерге байланысты тестілеу күнін ауыстыру, бөтен тұлға, мүдделі тұлғалар тарапынан бітірушіге көмек көрсету, тестілеуге мүдделі тұлғаның кіруі, мүдделі тұлғалар тарапынан қысым көрсету) бойынша шешімдер қабылдайды;
-
тестілеу аяқталғаннан кейін Министрлік өкілдерінен әрбір аудитория бойынша емтихан материалдарын осы нұсқаулықтың 23 қосымшасына сәйкес акт бойынша қабылдау;
-
тестілеуге берілген уақыт аяқталған кезде бітіруші емтихан материалдарын тапсырудан бас тартқан жағдайда Ереженің 11 қосымшасына сәйкес акт жасай отырып, бітірушінің жұмысын өңдемеу туралы шешім қабылдайды;
-
тестілеу нәтижелерін өңдеуді ұйымдастыру;
-
дұрыс жауаптар кодын ашуды ұйымдастыру;
-
дұрыс жауаптар кодын ашу және оны көпшіліктің назарына ілуді ұйымдастыру;
-
ҰБТ-ның емтихан ведомостарын беру және оларды көпшіліктің назарына ілуді ұйымдастыру.
-
Апелляцияны өткізу кезеңінде:
-
осы нұсқаулықтың 26, 27 қосымшаларына сәйкес апелляцияға берген өтініштерді ДБ-ға енгізуді ұйымдастыру;
-
апелляциялық комиссияның жұмысы үшін қажетті емтихан материалдарымен қамтамасыз ету;
-
апелляция нәтижесін ДБ-ға енгізуді бақылау;
-
апелляцияны есепке алғандағы емтихан ведомосын беру және оларды көпшіліктің назарына ілуді ұйымдастыру.
-
Cертификаттарды басып шығару кезеңінде:
1) сертификаттар мен сертификаттарды тарату тізілімін басып шығаруды ұйымдастыру;
2) сертификаттар мен сертификаттарды тарату тізілімін ҰБТӨП жетекшісіне беру.
-
Тестілеуді өткізу туралы есеп беру кезеңі:
-
ҰТО-ны телекоммуникация құралдары арқылы тестілеудің әрбір кезеңі аяқталғандығын хабардар ету;
-
ҰБТӨП жетекшісіне әрбір лектің сұрақ-кітапшаларын жою үшін беру;
-
сұрақ-кітапшаларды жоюға қатысу;
-
ҰТО-ға осы нұсқаулықтың 28 қосымшасына сәйкес қажетті құжаттарды қағаз және электрондық тасымалдағышта дайындау және жіберу;
-
ҰТО-ға осы нұсқаулықтың 5 қосымшасына сәйкес атқарылған жұмыстар жөнінде есепті қағаз және электрондық тасымалдағышта беру.
Достарыңызбен бөлісу: |