17. Өтініш бланкісін толтыру кезінде жіберілген қателерді түзету
-
Өтініш бланкісін толтыру барысында жіберілген қателер өтініш бланкілерін сканерлеу есебінің «Қателер хаттамасы» тарауында көрсетіледі. Қателер қою боялған рамкада көрсетіледі. « / » (қисық сызық) белгісінен кейін осы нұсқаулықтың 35 қосымшасына сәйкес қателер коды көрсетіледі, егер қателер бірнешеу болса, үтір арқылы бөлінеді.
-
Өтініш бланкісіндегі қателерді бітіруші түзетеді. Өтініш бланкісі қарындашпен толтырылатындықтан, қате толтырылған секторларды түзетуге болады.
-
Анықтаманың 1-секторындағы мәліметтерде қате кеткен жағдайда, сол мәліметтерді өзгерту үшін, осы анықтаманың 2-секторына өзгертуге тиісті мәліметтер ғана енгізіледі және ол туралы техникалық хатшы хабардар етіледі. Техникалық хатшы бітірушінің өтініш бланкісіне өзгертулер енгізуін бақылайды. Бітірушінің өзгертілген тіркеу жөніндегі анықтамасы ҰБТӨП жетекшісіне тапсырылады.
-
Қателер түзетілгеннен кейін өтініш бланкісі «Өтініш бланкілері» папкасына салынып, сканерден қайта өткізуге жіберіледі.
18. «Бітіруші» ДБ-ның жағдайын бақылау
-
Сканерден өткізілгеннен кейін техникалық хатшыға бітірушілерді тіркеу жөніндегі анықтамалар, анықтамаларды беру тізілімі мен деректер базасы жөніндегі мәлімет беріледі.
-
Техникалық хатшы:
-
өтініштерді тіркеу журналы мен деректер базасы жөніндегі мәлімет журналының тізімін салыстырады, ал бұл әрбір өтініш бланкісінің жағдайын қадағалап отыруға мүмкіндік береді;
-
өтініштерді тіркеу журналының «Сканерлеу нәтижесі» бағанына келесі жағдайлардың біреуін белгілеп отырады: «енгізілді», «өзгертілді», «жойылды»;
-
«Өтініш бланкілері» папкасындағы бітірушілердің базасына енгізілген өтініш бланкілерін тексереді;
-
«Жойылған және бүлінген бланкілер» папкасындағы «Бітіруші» ДБ-дан жойылған бітірушілердің өтініш бланкілерін тексереді;
-
Қалып қойған ТЖК-лар болса тексереді де, себептерін анықтап, тиісінше түзетулер енгізеді.
-
Жоғарыда көрсетілген шаралар төмендегі қателерді жібермеуге мүмкіндік береді:
-
өтініш тіркеу журналына енгізілген, бірақ ДБ-ға енгізілмеген және тіркеу туралы анықтама берілмеген;
-
өтініш тіркеу журналында жойылған, бірақ ДБ-да жойылмаған;
-
өтініш ДБ-да жойылған, бірақ өтініштерді тіркеу журналында жойылғандығы туралы белгіленбеген;
-
өтініш ДБ-ға енгізілген, бірақ тіркеу журналында тіркелмеген.
19. Бітірушінің мәліметтеріне өзгерістер енгізу
-
Базаға енгізілген бітірушінің мәліметтеріне өзгерту енгізгенде, оның өтініші өзгертіледі немесе жойылады. Бітірушінің емтихан тапсыру тілі немесе ТЖК секторларына өзгерту енгізілетін болса, онда өтініш бланкісі жойылады да, қайтадан енгізіледі. Келесі деректердегі: бітірушінің аты-жөні, жынысы, ЖСН, азаматтығы, ұлты, туған жылы, білімі туралы мәліметінде кеткен қателерді түзету жолымен алмастыруға болады.
-
Бітіруші туралы деректерді жою кезінде техникалық хатшы:
-
өтініштерді тіркеу журналының «Құжаттарды қайтарып алған кездегі бітірушінің қолы» бағанына бітірушінің қолын қойдырады;
-
бітірушіні тіркеу жөніндегі анықтаманы алып, оған «жойылды» деп белгілейді де, оны «Жойылған бланкілер» папкасына салады;
-
бітірушінің өтініш бланкісіндегі «жойылды» дөңгелекшесін бояйды және оны қайтадан сканерден өткізуге береді және сканерден өткеннен кейін бланкіні «Жойылған және бүлінген бланкілер» папкасына салады;
-
ескі өтініш бланкісі сканерден өткізіліп, бітірушінің мәліметтері ДБ-дан жойылғаннан кейін, өтініштерді тіркеу журналының «сканерлеу нәтижесі» бағанына «жойылды» белгісін қояды;
-
өтініштерді тіркеу журналының бос жолына бітірушіні өзгертілген мәліметтеріне сәйкес қайтадан тіркеп, оған жаңа ТЖК береді;
-
бітірушіге жаңа өтініш бланкісін береді, оны толтырғаннан кейін сканерден өткізуге ҰБТӨП-ке жібереді;
-
жаңа өтініш бланкісі сканерден өтіп, ДБ-ға басқа ТЖК енгізілгеннен кейін, бітірушіге тіркеу жөніндегі жаңа анықтама береді.
-
Бітірушінің аты-жөні, жынысы, ЖСН, азаматтығы, ұлты, туған жылындағы деректерін өзгерту барысында өтініш бланкісіне сәйкес өзгерістер енгізіп, «өзгертілді» дөңгелекшесін бояйды және оны сканерден қайтадан өткізуге береді.
-
Сканерден өткізілгеннен кейін өтініш бланкілері «Өтініш бланкілері» папкасына салынады.
20. Өтініштерді тіркеу журналын жабу
-
Өтініштер қабылдаудың соңғы күні өтініштерді тіркеу журналын жабу жүргізіледі. ҰБТӨП-тің өтініштер журналы 2 данада басып шығарылып, «Бітіруші» ДБ жабылады:
-
ҰБТӨП инженері осы нұсқаулықтың 36 қосымшасына сәйкес техникалық хатшының журналын, ДБ туралы ақпаратты басып шығарып, оларды салыстыру үшін техникалық хатшыға береді;
-
техникалық хатшы тіркеу журналын техникалық хатшының журналымен, ДБ туралы мәліметтерімен салыстырады. Қате табылған жағдайда, оны түзету жөнінде шаралар қолданады;
-
соңғы өтінішті тіркеуден өткізгеннен кейін, өтініштерді тіркеу журналының келесі бірнеше жолы «Z» белгісімен сызылады. Журналға мектеп директоры мен ҰБТӨП жетекшісінің қолдары қойылады;
-
ҰБТӨП инженері ҰТО-дан «Бітіруші» ДБ-ны жабу үшін пароль алады;
-
ҰБТӨП инженері «Бітіруші» ДБ қорытынды файлын ҰТО-ға телекоммуникациялық желі арқылы жібереді;
-
ДБ жабылғаннан кейін барлық өтініш бланкілері «Өтініш бланкілері жинағы» папкасына синхрондық жолағы жоқ жағынан тігіледі;
-
тіркеу журналы мен «Өтініш бланкілері жинағы» папкасы ҰБТӨП жетекшісіне тапсырылып, ҰТО-ның нұсқауына дейін ҰБТӨП-те сақталынады.
-
Тестілеуге қатысуға өтініштер журналы мен «Бітіруші» ДБ жабылғаннан кейін ДБ-ға өзгерістер енгізілмейді. «Бітіруші» ДБ жабылғаннан кейін бітірушінің аты-жөніде, туған жылында, жынысында, азаматтығында, ұлтында байқалған қателер бітірушінің мәліметтерін өзгерту журналына міндетті түрде толтырылады. Сонымен қатар, бітірушінің аты-жөні «ё» әрпі мен «ъ» белгісінен тұратын болса, ашық жері болса, сызықша арқылы жазылатын болса және секторға сыймаса, осы өзгерту журналына енгізіледі.
-
«Бітіруші» ДБ қабылдау кезінде «Министрлік программисі» АЖО-сына тиісті өзгерістер енгізу үшін өзгерту журналы Министрлік программисіне беріледі.
-
Аудиториялық қор мен тестілеуге берілген өтініш сандарының сәйкестігі тексерілгеннен кейін бітірушілерді тестілеу тапсыру үшін аудиториялар бойынша бөлу автоматты түрде жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |