Ұлттық болмыс, ұлттық танымның көркем шығармада берілуі


Қазақ танымындағы кісі қадірі және оның Ұ.Нұрғалымұлы прозасындағы көрінісі



бет3/3
Дата27.12.2023
өлшемі32.92 Kb.
#488186
1   2   3
МӨЖ 2 Лингвокультур

1.2Қазақ танымындағы кісі қадірі және оның Ұ.Нұрғалымұлы прозасындағы көрінісі
Ұларбек Нұрғалымұлы шығармашылығындағы ұлттық құндылықтарды мынадай тақырыптар бойынша бірнеше категорияларға бөліп қарастыра аламыз:
1. Ұлттық мінез-құлық;
2. Ұлттық дәстүр;
3.Ұлттық өнер;
4. Қазақ халқына тән киелі ұғымдар
5.Қазақ болмысын сақтаған жандар образы.
Әр халықтың ұлттық танымын, көзқарасын, өзіне тән жеке ұлттық ерекшелігін білдіретін наным-сенімі, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері бар. Ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрдің қаймағын бұзбай, ұмытылып кетуіне жол бермей, қазіргі қоғамда өте жарасымды етіп қолданып жүрген халықтың бірі-қазақ халқы. Халқымыз дәстүрге өте бай. Ал салт-дәстүрге бай болу-елдің мәдениетті әрі тәрбиелі екендігінің айғағы.
Ұларбек Нұрғалымұлының өзі "Дайағашшы" жинағында шығармаларын екі бөлімге бөліп жинақтайды:
I. Кісі қадірі;
II. Сөз қадірі.
Алғашқы бөліміне "Дайағашшы", "Қар суымен кеткен жылқы", "жылқы ішінде ала жүр", "Ниет", "Біздің ауылдың наурызы", "Көк тауым", "Ақ серкештің аруағы", "бажалардың қоштасуы", "Ашу сұрау", "Ауылды ұстайтын апа", "Әжелер мектебі", "Жұт жылы байыған", "Бөлінбеген енші", "Атажұртқа келуім бір хикая", "Сөздің үш түрі", "Құрмет пе, қамқорлық па?", "Әкенің беделі", "Өзің қандай келін болсаң" т.б. шығармалары енген. Аталған шығармалардың тақырыптары да ұлтымызға тән ұғымдарды бойымызға сіңіргендей сезіледі.
Осылардың ішінде қазақ халқына тән ұғымдардың бірі-ниет. "Ниет-жүректің бір істі жасауға бағытталуы. Дінде Алланың разылығын алу үшін ғибадаттар мен әмірлерді орындауға адамның жүрек арқылы шешім қабылдауын айтады" [4]. Жинақтағы осы ұғымды қазақы болмыспен байланыстырып түсіндіре білген әңгіме- "Ниет". Әңгіме басы үйге келген құдайы қонақты күтуден басталады. Құдайы қонақтың-танымайтын, алыс жолдан шаршап, тынығу үшін немесе жолда көлігі бұзылып, адасқан жолаушының күтпеген кезде үйге келетін кісі екені мәлім. Қазақ халқы бай болсын, кедей болсынүйіне келген әр қонақты "құт" келді деп есептеп,ерекше ықыласпен күткен. Ешқашан қабақ шытып, жақтырмаған кейіп танытпай,қонақтың бұйымтайы болса,оны да барынша орындауға тырысқан. "Біздің үйдің төр жайлаудағы жұрты тоғыз жолдың торабында еді. Арлы-берлі көшкен жұрт түйелерін демалтып, өздерінің шөлін басып, сапырылысып жатады. Қысқасы, күндіз-түні қонақ. Шәугім оттан түспейтін.
Бір күні сондай қонақтың үш-төртеуі сау ете қалды. Аттан түсіп, айылын босатып, мамағашқа шылбыр іліп, қамшыларының ұшы жер сыза үйге беттеген. Апыл-ғұпыл шайдың қамы. Аман-сәлем аяқтай бере, ішіндегі егделеу біреуі шешеме: "Жүрісіміз суыт еді, аттың белін суытқалы түстік, шайыңды тездетіп жіберсең, қарағым" деді. "Иә, иә" деп елпеңдей жөнелдік.Бір кезде қарасам, анам шәугімге суық су құйып жатыр. Таңғалдым. Даладағы ошақта қара қазандағы су бұрқ-сарқ қайнап жатқан болатын [1.37]". Анасына далада қайнап тұрған су бар екендігін бірнеше рет есіне салғанына қарамастан, анасы оған тіл қатып жауап берген жоқ. Тек қонақтар кеткеннен кейін қайталап сұраған кезде былай деп жауап берді: "Бір нәрсеге ниеттеніп қойған кезде-ақ сен сол жұмыстың үстіндесің. Кір жууға деп құйылған суды шайға пайдалануға болмайды. Ол кір жуатын ыдысқа құймай-ақ кірдің суы болып кеткен [1.38]". Осы әңгімедегі автордың анасы-қазақ болмысын өз бойында сақтай білген әйел бейнесінде көрінеді.
Қазақ халқы қай кезде болмасын үлкен кісіні ерекше құрметтей білген. қарт кісілерге қарсы сөйлеп, алдын кесіп өтпеген. Бұл жайды Ұларбек Нұрғалымұлы әңгіме ретінде жеткізеді. Сондай әңгімелерінің бірі- "Ауылды ұстайтын апа". Бұл шығармада қарт әжейдің тек өз үйіндегі ғана емес, бүкіл ауылдағы қыз-келіншек, келіндердің тәрбиесіне, олардың өз-өзін ұстауына, дұрыс киінуіне мән беріп,жөн сілтеп отырған. Оның өзі-үлкен тәрбие мектебі. "Біздің ауылды Женейдің апасы "ұстайтын". "Ұстағанда" да жай емес,бүріп ұстайтын. Ол кісі отырған жерден әсіресе, қыз-келіншектер айналып өтуге тырысатын. Көйлегінің жағасы төмен немесе етегі жоғары болып қалса Женейдің апасы отырған жерге аттап баспайтын. Ол кісі көп ішінде "әй, пәленнің қызы" немесе "әй, пәленнің келіні" деп өзіне қаратып алып, кесіп-кесіп айтып тастағанда қыз-келіншектердің бетінен оты шыққанын бала кезімізде талай көргенбіз [1.52]". Бұл үзіндіден қазақы болмысын сақтай білген әйелді ғана емес, ұлтымызға тән мінез-құлықты көреміз.
ҚОРЫТЫНДЫ
Ұлықбек Нұрғалымұлы шығармаларында алпысқа жуық сөздің мағынасына сипаттама берген. Тек қана түсіндірме беріліп қана қоймай,көркем тілмен жазылған шығармаларда әрбір ұғыммен байланысты салт-дәстүрге, жөн-жоралғыға тоқталады. Оның пайымдауынша, ұлттық код бабаларымыздың баяғыдан келе жатқан сөзінде жатыр. "Мақал-тәжірибеден шыққан ақиқат түрінде айтылатын сөз" деп Ахмет атамыз айтқандай,ол сөздер істеген ісінен қорытылып шыққан түйіндер. Ендеше, оны бабалар болмысы, сипаты деп айтамыз.
Ұлықбек Нұрғалымұлының прозалық шығармаларының өрісі кең.Ол өз туындыларында нағыз адамдық белгісі, ұлттық металитеттің көрінісі-кісілік мінез-құлыққа басты назар аударады. Сонымен қатар, адамның өзі қымбат бола бермеуі мүмкін, негізінен адамгершілігі қымбат. Ізгілік ізгілікпен, жақсылық жақсылықпен қайтуы тиіс.Өмірдің кез келген жағдайында және адам болмысының шуақты жақтарына назар аударатын авторлар адам бойындағы тазалық, ізгілік және адамгершілік пен барша жақсы қасиеттердің қалпы бұзылмаған, қаймағы сылынбаған нәзік көңілмен бейнелейді.
Жазушының шығармашылығында қаймағы сылынбаған ұлттық орта, қазақ ауылының шындығы негізінде кейіпкер мінезі ашылған. Шығармадағы кейіпкерінің іс-әрекеті мен сөйлеген сөздері арқылы қахзақтың ұлттық мінез-құлқы көрінеді.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.Нұрғалымұлы Ұ.Дайағашшы-Эссе, әңгіме, мақалалар.- «Muqaba», 2020. 240б.
2.Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі.-Алматы: «Сөздік-Словарь». 1997.-368 б.
3.Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 7-том./Құрастр.: Б.Момынова, Б.Сүйерқұлова, А.Фазылжанова.-Алматы,2011.752 б.
4.Исламдық терминдер сөздігі/ Құраст.: М.Исахан, М.Муслимов, С.Көкенай, Б.Сыдықов.-Астана: Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы, 2015.-60 б.
5.Қозыбаева М.Қ. Өркениет және ұлт-Алматы, 2001.-369 б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет