«Ұлттық ДӘСТҮР – Қазіргі қазақ руханиятының Өзегі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарының жинағы



Pdf көрінісі
бет3/37
Дата29.02.2024
өлшемі1.26 Mb.
#493209
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
ғylymi-maqalalar-20.06.2022-3

ӘОЖ 398.331 
 
КӨНЕ ДӘСТҮР: КҮНГЕЙІ МЕН КӨЛЕҢКЕСІ 
(тектілік феномены мысалында) 
 
Жақсығалиев Ж.Ж. 
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Орал қ., Қазақстан 
Аңдатапа. Мақалада қазақтың тек мәселесі, қазақ халқының қалыптасып, 
сақталуына тектік дәстүрдің рөлі, көпнекелілік, оның тарихи, әлеуметтік мәні, ол туралы 
қазіргі қазақ қоғамындағы пікірталастар мәселесі ғылыми негізде жан-жақты пайымдалған.
Түйін сөздер: Дәстүр, тектілік феномені, полигамия, моногамия, отбасылық 
институт.
 
«Қырықта қылыш (тағы бір әйел алу)» 
Халық даналығы 
Оқырман байқап отырған шығар, мақала ішіндегі бөліктерге берілген атаулар, 
көнеден қазақ халқымен бірге жасасып келе жатқан даналық сөздер. Мақаланың осы 
бөлігіне қойылған айдар да құлаққа ерсілеу естілгенімен бұрынғы бабалардан бүгінге 



жеткен тәмсіл. Демек, бұл жолғы әңгіме ғасырлар бойы тектік қорымыздың кемелденуіне 
оң ықпал етіп, ұлттық элитаның дәуірлеуіне теңдессіз үлес қосқан һәм өткен ғасырдың 
жиырмасыншы жылдарына дейін өмір сүрген полигамиялық (көпәйелалушылық) неке 
хақында. Бұл — біздің бабалар жүріп өткен тарихи жол. Тектілік тақырыбы сөз болған 
жерде мұны айналып өту — мүмкін емес. Бүгінгі заман биігінен көпәйелалушылықты тек 
ескінің сарқыншағы деп ұғыну сыңаржақ көзқарас болар еді және оны қазіргі таным 
тұрғысынан зерделеу, көтерілген мәселенің барлық қырын ашуға мүмкіндік бермесі анық. 
Ислам үйленетін әйелдер санын төртеумен шектеген және олардың бәріне бірдей адал болу 
шарты қойылған. Көп әйелге үйлену мәселесін ислам тек орынды себептерге байланысты, 
белгілі бір жағдайларды түзеу мақсатында ғана жол берген. Ол соғыс кезінде ер адамдар 
майданда опат болған жағдайда, яғни әйелдердің көбі қамқоршысыз қалғанда, кейде 
әйелдің денсаулығына байланысты (созылмалы ауру, бедеулік) кедергілерде жеңіл жүріске 
тосқауыл қою мақсатында ер адамға тоқал алуға рұқсат етіледі, әрі тоқалы бәйбішесімен 
тең құқылы болып табылады (Махмуд Хамди Зақзұқ. Исламды қаралауға қарсы жауап // 
Ақиқат, 2005. -No 4.-35-36-б., Шоқым Г.Т. Қазақ тіл білімінің гендерлік тұғыры. А., 2007.-
62-б.). Десе-де, дәстүрлі қазақ қоғамында бәйбішенің өзге әйелдерден шоқтығы биік 
болғанын атап өткеніміз жөн және шариғат рұқсат еткен полигамиялық некенің белгіленген 
өзіндік қатаң тәртібі болған. Ешбір себепсіз бірнеше әйел алу қатардағы жай еркектер үшін 
оңайға тимеген. Бұл туралы Колгейт университетінің профессоры (АҚШ) М. Б. Олкотт 
қазақтардың көбі жалғыз әйел алды, екі және одан көп әйел алғандар сирек кездеседі, 
өйткені қазақ дәстүріне сәйкес әр әйелдің өз отауы болуға тиіс, сондықтан көп әйел алу бай 
адамдардың ғана үлесіне тиді деп жазады (Марта Олкотт. Қазақтар. Стэнфорд, 1987. 3-27б. 
// Есмағамбетов К. Қазақтар шетел әдебиетінде. — Алматы: Атамұра — Қазақстан, 1994.69-
б.). Батыс 
Сібірге саяхат жасаған неміс саяхатшысы А.Брем мен О.Финиш «Ислам дінін 
ұстанатын мұсылмандар болғасын, қырғыздардың бірнеше әйел алуларына жол беріледі. 
Бірақ түріктер мен мормондардың тәжірибесінен көріп жүргеніміздей, тек бай адамдар ғана 
мұндайға бара алады, себебі қалыңдық үшін берілетін қалың малдың құны өте үлкен. 
Қырғыздардың (қазақтардың) көпшілігінің бір-бір әйелі бар, ауқаттыларының өздері екі-ақ 
әйел алғанмен қанағаттанады» деген түсінік береді (Путешествие в Западную Сибирь 
доктора О. Финиша и Брэма. М., 1882.). Көпәйелалушылықтың негізгі сыры неде? 
Сонымен көшпелі қазақ қоғамында полигамиялық некеге негіз болған басты 
себептердің бірі, бәйбіше мүлдем бала көтермесе не ұл тумаса, не аурушаң болса, не күйеуі 
өліп жесір қалса, т.б. еркек сондай қадамға барған. Мысалы, қазақтың біртуар перзенті 
Мұстафаның әкесі Шоқай (Шоқмұхаммед) екі әйел алған жан. Алғашқы әйелінен бала 
болмаған. Кейінгісінен бес бала — екі қыз, үш ұл көрінген. Шоқмұхаммед ортаншы ұлы 
Мұстафаны елу бес жас шамасында сүйген. Мұстафа, ағасы Сыздықтан он бес жас кіші. 
Әлем таныған текті тұлғаның атасы Торғай Сыр өңірінде өте беделді адам болған. Бұл 
өңірді Қоқан хандығы билеген кезде Торғай датқа дәрежесіне көтерілген. Мұндай мысалдар 
Қазақ тарихында жеткілікті. Демек, қазақ үшін көп әйел алудың негізгі сыры тектің 
тамырын үзіп алмай кейінге жалғау, аңсарымен тікелей байланысты болса, екіншіден, қазақ 
жесірін қаңғытпаған ел. Әмеңгерлік салтымен ұрпақ жалғастығын сақтап отырған. Осыған 
дейін әмеңгерлік ғұрпының сәулелі жақтары да бар екеніне мүлде мән берілген жоқ. Күйеуі 
өліп, жесір қалған жас әйелге марқұмның жақын туыстарының біреуі әмеңгерлік жолымен 
үйленуге құқылы саналатын. «Келін ерден кетсе-де, елден кетпейді» деген сөз — осы 
әмеңгерліктің куәлігі. Дұрыстап тереңнен үңілген адамға әмеңгерлік ғұрпының ең бірінші 
көздейтіні ұрпақ қамы, жетімді жат босағаға телміртпеу. Қазақтың әмеңгерлік салты қара 
жамылған шаңырақтың өмір талқысының құрбаны болып кетпеуін көздеуден туындағанын 
дәлелдейді. Әмеңгерлік салты жасы келген, үйлі-баранды, балалы-шағалы әйел жесір 
қалғанда қолданылмайды, тек жас, әлі-де бала туа алатын әйелдерге жүреді (Қалиев С., 
Оразаев М., Смайылова М. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. А., 1994. 131-б.). Осы тұста 
ерекше назар аударарлық нәрсе әмеңгерлік (левират) ғұрпы ұлтымыздың қаймақтары 


10 
саналатын талай тарланбоздардың тағдырына да тікелей қатысты. Деректерге жүгінсек, 
Құнанбай өзінен кейінгі інісі Құтпамбет (Құлмұханбет) қаза болған соң, оның атастырған 
қалыңдығы Ұлжанмен отасқан. Тарқатып айтсақ, інісі жастай бақилық болып, Ұлжан 
«қыздай жесір» қалыпты. Құнанбай 
Күңкеден кейінгі екінші әйелі қылып, текті жердің қызы Ұлжанды тоқалдыққа 
келіндей алған. Осы некеден Абай дүниеге келген. Кейін Абайдың өзі-де інісі Оспанның 
әйеліне әмеңгерлікпен үйленген. Көтеріліп отырған мәселені аша түсетін, бұрын көп назар 
аударылмаған тағы бір тарихи дерек. Қазақтың маңдайына біткен марқасқа ұлдарының бірі 
Қаныш Сәтбаев — Имантайдың екінші әйелінен туған. Имантай қырық жеті жасқа келгенде 
екінші рет үйленіп, қазақ тарихындағы текті әулеттердің қатарынан орын алатын атақты 
Шорман ауылында жесір отырған жас әйел Әлиманы алыпты. Дүниеге Қаныш келгенде 
Имантай өз болысының биі болған екен. Ол сөзге шешен, қазақтың мақал-мәтелдеріне 
жетік, ән салып, домбыра тартатын жан болыпты. Академик Ә.Х.Марғұлан Е.А.Бөкетовке 
жазған хатында: «Қаныштың сыпайылығы, көп білуі әкесінен ауысқан қасиет. Оның әкесі 
Имантай осы күнгі университетте оқытып жүрген профессорлардың көбін үйрете алар еді. 
Ол кісі өзінің байтақ білімімен Г. Н. Потанинге-де көп көмек көрсеткен» деп айтқан екен. 
Қаныштанушы Медеу Сәрсекенің деректеріне жүгінсек, Қанекеңнің де екі әйелі болған. 
Демек, бірнеше әйел алу салты сол кездегі қыз-келіншектердің мүддесін қорғаудан 
туындаған. Ұлттық мүдде әйел адамдар бойындағы қызғаныш сезімінен жоғары тұрған. 
Тоқал алу құбылысын тек нәпсіқұмарлықпен байланыстыру сияқты сыңаржақ көзқарас, 
мәселенің ішкі мәнін терең түсінуге мүмкіндік бермесі хақ. Мұның астарында құлаққа 
әбден сіңген «қазақ байыса қатын алады» деген түсініктен шығатын мал-дәулетті шашу 
емес, көшпелі өмір қажеттілігінен туындаған текті сақтау, ұрпақ қамы, ұлт мүддесі, ел 
болашағы сияқты ұлы мұраттар жатқаны, аңғарылады. Түсінген жанға ұлт ұтылмаған 
жердегі нәрсенің бәрі ұлықтауға лайық. 
«Қарт бойында қалаш бар» 
Ой орамында мына нәрсе-де ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Ғалымдардың 
пайымдауынша, тұқымның асыл болуының көзге көп байқала бермейтін тағы бір қыры ері 
мен әйелінің жас алшақтығы. Тектілік феноменінің тағы бір құпиясы: сақарып, егде жасқа 
жетіп, ақыл-парасаты толысқан, бойынан күш-қайраты қайтпаған бабындағы еркек пен 
толықсыған жас тоқалдан көп жағдайда кемеңгер ұрпақ туатыны дәлелденген. Мұны 
дәйектейтін деректер аз емес. Бұған басқа халықтардың тарихында да мысалдар жеткілікті. 
Қытай халқының ұлы ойшылы Конфуций дүниеге келгенде әкесі 70-тің үстінде, шешесі 17 
жаста болған көрінеді. Ата қазақта «қарт бойында қалаш бар» деген мәні терең сөз бар. 
Мамандардың пікірінше, өзінен гөрі жасырақ әйелмен төсек жаңғырту егде тартқан еркек 
бойына күш-қуат беріп, оны жасартады екен. Жаһанға танымал жарқын тұлғалардың ата-
аналарының арасындағы жас айырмашылығына кезінде кеңес ғалымдарының өзі ерекше 
назар аударған болатын. Мәселен, 
Гендель (әкесі 63, шешесі 34) 
Бородин (59,24) 
Гончаров И.А. (58,27) Бальзак (53,21) 
Лондон (53,29) 
Франклин (51,39) Салтыков-Щедрин (50,25) Софья Ковалевская (49,29) Герцен А.И. 
(45,17) Чайковский П.И. (45,27) Шоу (45,28) 
І Петр (43, 19) 
Короленко (43,20) 
Шопенгауэр (39,19) 
Гете (39,17) 
Эйнштейн (32,21) 
Гоголь (32, 18) 
Лобачевский (31,19) 
Лермонтов (27,17) т.б. 


11 
(Алексахин И., Ткаченко А. «Индекс отца» // Литературная газета. 29 ноября 1972 г.) 
болып жалғаса береді. Өкінішке орай, қазақтан шыққан белгілі тұлғалардың әке-шешесінің 
жас айырмасына байланысты нақ осындай мәліметтер Отандық тарих ғылымында сирек 
кездеседі. Қазақтың және бір жазылмаған заңы — әйел күйеуден сегіз жас, еркек әйелден 
жиырма бес жас үлкен болса, қосылуға рұқсат етілмеген. Әрине, әмеңгерлік жолда мұндай 
некелік ережелер мен шектеулерге қарамайтын жайлар да болған. Сонымен, соңғы 
жылдары зерттеушілер көшпелі қазақ өмірінің қажеттілігінен туындаған полигамиялық 
отбасылық — некелік қатынастың қоғамға әкелген пайдалы, тиімді жақтарын саралауда. 
Публицист Т. Әсемқұлов: «Соғыс негізінен еркектерді жояды, яғни халықтың жыныстық 
құрамы өзгереді. Көшпенді қоғамда бұл ауытқу полигамия, яғни көп некелік заңы арқылы 
қалпына келеді. Ұлы әмеңгерлік заңының арқасында қазақ халқы жойылмай аман қалды 
десек, артық айтқандық болмас» (Әсемқұлов Т. Аштық және соғыс. Қазақ алъманағы. No 2 
(06), 2010. 227-б.),- деп жазды. Тек көпәйелалушылықтың негізінде ғана қазақ халқы сандық 
мөлшерін өсіріп жаугершілік, жұт, оба, шешек, мерез, құрт, т.б. жұқпалы кеселдер мен 
әртүрлі індеттер арқылы ойсырайтын демографиялық шығындардың орнын жауып отырды. 
Кеңес өкіметі орнағанға дейін негізінен ұлт өсімі «балағынан бала саулатқан» тоқалдар 
есебінен жүзеге асты. Өйткені, ұшы-қиырына жету үшін құстың қанаты талатын даласы бар 
Қазақ үшін ұлт өсімі қай кезде-де өзекті. Сөзімізге тұздық ретінде тағы бір мысал. Қол 
бастаған көсем, сөз бастаған шешен байбақты Сырымның атасы Шолан батырдан Есенбай, 
Түркеш, Байторы, Дат есімді төрт бала туған. Ел ішінде осы төртеуінің өсіп-өнген әулетін 
жинақтап «Төрт Шолан» деп те атайды. Осы төрт шоланның Есенбайының Зеріп деген 
тоқалынан 9 ұл, Даттың Дүрдана деген тоқалынан 9 ұл, Түркештің Кенжеқыз деген 
тоқалынан 8 ұл туған. «Төрт Шоланды байытқан үш тоқал» деген сөз осыған орай айтылған. 
Дерек ретінде Даттың балаларын атай кетуге болады. Даттың бәйбішесінен — Адамбай, 
Атанай, Жомарт туған. Ал, тоқалы Дүрданадан — Сырым (Сырлыбай), Дүйімбай, 
Жандыбай, Қалдыбай, Базарбай, Қорлыбай, Шегебай, Нұрлыбай, Барлыбай туған 
(Сейдімбек А. Көрсетілген еңбек. 633-б.). Қысқасы, көшпелі қазақ қоғамында ұлтымыздың 
демографиялық ахуалын бірнеше әйел алуға мүмкіндігі бар осындай текті тұқымдар шешті. 
Зерттеушілердің пікірінше қай заманда да демографиялық жағдайды дімкәс ұрпақ пен 
кедей халықтың үлесінен көтеру, соған сәйкес ұлттың сапасыз ұрпақпен толығуы елді 
тұйыққа апарып тіреуі мүмкін. Мәселен, Мұхаммед пайғамбар өзінің даналыққа толы бір 
хадисінде «Өзің аштан өлейін деп отырып, көп балалы болу — күнә" деп қатаң ескерткен. 
Қалай десек те, дәстүрлі қазақ қоғамындағы текті тұқымдардың тамыр жаюында көп әйел 
алушылықтың (полигамия) рөлі өте зор және бұл құбылыс жеті атасынан құт үзілмеген бай, 
қуатты, дүмді әулеттердің тарихымен тікелей байланысты. 
Қазақтың ұлы хандарының көбі тоқалдан туғандығын кезінде классик жазушы 
М.Мағауин жеріне жеткере жазған еді. Полигамиялық некеден ұлттың ұтпаса, 
ұтылмағандығын саралаған жазушының пайымын теріс түсінгендер оны сын садағына ілді. 
Ғалым Ш.Ш.Уәлихановтың жазуы бойынша ұлы бабасы Абылай ханның 12 әйелі болған. 
Осы арулардан әйгілі хан «сабы бір, қабы бөлек» 30 ұл, 40 қыз көрген. Бұл мәліметті 1781 
жылы Уәли сұлтанның ІІ Екатерина патшайымға жазған хатындағы «Абылай ханның 
артында 30 ұл қалдық" деген сөзі бекіте түседі. А. И. Левшиннің деректері бойынша «Кіші 
жүз ханы Нұралының 16–17 әйелі, оның сыртында 15 көңілдесі (кәнизагы) болған. Некелі, 
некесіз әйелдері оған 32 ұл, 33 әлде 34 қыз туып берген» екен (Левшин А. И. 
Описаниекиргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких, орд и степей. — Алматы, «Санат», 1996. 
334-б.). Ақын Абайдың ата-бабалары да жеті атасынан бақ-дәулет үзілмей ел билеген 
әділетті, бақуатты болған жандар. Рухани тұрғыдан мықты, ата-тегі жағынан текті бесіктен 
Абай шыққан. Абайдың атасы 
Тобықты руының атақты биі Өскенбай Ырғызбайұлының бес әйелі болған екен. 
«Абай» энциклопедиясында: «Зереден кейінгі төрт тоқалынан Өскенбай тоғыз ұл көрген» 
деп жазылған. Ал, өз әкесі, аға сұлтан Құнанбайдың Күңке, Ұлжан, Айғыз, Нұрғаным атты 
төрт әйелі болған. Ақын Абайдың өзінің де бірнеше әйелі болғаны белгілі. Бай, саудагер 


12 
Қорамса ұлдарының ішіндегі Арқа ән өнерінің арғымағы, алаш баласы ардақ тұтқан, Ақан 
серінің бірінші әйелі Бәтима, аз ғана уақыт отасқан жары Ұрқия сұлу, ғашық болған 
арулары, Ақтоты мен Жамал есімдері исі қазаққа белгілі. Деректерге жүгінсек, Біржан 
Қожағұлұлы, т.б. сал-серілер хақында да осылай айтуға болады. Мысалдарды тәспідей тізе 
бергеннен мәселенің мәні өзгермейді және келтірілген тарихи деректерге қарсы шығу — 
тарихи шындыққа қанжар сұғумен бірдей. Полигамиялық некеде болғаны үшін жоғарыда 
есімдері аталған майталман ұлдарын қазақтың сөккен кезі бар ма?! Демек, ұлт ұтылмаған 
жердегі нәрсенің бәрі одан төмен тұрады. 
Полигамия һәм моногамия: тәжірибе мен тағлым 
Дәстүрлі қазақ қоғамындағы көпәйелалушылықтың тағы бір сырын, нақ осы 
мәселені арнайы зерттеген Т.Қ.Бесбаев былай деп түсіндірсе: «...Әйел баласының, еркек 
кіндікті азаматқа қарағанда, биологиялық заңдылыққа сай өзінің жұбайлық міндетіне ерте 
салқындап, шау тартатындығын жасырмаған жөн. Сондықтан да ер азамат төсек 
жаңғыртуға мәжбүр болады. Таңдай қағып, тамсанатындай жаңалық емес, егде тартса да 
қауқарлы, жыныс жүйесі тегеурінді ер азаматтың кіндігінен „Алпысбай“, „Жетпісбай“, 
„Сексенбай“ есімді нәрестелер дүниеге келген», орыстың атақты, ақыны Николай Гумилев: 
«Мен білетін бір ғана шындық, ол: нағыз еркек — полигамды (көп әйелді), ал нағыз әйел — 
моногамды болуға тиіс» — деп жазған. Ал, батыстық ғалым Густав Ли Вонның: 
«Мұсылмандардың көп әйелмен некелесуі — заңды түрде бір әйелмен некелесіп, жасырын 
түрде көп әйелмен көңілдес болып жүре беретін еуропалықтардан әлдеқайда артық" 
(Жолдыбайұлы Қ. Ислам діні көп әйел алуға неліктен рұқсат еткен? 11 қараша, 2011 ж. 
http://www.muftiyat.kz) деу себебіне-де көз жіберген дұрыс. 
Алайда, ХХ ғасыр қазақ қоғамындағы отбасылық-некелік қатынастарға түбегейлі 
өзгерістер әкелді. Патша тақтан құлағаннан кейінгі кезеңде билікке ұмтылған саяси күштер 
аталған мәселеде әрқайсысы өзінше таңдау жасады. 1917 жылғы 21–26 шілдеде Орынборда 
өткен Бүкілқазақтық съезде алаш арыстары әйелдерге қатысты «екі әйел алуға бірінші 
әйелдің келісімімен рұқсат етіледі» деген қаулы қабылдаса, 20-жж. Кеңес Үкіметінің 
қалыңмал алуды жою, көпәйел алушылыққа, әмеңгерлікке тыйым салу туралы Декреті 
шықты. Сөйтіп, дәстүрлі қазақ қоғамында ғасырлар бойы қалыптасқан отбасылық 
институттың негізгі тетіктерін жоюды «біртіндеп және абайлап» жүргізген кеңестік билік 
— отарлаудың ең төте жолын болашақ некелік қатынастарды бұзудан бастады. Бұл ретте 
кеңестік моногамиялық некенің шеңберіне сыймай бұлқынған «асау» таланттардың 
(М.Әуезов, Т.Рысқұлов, М.Тынышбаев, Е.Бекмаханов, Қ.Сәтбаев, Ғ.Мүсірепов, 
Б.Момышұлы) отбасылық тағдырын еске түсірген жөн. 
Жинақтап айтсақ, ХХ ғасырдың 20-жылдарынан бастап өмірімізге енген 
моногамиялық неке уақыт өте көпәйелалушылық туралы түсініктерді көмескілендірумен 
шектелмей, осы жылдар ішінде еркек — әйелдің ешкіммен бөлісе алмайтын «жеке 
меншігіне» айналып шыға келді. Сайып келгенде, шаңырақтағы басты тұлға ер-азаматтың 
беделі бірте-бірте шайқала бастады. Француз, ағартушысы Жан-Жак Руссо бұл жайтты 
былайша қорытқан: «Билікке ұмтылған әйел күйеуінің әміршісіне айналады, ал құлға 
айналған отағасынан асқан күлкілі-де мүсәпір ешкім жоқ». Отбасы билігінен айрылып 
қалған отағасының мүшкіл халін бірнеше әйелі мен солардан тараған ұрпағының тағдырын 
құдіретті уысынан шығармаған ата-бабалармен әсте салыстыруға келмейді және аталған 
моногамиялық неке екі-үш нәрестемен шектелетін қалалық отбасылық өмірде талай 
нарқасқа еркектің бағын байлағаны ешкімге жасырын емес. Кейбір сарапшылардың 
пікірінше, шариғатқа қайшы қағидалардың қоғамға енуі аса зор құрбандықтарға әкелуде. 
Бұған табиғи тепе-теңдіктің бұзылуы нәтижесінде кәрі қыздар санының артып, қазақ 
қыздарының өмірлік серіктерін таба алмай қалып жатқандығы, жезөкшеліктің қалыпты 
жағдайға айналуы, тастанды балалар санының толассыз өсуіне байланысты жетімдер үйінің 
көбеюі, қаракөздердің басқа ұлт өкілдеріне тұрмысқа шығып, аралас некенің қоғамға 
сыналай енуі, ұлт өсімінің тежелуі, т.б. сияқты қазіргі қоғамда өткір тұрған мәселелерді 
жатқызуға болады. 


13 
Оқырман мына нәрсені дұрыс түсінгені жөн. Автор қазіргі заманда да дәл осылай 
болуы тиіс деген ойдан аулақ. Ұлы сөзіміздің негізгі өзегі ол емес. Біздің басты мақсат — 
дәстүрлі қазақ қоғамында қалыптасқан полигамиялық некелік қатынастардың көмескі 
жатқан тұстарына сәуле жүгіртіп, ата дәстүріне ұлттық мүдде тұрғысынан қарап, бабалар 
тарихын асқақтату. Тарихшы К.Нұрпейісовше айтсақ, кез-келген құбылысты бірыңғай 
мақтау не даттау ғылыми еңбекке жатпайды, нақтыласақ, қай нәрседе-де медальдың күнгейі 
мен көлеңкесі болады. Кеңес дәуірінде қалың мал, көпәйелалушылық, әмеңгерлік 
институты біржақты түсіндіріліп, отарлаушылар ұлттық құндылықтардың жағымсыз 
жағын баса насихаттауға ерекше мән берген еді. Біздіңше, көтеретін жүгі өте ауыр әрі 
айқыш-ұйқыш пікір-таласын туғызатын, күн өткен сайын шендістіре саралауды қажетсініп 
келе жатқан күрделі мәселенің екі жағын таразыға тең тартқанда басып тұратын жағы 
салмақтырақ. Бірақ, қашып құтылуы қиын тарихи шындық сол — қазақ тарихына есімдері 
алтын әріптермен қашалған алаштың небір айбоз ұлдары мен текті оғландары 
полигамиялық некенің жемісі. Бұл тұжырым әлдеқашан тарихи деректермен дәлелденген 
шындық. Бір ғажабы, әуелден қазақтың қанында, ділінде бар ескі салт қазіргі қоғамда 
оқтын-оқтын көтеріліп, су асты, ағыстарындай білінбей, ақырын жылжуда. Олай дейтініміз 
бүгінгі таңда саяси, бизнес, шығармашылық элитаның халыққа белгілі һәм беделді 
өкілдерінің арасында қанда бар көне дәстүр қайта жаңғыруда және қазірде күйеуге екінші 
не үшінші әйел боп тигендерді өз еркінен тыс барды дегенге сену қиын. 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Нұрдәулетова Б.И. Көне күннің жыр күмбезі. Алматы: Жазушы, 2007. – 494 б. 
2. Әуезов М. Абай жолы. Алматы: Жазушы,
3. Жанпейісов Е. М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының тілі. Алматы: Ғылым, 
1976. -168 б. 
4. 2018 жылғы экспедиция материалдары. Ақтау, 2018


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет