«Ұлттық ДӘСТҮР – Қазіргі қазақ руханиятының Өзегі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарының жинағы



Pdf көрінісі
бет9/37
Дата29.02.2024
өлшемі1.26 Mb.
#493209
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   37
ғylymi-maqalalar-20.06.2022-3

ӘОЖ 800 
 
М.МӘЖИТОВТІҢ «БАРЛЫБАЙ ТҮБІНДЕГІ ӘН» ПОВЕСІНДЕГІ 
МАХАМБЕТ БЕЙНЕСІ 
 
Жұмабаева Г.С. 
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Атырау қ., Қазақстан 
Аңдатпа. Мақалада күрескер ақын М.Өтемісұлы туралы жазушы М.Мәжитовтің 
«Барлыбай түбіндегі ән» повесінің тарихи деректерге құрылған мазмұны, көркемдік 
шеберлігі туралы сөз болады. Аталған шығарманың махамбеттанудағы орнына баға 
беріледі. 
Түйін сөздер: Махамбет, Барлыбай жалы, биографиялық баяндау, тарихи тұлға, 
көтеріәлісшілер, батырлар. 
ХIХ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген қаhарман батыр әрі ақын, жырау, 
күйші Махамбет Өтемісұлы туралы ұлттық әдебиетімізде көптеген көркем туындылар 
жазылған болатын. Қазақ әдебиетінің барлық жанрларында Махамбет тағдыры шығарма 
өзегіне айналды. Қазақ поэзиясында, прозасында, драматургиясында көптеген 
қаламгерлердің шығармалары дүниеге келді .Қазақ поэзиясында Ы.Шөрековтің «Исатай-
Махамбет» дастаны, Ж.Молдағалиевтің «Кек», Ж.Нәжімеденовтің «Жаңғырық», 
Ә.Кекілбаевтың «Махамбет», М.Шахановтың «Нарынқұм трагедиясы»,Ф.Оңғарсынованың 
«Алмас қылыш немесе «Махамбетпен қалай кездестім», М.Неталиевтің «Арыстан еді-
ау,Исатай» поэмалары, Қ.Бекхожиннің «Махамбет қабірінің басындағы тебіреніс» атты 
толғаулары жарыққа шықса, драматургия жанрында жазылған І.Жансүгіровтің «Исатай-
Махамбет», Б.Аманшиннің «Жақия», Ғ.Слановтың «Махамбет», М.Ақынжжановтың 
«Исатай-Махамбет»атты туындылары бар. Ғ.Слановтың 1959 ж сахналанған «Махамбет» 
атты тарихи драмасында жазушы тарихты терең ой елегінен өткізе отырып, көтеріліс 
сипатын суреттейді.Автор бұл шығармасында тарихи шындықтан ауытқымаған. Драмада 
халық санасында қалыптасып сақталған тұлға- Махамбеттің нақты да жанды бейнесі айқын 
көрінеді. Өйткені, бүгінгі күннің тарихи сабақтастығы тұрғысынан қарап суреттеген 
жалынды ақынның трагедиялық өлімі кездейсоқ ажал емес, ол сол кездегі кейбір 
кертартпалық жағдайдың құрбандығы екендігін көрсету арқылы қат-қабат қалың ойларға 
жетелейді. Пьеса төңірегінде баспасөз бетінде С.Қирабаевтың, Т.Ахтановтың мақалалары 
жарық көрді. С.Қирабаев өзінің мақаласында Ғ.Слановтың драматургия саласына бет 
бұрып, алғашқы бет алысында «Махамбет» сияқты тарихи тақырыппен ашқанын құптай 
келе, автордың театрмен бірігіп көп еңбек сіңіргенін, пьесаның бірсыпыра ширап қалған 
шығарма дей келіп, «автор Махамбет образына оның жалынды жырларын орынды 
пайдаланған. Әсіресе, «Ерулі атқа ер салмай», «Қызғыш құс» өлеңдері пьсада сіңісіп тұр. 


33 
Сол сияқты Баймағанбет, Дәуіт, Байтөре, Шернияз образдары пьесаның да, спектакльдің 
де табыстарына қосылуға лайық» десе , жазушы Т.Ахтанов өзінің «Махамбет трагедиясы 
жайында» атты мақаласында жазушының көзге түсерлік қуанышты нәрсесі сәтімен 
жасалған Махамбет бейнесі тарихи шындыққа сай, күрделі шыққанын айта келіп: 
«Махамбеттің ыстық жүрегі- ел қамы үшін күйзелген ойшылдықпен астасып жатса, 
батырлық өр қайраты – парасатты, байыпты ақылмен қабысады .Мұндай арасы алшақ 
мінездерді адамның басында ұштастыру жазушыдан үлкен шеберлікті талап етеді. Автор 
биографиялық ұсақ оқиғаға айналып, тар шеңберде қалып қоймай сол заманғы әлеуметтік 
үлкен мәселелерді кең түрде көтере білген. Бұл шығарманың аса сүйсіндіретін жағы – тілі. 
Халықтың шынайы, шұрайлы бай тілі, маржандай екшеп алынған нақыл мәтел сөздер, 
төгіліп тұрған сөз музыкасы тыңдаушының мейірін қандырады.Бұл қазақтың әдеби тіліне 
қосылған елеулі үлес» деп баға береді [1]7 Бұл шығарма Ғ.Слановтың драматургия 
саласындағы бірден-бір еңбегі. Дегенмен, жазушының жалғыз-ақ осы туындысының өзі 
драматургия жанрын сәтімен меңгергенін көрсетеді. «Өмірімде «Махамбет» атты жалғыз-
ақ пьеса жазған екенмін. Сахнада екі рет қойылғаны болмаса, әлі жарық көрген жоқ. Сонда 
да болса, оны аяулы да асыл бір перзентім санаймын» [2]. Кеңестік дәуірі кезеңінде ақын 
Қадыр Мырза-Әлидің «Жаралы жолбарыс», драматург-жазушы Берік Қорқытовтың 
«Махамбет», Иран-Ғайыптың «Махамбет» атты пьесалары дүниеге келді. Махамбет 
бейнесі проза жарнында тарлан қаламгерлер Тәкен Әлімқұловтың атақты «Қараой» 
әңгімесінде, Әнуар Әлімжановтың «Махамбеттің жебесі» атты романында, Берқайыр 
Аманшиннің «Махамбеттің тағдыры» туындысында, Қажығали Мұханбетқалиевтің «Бас 
жұтқан бас», Ә.Сарайдың «Исатай-Махамбет», Нәбиден Әбуталиевтің «Қайран Нарын», 
М.Мәжитовтың «Барлыбай түбіндегі ән» атты көркем туындыларында сомдалды. «Шын 
мәніндегі шынайы, көркем шығарманың дүниеге келуі – күллі қоғамның рухани өміріндегі, 
белгілі бір әлеуметтік ортаның парасат дүниесіндегі бүтін бір оқиға» (З.Қабдолов), – 
дегендей, жазушы М.Мәжитовтың «Барлыбай түбіндегі ән» повесінің басты кейіпкерлері 
– Исатай мен Махамбет Батырлардың Жәңгір мен орыстың генерал-губернаторларының 
бірлескен әскерінен жеңіліп, Жайықтан өтіп, Тайсойған құмына қарай бой тасалауын, сол 
қиын-қыстау бастарына іс түскен кезде пана болған қазақтың кете руынан шыққан көн 
садақты Құдайберген батыр ауылында қыстауын өте сенімді, нанымды суреттеген. Исатай 
мен Махамбеттің соңына ерген қырық сарбазды өз үйіне түсіріп, қыс бойы оларды азық-
түлікпен қамтамасыз етіп, аттарын қондырған кете Құдайберген мен оның бес ұлының 
азаматтығы – қазақтың қонақжайлығын, салты мен ғұрпына адал жомарттығын танытатын 
қасиеттер. Жазушы Махамбет бейнесін оның Құдайберген батырмен, Құдайбергеннің 
бейбішесі Тойған, Қызы Ақтолқын, Нысанбай, Тайман ақсақалдармен сұхбат-диалогы 
арқылы биіктете түскен. Повесте Махамбет пен Исатай бейнесі ғана емес, Үбі Ұсаұлы, 
Құдайберген қарттың Төлеген, Шайхы, Төлеш атты ұлдары суреттелген. Повесть
табиғатты суреттеуден басталады. «Керіліп жатқан кең жазық.Айнала аппақ қар.Шығыстан 
көтерілген жел жерге кеше ғана түскен қалың қарды тыныш жатқызар түрі жоқ, қуалай 
айдап сай-салаға тығып жатыр.Ызғарлы жел өтіне бет қарап болар емес. Қуалай соққан 
жаяу борасынға бір қырындау қырық атты кісі жортып келеді Жол бастаушысымен қырық 
бір. Жүрістері суыт.БағытттарыТайсойған құмының жиегі-ау, әйтпесе, тура құмға кіргілері 
келсе, батысқа бұрылып тіке тартар еді. Бәрінің де киімі жеңіл сияқты,қыс киімге сай емес. 
Кигендері өңшең жадағай, шекпе..Кейбіреуі белдерін тұсау жіппен буып тастапты» деген 
жолдарды оқи отырып, осыншама суықта жеңіл киіммен ұзақ жолға шыққандарына 
қарағанда өз үйі, өлең төсегінен шеттеп журген кімдер екен деп ойлайсың. Повесті әрі қарай 
оқығанда осы болжамға көз жеткіземіз. «Бәрінің де жүздері қатқыл. Жортқан жолаушыдан 
ғөрі қашқан қашқындарға ұқсай ма, қалай, астындағы аттары тым қатыңқы аш секілді» деп 
ширата түседі жазушы. «Ей,Махамбет, – деді алдағы жортып келе жатқан түлкі тымақты 
жанындағы серігіне дауыстап, – Қырық ат, қырық кісіні жаурамай, жадырап қарсы алатын 
кім бар осы өңірде? Адайлар негізінен Тайсойғанның бір қабат ішінде емес пе? Мынау 
құмды қырқа жайлағандар кете руының қыс мекені ғой деймін. 


34 

Дәл солай батыр, мен де осы жайды ойлап келемін. Не де болса 
тобымызды жазбай, кете руының осы өңірдегі беделдісі Құдайбергенге тірейік ат 
басын. Елге қадірі бар ақсақал деп естуші едік, сырт айналмас. Сірә, бұл маңдағы қолайлы 
жер сол үй болар».
Осы диалогтан бұл топтың Бөкей ордасындағы халық көтерілісінің көсемдері Исатай 
мен Махамбеттің сарбаздары екеін түсінуге болады. Жасқұста Жәңгір ханға алданып, 
генерал-губернатор Гекке әскерімен шайқаста ерлік көрсеткенмен, зеңбірек пен мылтыққа 
найза мен шоқпар қарсы тұра алушы ма еді? Сөйтіп Жайықтан өтіп, Тайсойғанға беттеген 
Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілердің кете Қүдайберген ауылына беттегенін 
жазады жазушы. Повестің экспозициясы осы жерден басталады. Көтерілісшілер 
Құдайберген ауылына бет алады. Екі-үш кун бойы ауырып жатырғанына қарамастан көпті 
көрген Құдайберген қарт құдайы қонақтарын күтіп алып, ата-баба салтымен қазан көтеріп, 
дастархан жайып, көрегендік танытады. Құдайбергеннің Исатай мен Махамбетке деген 
ықыласы батырларға деген бүкіл қазақ жұртының қолдауын танытады. Тайман қожа, 
Нысанбай ақсақалдар да көтерілісшілерді өз шаңырақтарына бөліп алып, бір қыс бойы 
паналатады. Әрине, ел болған соң сатқындар мен опасыздар да болмай қалмайтыны рас. 
Есенқұл қожа – соның дәлелі. Шығарманың шиеленісі Есенқұл қожаның көтерілісшілер 
туралы дереу ханға хабар жеткізу үшін жоспар құруы. Сонымен қатар, Исатай батырдың 
қатты ауырып қалуы. Көктем шыға Қос батыр қол астындағы сарбаздарымен жолға 
шығады. Құдайберген қарттың ауылынан он шақты жігіт көтерілісшілерге ереді. Қарт 
батырдың баласы Төлеген де бар еді. Сол кеткен күннен бастап Исатай мен Махамбет қолы 
қас қарая Барлыбай жалына жетеді. Осы Барлыбай баба басына қонған жігіттерге Махамбет 
ақын рух беріп, әйгілі «Ереуіл атқа ер салмай» жырын төгіп жібереді. «Бәрі де бір кісідей 
атқа қонды, Бойлары мұздаған жарау аттар жүріс тілеп, ауыздықтарын қарш- қарш 
шайнайды.Қып-қызыл боп ұясынан күн шықты. Ақынның таңдағы салған әнін Барлыбай 
төңірегі жаңғырықтырып қайталап тұр. Таңдағы қатқақпен жүргіншілер шоқырақтап кетті. 
Ең алдында тор төбел шұлғып барады, үстінде – Исатай», – деп суреттеген жазушы 
шығарма шешімін өте сәтті тапқан. Көтерілісшілер халық қамы үшін аттанып барады. 
Повесть эпилогпен аяқталады. Жазушы Барлыбай тамының бүгінге жетпегенін, бірақ 
Махамбеттің жырын тыңдаған құлпытастың әлі де сол бәз-баяғы қалпында тұрғанын 
айтады. Жырдың шығу тарихын Тайсойғанның көнекөз шежіре қарттарынан жазып 
алғанын айтады. Жазушы сонымен қатар повесте портрет пен мінездеу, диалог пен 
монологты көркем бейне жасау үшін шебер қолданған. Махамбеттің түр- түсін, ішкі- 
толғанысын, адамдармен қарым-қатынасын суреттеуде құлашын кеңге жайғанын көреміз. 
«Сырттан қою қара мұртты,бадана көз, орта бойлы дембелше әдемі жігіт кіріп, қарттың 
қолын алып, киімін шешті де, күні бұрын дайындалған төрдегі орнына беттеді» (76 б). 
Махамбеттің бейнесі көз алдымызға келеді. Қүдайберген ауылына жетісімен Исатай 
батырдың денсаулығы сыр берсе, Махамбеттің іші өкініш-ызыға толы болатын. 
Махамбеттің монологына көз жүгіртсек: «Әттең- ай, – деді ол, – қапыда түстік-ау ханның 
қақпанына. Шіркін, сол бойда хан ордасын тас-талқан ету керек еді. Алданып қалдық. Иә, 
дәл сондай уақыт қайталанбас», – дей келіп, көз алдына сол жайды елестетеді. «Қалы 
кілеммен көмкере жауып қызыл нарларға артқан сыйлықты алып келгендердің бірі ханның 
он екі биінің ішіндегі беделдісі Балқы емес пе?! Құс мұрын, сәл еңкіш жауырынды, өткір 
көзді, қара сөзге дес бермейтін шешен кісі. Сөзімен алдап та, арбап та алған жоқ па? 
Жыланды да арбар ол... Ақыры Исатайдың басын айналдырған жоқ па? Әттең-ай, сол түні 
Балқының әскерге хабар беруге аттанғанын кейін білдім-ау. Қайран ерлерім, қарулы 
әскерге төтеп бере алмай, босқа қырылдық. Шұрқыраған жылқы, жан ұшыра айқайлаған 
адам дауысынан құлақ тұнып еді. Кешіріңдер, бізді құрбан болған сарбаздарым. 
Кешірілместей күнәға бастсақ та, кек алуға талпынармыз. Шіркін, енді хан ордасына 
төнетін сәт болса, алдымен Балқыны іздер едім!» – деген өкінішке толы көңіл күйін 
қаламгер шебер берген. 


35 
Қорыта айтқанда, М.Мәжитовтың «Барлыбай түбіндегі ән» повесі – тарихи дерек пен 
жазушы қиялының бірлігінен жаралған тарихи тұлғаның көркем образын сомдаудағы қазақ 
әдебиетінің биік белесі, қаламгердің махамбеттануға қосқан үлесі. 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.Тарази Ә. Ірі тұлға, арналы талант. 
2. Сланов Ғ. Шығармалар жинағы.Т.YI том. – Алматы: Жазушы,1981. - 359 б 
3. Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы: Қазақ университеті,1992. - 352 б 
4. Маратов М. Аманғали. Өлке, 2010 ж. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет