«Ұлттың Ұлы ұстазы». Адамдық диқаншысы қырға шықтым



бет6/13
Дата29.02.2024
өлшемі0.99 Mb.
#493304
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Ахмет -ұлт ұстазы

Ахмет Байтұрсынұлы- ақын және мықты ақын. Оның өлеңдері “Қырық мысал” , “Маса”, “Үзік” деген аттармен 1912 жылдан 1922 жылға дейін бірнеше рет жарияланған. “Масаға” енген өлеңдер қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, қазақты шағуға дайын тұрған жылан. Оның иесі аяқтары ұзын, сары маса болып ызыңдап, ұйықтап жатқан халқын оятпақшы.

Ызыңдап ұшқан мынау біздің сары маса,

Сап- сары аяқтары ұзын маса,

Өзіне біткен түсі өзгерілмес,

Дегенмен қара яки қызыл маса.

Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,

Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша.

Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,

Қоймастан құлағына ызыңдаса?

Қазақ қоғамына рухани тәрбие беруде рөлі өлшеусіз және бүгінгі күні де осы қуатынан айрылмаған осы кітапшаға бағаны қазақтың ұлы ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың сөзімен бергеніміз жөн болар.

Қазақ қоғамына рухани тәрбие беруде рөлі өлшеусіз және бүгінгі күні де осы қуатынан айрылмаған осы кітапшаға бағаны қазақтың ұлы ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың сөзімен бергеніміз жөн болар.

Көркем сөз оқушы: Сұлтанмахмұт бір үйге келіп отырып: “Оқитын кітаптарың бар ма деп сұрағанда, оған үй иесі: “Маса” дейтін бірді айтып бірге кететін бір қиссамыз бар”,- деп, қолына Ахаңның кітабын беріпті. Соған назаланған Сұлтанмахмұт “Тұтқындағы Байтұрсынның “Масасына” деген өлеңін жазған екен /1914 ж/. Онда мынадай жолдар бар:

…Бағың жоқ көр соқырдың көзі алдында,

Мұңыңды жылап шақшы өз алдыма:

Гауһар тұрсын, айырып алтыныңды,

Аузына керек тас деп бір алды ма?

Өткірсің наркескеннің алмасындай,

Жүйріксің “полный ходтың” арбасындай.

Сен сұңқар, көңілі соқыр сенімен қас,

Өзінің болмады деп қарғасындай…

Сұлтанмахмұттың осындай бағасынан кейін “Маса” жинағына қандай да болмасын пікір айтудың өзі артық болардай! Қалай да халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету жолдарын іздеген ақын ұлы Абай тапқан соқпақ орыс әдебиеті үлгілерін пайдалану, аударма жасау дәстүріне мойынсұнады. И. А. Крылов туындыларын аударып, “Қырық мысал” деген атпен 1909 жылы Петербургте бастырып шығарды. Мысалдарда әр түрлі аңдар, әр түрлі адамдар кейпінен хабар беріп, ишара тұжырым жасалады. Кісілердің мінезі, өмір ағысы, тағдыр сабағы, заман қабағына қатысты көптеген жайттарды, әсіресе, патша отаршыларының зорлық- зомбылығы, жуандардың, байлардың тепкісі, елдің азып- тозуына байланысты сарындарды А. Байтұрсынұлы жұмбақтап, тұспалдап жеткізеді. Кейде ашық, дәл айтылатын ойлар да бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет