«Ұлттың Ұлы ұстазы». Адамдық диқаншысы қырға шықтым


Қарап тұр терезеден күн сығалап,-



бет8/13
Дата29.02.2024
өлшемі0.99 Mb.
#493304
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Ахмет -ұлт ұстазы

Қарап тұр терезеден күн сығалап,-

деген өлең шумақтарымен балаларды мектепке оқуға шақырды

Осы мақсатта ол Иван Андреевич Крылов туындыларын аударып, “Қырық мысал” деген атпен бастырып шығады. Бұл жинақ “Замандастарыма” деген кіріспемен басталады. Онда Ахмет Байтұрсынов аударманың мән- мақсаты, дәуір дүбіріне ілесу ниеті, қиындық жағдайларда орындағаны туралы айтады.

Осы мақсатта ол Иван Андреевич Крылов туындыларын аударып, “Қырық мысал” деген атпен бастырып шығады. Бұл жинақ “Замандастарыма” деген кіріспемен басталады. Онда Ахмет Байтұрсынов аударманың мән- мақсаты, дәуір дүбіріне ілесу ниеті, қиындық жағдайларда орындағаны туралы айтады.

Орыстың тәржіма еттім мысалдарын,

Әзірге қолдан келген осы барым.

Қанағат азға деген, жоққа сабыр,

Қомсынып, қоңырайма, құрбыларым.

Бабы жоқ жұмыстағы мен бір арық,

Күн қайда үздік шығар топты жарып.

Ат тұрмас аяғында желі болса,

Дүсірлеп шапса біреу қиқу салып.

Бар болса сондай жүйрік қызар деймін,

Естілсе құлағына дүбір барып,

Әйтпесе арық шауып оңдыра ма,

Жүргенде қамыт басып, қажып- талып.

Аудармалардағы әр түрлі аңдар түрлі адамдарды бейнелейді. Адамдардың мінезі, патша отаршыларының, байлардың зорлық- зомбылығын Ахмет Байтұрсынов жұмбақтап, тұспалдап жеткізеді.

А. Байтұрсыновтың туған заманында өскен, әліпбиі мен оқу құралдарын оқып, сол ғылыми еңбектерінің арқасында көздерін ашқан кісілердің бәрі Ахаңның атын, халқы үшін сіңірген еңбегін ұмытқан жоқ. Торғай өлкесінің төтенше комиссары Әліби Тоғжанұлы Жангелдинмен, Торғай уезінің әскери комиссары Амангелді Имановпен бірге қызмет атқарып, Ленинге бірінші рет барып, көзбе-көз отырып сөйлескен, қазақтың автономиялы республика болуы туралы көп еңбек сіңіргені бүгінгі күндері енді-енді ауызға алына бастады. Ахаңды неге кеш таныдық? Бұл сұрақтарға жауап беру үшін Ахаң туралы ақиқаттарды, оның өскен ортасын, елін- Торғай уезін, Тосын болысын, Сарытүбек ауылын еске түсіріп, хх ғасырдың бас кезіне оралайық...



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет