А. Байтұрсыновтың туған заманында өскен, әліпбиі мен оқу құралдарын оқып, сол ғылыми еңбектерінің арқасында көздерін ашқан кісілердің бәрі Ахаңның атын, халқы үшін сіңірген еңбегін ұмытқан жоқ. Торғай өлкесінің төтенше комиссары Әліби Тоғжанұлы Жангелдинмен, Торғай уезінің әскери комиссары Амангелді Имановпен бірге қызмет атқарып, Ленинге бірінші рет барып, көзбе-көз отырып сөйлескен, қазақтың автономиялы республика болуы туралы көп еңбек сіңіргені бүгінгі күндері енді-енді ауызға алына бастады. Ахаңды неге кеш таныдық? Бұл сұрақтарға жауап беру үшін Ахаң туралы ақиқаттарды, оның өскен ортасын, елін- Торғай уезін, Тосын болысын, Сарытүбек ауылын еске түсіріп, хх ғасырдың бас кезіне оралайық... 1873 жылы 18 қаңтар айында Торғай уезіне қарасты Тосын болысының 5 ауылында, Сарытүбек деген жерде Байтұрсын Шошақұлының шаңырағында Ахмет Байтұрсынұлы дүниеге келді. Арғы атасы Үмбетай батырдың ұрпағы Ахмет бір мүшелге толмастан тірі жетім боп ерте есейді. Әкесі Байтұрсын турашыл, әрі осы мінезімен жергілікті әкімдерге ғана емес, сұлтан, ояздарға да «жақпайды». Анасы Күңше - өжет, ел сыртынан «Сары уезд» деп атайтын. Әкесінің інісі Ерғазының көмегімен Ахмет 1886 жылы Торғайдағы екі сыныптық орыс - қазақ училищесіне түседі. Бертін келе Ерғазы қайтыс болған соң да Ахмет қинала жүріп оқуын тәмамдайды. Өз бетімен білімін жетілдіру жолында көптеген қиындықтарды көре жүріп Орынбордағы 1891-1895 жылдары қырғыз- қазақ мұғалімдер мектмектебін бітіріп шығады. Шығыс пен Батыстың рухани мәдениетін жетік игеріп, соның арқасында «Мәдениет тарихы» атты кітап жазды. Ағартушылық жолында Ахмет Ақтөбе уезінің Батпақты болысында, Қарқаралы уезімен Қостанай қалаларында, ауылдық, облыстық мектептерде, екі сыныптық орыс-қазақ училищелерінде қызмет етеді. Ағартушылық жолында Ахмет Ақтөбе уезінің Батпақты болысында, Қарқаралы уезімен Қостанай қалаларында, ауылдық, облыстық мектептерде, екі сыныптық орыс-қазақ училищелерінде қызмет етеді. Әкесінен ерте айырылып, көп қиындық көрген Ахмет: Оқ тиіп он үшімде ой түсірген,
Достарыңызбен бөлісу: |